Күнге қуырылып қалмаңыз

1111Күн сәулесінің адам ағзасына пайдасы жайында жиі айтылады. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен зат алмасу мен қан айналым жақсарады. Ол бактерияларды жояды әрі терідегі саңырауқұлақты аурулардың микробын жоюға көмегі тиеді. Ағза үшін ең қажетті  Д дәруменін адам күн сәулесінен алады. Сондай-ақ, күнге күю арқылы терлегіштік, безеу секілді ауруларды емдеуге болады. Жаз айларында күнге қыздырынып денсаулығын жақсартуға тырысатындар көп. Дегенмен, күнге қыздырынудың талап-ережелерін сақтамаса дерматит, есекжем, күн өту, терінің қатерлі ісігі секілді қауіпті ауруларға жол беруіңіз әбден мүмкін.

Кімдер күнге тез күйеді?

— Күнге күю — күн сәулесінің әсерінен ағзада меленин пигменті көбейеді деген сөз. Меленин пигменті көбейгенде тері қоңыр түске «боялады». Ультракүлгін сәулені шамадан тыс алып қойғанда теріге зақым келеді. Әрбір адамның күн сәуелісінен қорғанатын «табиғи қорғаныс күштері» бар. Ол біреуінде күштірек, екіншілерінде әлсіз. Сондықтан да терінің фитотипіне қарап, күннен қорғану керек, — дейді «Эстетикалық медициналық орталықтың» дерматолог-косметологы Алма Сағатқызы. әркім мына ережеге арқылы күннен келетін ультракүлгін сәуледен қорғануы тиіс:

I фототипке жататындар: көгілдір көзді сары шашты немесе жирен шаштылар. Олардың терісінің түсі аққұба әрі жұқа, секпілге бейім, сезімтал болғандықтан күнге қыздырынуына мүлдем болмайды.
II фототипке жататындар: сары, жирен шашты қой немесе көк көзді, терісі секпілді жандар күн астында 20-40 минут аралығында-ақ күн сәулесін қабылдай бастайды.
III фототипке жататындар: қой көзді сарғылт немесе күңгірт-сары шаштылар күюі күн астында 1-2 сағат отырғаннан кейін басталады.
IV фототипке жататындар: терісі қара, зәйтүн түстес, қой көзді, қара шаштыларда секпіл болмайды. Әрі бұл типтегілер күнге жеңіл әрі тез күйеді. Дегенмен, оларға күн сәулесінен келетін қауіп жоқ.

Жүктілік кезінде күнге қыздырынбайды

— Күнге дұрыс қыздырынбаса, псориаз дертінің бір түрі екіншісіне өтіп кетуі мүмкін. Сол секілді жүктілік кезінде ағза шамадан тыс ультракүлгін сәулесін өткізіп алса, әсіресе эстроген гормоны көбейіп кетеді. Бұның нәтижесінде мұрын және маңдайда қара дақтар пайда болады. Қара дақтар теріде өмір бойы қалып қоюы мүмкін, — дейді дерматолог-косметолог. Күн көзінен өзін аулақ ұстауға мәжбүр қылатын ауру түрлері көп. Соның ішінде мына ауруларда күн көзіне мүлдем қыздырынуға болмайды:

I-II фототипке жататындарға;
Байланыстырушы тіндерде кеселі бар науқастарға;
Қатерлі ісік дертіне шалдыққандарға;
Қатерлі ісік ауруларынан кейін химиотерпия алған соң;
Антибиотик қабылдағаннан кейін;
Қауіпті топқа жататын қал, мең болғанда.

Қалай сақтанамыз?

11-2Алма Суранчиева,
Эстетикалық медициналық орталығының дерматолог-косметологы:

Ультракүлгін сәуле – теріні қартайтатын негізгі факторлардың бірі. Сол себепті, күннің астында ұзақ жүру теріні ерте қартайтады. Соңғы зерттеулер, осы сәуленің тері жасушаларына еніп, оны зақымдайтындығын анықтады. Осыны ескере отырып, жаз айларында әркім денсаулығының жағдайына қарап, терісін күн сәулесінен қорғап жүруі тиіс. Күннен келетін қауіп, одан туындайтын аурулардың алдын алатын бірден-бір тәсілі -күннен қорғайтын кремдер. Егер күнге қыздырынғысы келсе, оның ережелерін білгені абзал.

 

Алма Сағатқызы өңіріміз жылы аумаққа жататындықтан теріні ультракүлгін сәуледен тіпті қыс айларының өзінде қорғау керектігін айтады. Өйткені, қыс мезгілінде өзге аймақтарға қарағанда бізге күн сәулесі көбірек бөлінеді екен. Күн сәулесінен сақтанудың бірден-бір жолы – күннен қорғайтын кремді қолдану. Бұл әсіресе, I-III фототипке жататындарға қатысты кеңес. Ол үшін арнайы SPF10,20,30,50 деген кремдер бар. Оны пайдаланғанда терінің күнге күю деңгейі төмендейді. Мамандардың айтуынша, ең пайдалысы — таңертең ертемен күнге қыздырыну. Сағат күндізгі 11-12 күн сәулесінің қызған уақыты. Күнге қыздырынғанның жөні осы екен деп тал түсте ыстық құм үстінде жатуға мүлдем болмайды. Бұл өз денсаулығыңызға өзіңіз қастандық жасағанмен бірдей. Негізінен күнге қыздырынуға ең қолайлысы — таңертеңгілік сағат 9-12 арасы және кешкі 17-ден кейінгі уақыт.

Жұлдыз-жорамал

8 маусым: Иммундық жүйенің әлсіздігінен инфекциялық ауруларға шалдығу қауіптілігі басым. Моншаға бару және алкоголді ішімдіктерді ішуден аулақ болыңыз. Бұл диабетпен ауыратын науқастар үшін маңызды.
9 маусым: жүкті әйелдер үшін сақ болатын күн. Мүмкіндігінше олар тыныш орындарда демалғаны дұрыс.
10 маусым: белсенді түрде демалыс ұйымдастырып жіберуе болады. Дегенмен, зәр шығару жүйесіндегі аурулардан сақ болыңыз.
11 маусым: денеге артық салмақ салудың қажеті жоқ. Темекі тарту мен спирттік ішімдік қолдануды тоқтатқан дұрыс секілді. Стоматолог-дәрігерге көрінуге де ыңғайлы күн.
12 маусым: жұлдызшылар бұл күнді демалысқа арнауға кеңес береді. Тыныс алу жаттығуларына да ыңғайлы уақыт. Себебі, құрсақ мүшелеріне төнетін қауіптілік басым.
13 маусым: ашығу немесе таза ауамен емделуге жақсы әсер беретін күн. Дәрі-дәрмек қабылдауда абай болыңыз.
14 маусым: асқорыту, көз және аяқ ауруларының қозатын күні. Егер тіс жұлдыруға ниет етсеңіз, оны кейінге қалдырыңыз.
15 маусым: имммундық жүйесінің халі төмен. Бұл күні ота жасатуға. Дантистке жазылуға қолайлы күн емес.

Дайындаған —
Айгүл Керімбайқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *