Көктемгі күннің ыстығынан сақтан!

999999Оңтүстікте көктемнің ыстық күнінің өзі денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатады. Күрт көтерілген температура әсіресе, егде адамдарға, қант диабеті және жүректе сырқаты бар науқастарға ауыр тиеді. Бұдан бөлек, күннің астында ұзақ жүргенде, спирттік ішімдіктер ішкенде, ағзада микроэлементтер жетіспегенде де күн тез өтеді. Аптап ыстыққа қарамай жаттығу жасағанда, жұмыс орны ыстық болғанда да дертке шалдығу қауіптілігі басым.
Күн өтудің клиникалық белгілері мынадай:
— Бірден адамның басы айналады;
— Басы ауырып, жүрегі айниды;
— Құсады;
— Жүрек соғысы күшейіп, тамыр соғысы артады;
— Тер бөлінуі тоқтап, терісі құрғайды;
— Бұлшықеттері тартылып, есінен танады.
Науқастан осы белгілерді байқағанда:
— Оны көлеңкелі жерге жеткізіп, салқындау орынға жайғастырады.
— Үйде болса, науқастың киімін шешіп, салқын суға батырылған сүлгіні денесіне жабады.
— Маңдайына салқын сүлгімен компресс жасайды. Не болмаса мұз басады.
— Егер науқас есін білсе, салқын су ішкізеді.
Күн өтуден сақтанудың жолы:
Ашық түсті жеңіл киімдер кию – бірінші кезектегі мәселе. Себебі, күн ыстықта адам ыңғайлы жүргені дұрыс. Содан соң міндетті түрде күннен қорғануда бас киім немесе қолшатыр ұстаңыз. Жылдың өзге мезгілдеріне қарағанда көктем-жазда суды молынан ішкен жөн. Бұл мезгілдерде ағзаға күніне кемінде 2 литр су қажет. Майлы және ащы тағамдар ағзадағы суды азайтады. Сондықтан, жеңіл азықтармен тамақтануға тырысыңыз. Ең бастысы, күндізгі 11:00-16:00 сағат аралығындағы күн көзінен сақтаныңыз.

 

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *