Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жастарымен кездесуінің бірінде «ХХІ ғасырды тек глобалды бетбұрыстар дәуірі ғана емес, талантты және белсенді жастардың уақыты деп білеміз. Біздің елдің болашағы сендерсіңдер. Біздің алдымызда ұлы мақсаттар тұр. Ал армандар тек оларға ұмтылған кезде орындалады. Сіздердің күштеріңіздің, ынтымақтарыңыздың, мақсатшылдықтарыңыз бен таланттарыңыздың ХХІ ғасырда Қазақстанды күшті және гүлденген елге айналуына жетелейтіндігіне сенемін. Мемлекет болашағы — жастар болса, олардың амандығы, сауаттылығы және құқықтық білімі жоғары болғаны абзал», — деген болатын.

№48 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының өкілі Дәурен Бекенбаев 8-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге мектеп директоры Байболатова Ақмарал Каналқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Замира Әлімжанқызы қатысты. Кездесу барысында Д.Бекенбаев баяндама жасап, бүгінгі таңда, яғни 2016 жылы ОҚО кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған сотымен 385 кәмелетке толмағанға қатысты әкімшілік істер қаралып, нәтижесімен олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әлі де болса түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, ата-ананың ертіп жүруінсіз жүрген балалардың рейд барысында ұсталып отырғанын, ата-аналар тарапынан балаларына қадағалаудың төмен екенін айта келіп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің кейбір баптарына тоқталып, түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сай кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығы үшін олардың ата-аналары жауапты болатынын, ал 16 жасқа толған жасөспірімдер үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін айтты.

Кездесу барысында оқушылар Абай ауданы прокуратурасының өкіліне сұрақтар беріп, толыққанды жауаптар алды.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, жастарымыз елдің болашағын ойлайтын, адал да парасатты азаматтар болып өскені абзал. Сондықтан жастарымызға білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етсек, еңбегіміз еш кетпес.

Ерғали МАМЕШОВ,

№48 жалпы орта мектебінің мұғалімі

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *