Кассациялық сотқа өтінішхат берудің тәртібі

18Азаматтар кассациялық алқаға өтінішхат түсіргенде заңгердің не болмаса қорғаушының көмегіне жүгініп жатады. Біз осынау құжаттарды кез-келген азаматтың өзі-ақ толтыруына болатынын айтқымыз келеді. 

ҚР Бас прокуратурасы бекіткен үлгіге орай, кез-келген өтінішхатты толтырғанда ең алдымен оның кімге жолданатынын, лауазымы мен тегін, аты-жөнін, әкесінің атын көрсеткен жөн. Сондай-ақ, өтінішхатты толтырып жатқан азамат өзі туралы мәліметтерді жазып көрсетеді. Мекенжайы мен байланыс номерін де қосып жазуы тиіс. Азаматтың ЖСН мен электронды поштасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша кассациялық наразылық келтіру себебі өтінішхатта көрсетіледі. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлға, жәбірленуші немесе оның заңды өкілі құқық бұзушылық істің қай сотта қаралғанын, қандай жаза тағайындалғанын нақтылайды. Облыстық не болмаса аудандық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен бірінші сатылы соттың сот актісі уәкілетті органның лауазымды тұлғасының қаулысының қай тұстарымен келіспейтінін көрсетеді. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы, өтініш берушінің дәлелдері келтірілуі керек. Қосымша сот актілерінің көшірмелері, уәкілетті органның қаулысы, өтінішхат уәждерінің негіздігін растайтын материалдар қоса тігіледі.
Еске салайық, өтінішхатты электрондық құжат нысанында беру кезінде оны беруші адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Мұндай өтінішхатқа құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Өтінішхатты өкіл берген кезінде тиісті түрде рәсімделген сенімхатты, ордерді (адвокаттар үшін) өкілдікті жүзеге асыруға тапсырманы да (кәсіби одақтар мен басқа ұйымдардың өкілдеріне, процеске қатысушыларға) беруі қажет.

Г. Темірбаева,
ОҚО прокурорының
аға көмекшісі

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *