Күн ыстықта қарақұрт құтырады

10Облысымызда бір айдың ішінде қарақұрт шаққан 11 адам ауруханаға түскен. Оның екеуі – балалар. Қарақұрттың уы ысылдағыш улы жыланның уынан 15 есе күшті. Басқа өрмекшілерден айырмашылығы бүйірінде қызыл дақтары болады. Бір қызығы, қарақұрт шаққанда ауырсыну сезілмейді. Шаққаны білінбеуі де мүмкін. Алғашқы 15 минут пен 6 сағат арасында мынадай белгілері байқалады:
— Науқастың денесі құрысып, аяғы тартылады;
— Басы ауырып, жүрегі жиі соғады.
— Ентігіп, тілі күрмеледі.
— Ауыр жағдайында адам есінен танып, әл-дәрмені қалмайды.
Мұнда ең бастысы, науқастың бойына удың тарап кетпеуі үшін,көп қимылдатпайды. Жәндік шаққан орындағы уды ауызбен сорып алуға болады. Тек ол кезде ауыз қуысында тіс жегі, ауыздың уылуы, пародонтит, өзге де жарақат болмасын. Алғашқы көмек көрсетіп болған соң ауыз қуысын сумен шаяды. Мұзбен компресс жасап, науқасқа сұйықты (ыстық) көбірек, бірақ аз-аздан ішкізеді. Бұлшықеттері тартылып, денесі тоңатындықтан науқастың аяғына жылытқы басады. Өрмекші шаққан соң 2-3 минуттан кейін сол орынды сіріңкемен күйдіру де жақсы нәтиже беретін әдіс.
Теріні кесуге, у жайылып кетпеуі үшін аяқ-қолын байлауға және спирттік ішімдік беруге мүлдем болмайды. Медицинада латродектизм деген термин бар. Бұл — адамның бет-әлпетінің түгел өзгеруі. Яғни, қарақұрт шаққандағы аурудың ең соңғы сатысы осы. Жаз айларында улы жәндіктің шағуынан өлім-жітім жиі кездеседі. Сол себепті, дер кезінде ақ халаттылардың көмегін алуға әркет жасау керек.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *