Ит қапқандар көбейді

9999999Өңіріміздің ақ халаттылары иесіз қаңғырып жүрген ит-мысықтардан сақ болуға шақырады. Себебі, жыл басынан бері құтырудың зардабынан 3 адам көз жұмып, Шымқалада 2300-ден астам адамды ит тістеген. Соңғы оқиғаның бірінде «Жабық» базардың айналасында жүрген қаңғыбас ит жол бойында кетіп бара жатқан жолаушыны тістеген. Ветеринар-мамандар итті тексергенде, құтырған болып шықты. Науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аурудың алдын алды. Дегенмен, құтырудан келер қауіп азаймай отыр. Өйткені, құтырған жануардың сілекейінің денеге тиюінің өзі адам өміріне қатер төндіреді екен. Олай болса, ит-мысық тістегенде немесе жақыныңыз осы жағдайда тап болғанда қандай мәселелерді ескеру керектігін біле жүріңіз. Бұл кеңестер жақыныңыздың өмірін сақтауға көмектесуі мүмкін

Ит тістеген адамның күтімі

Құтыру – жүйке жүйелерін зақымдайтын вирустық ауру. Ол адамдарға жан-жануарлардың тісінен немесе шырышты қабыққа, сондай-ақ терінің зақымданған жеріне олардың сілекейі тигеннен жұғады. Құтырудың зардабының соңы дер кезінде ем алмаса ажал құштырады. Сондықтан, ит тістеп алғанда дер кезінде медициналық көмек алуға асығу қажет. Ит тістеген сәтте-ақ дәрігерге қаралыңыз. Бір күн кешігудің өзі өлімге соқтырады. Аурудан сақтайтын бірден-бір жол – ВАКЦИНА. Дәрігерлер бұл жағдайда аурудың алдын алуда вакцина салады. Егер тістеген ит белгілі (иесі бар) болса, вакцина дәрігерге қаралған сәтте, сосын 1,3,7 күндері салынады. Итте құтыру белгілері болмаса, екпе тоқтатылады. Ал, ветеринар-дәрігерлер иттен құтыру қоздырғыштарын анықтаса, дәрігер көмегіне жүгінген уақытта және 3,7,14,30,90 күні яғни, 3 айда 6 рет екпе жасалады. Екпенің науқасқа дұрыс әсер етуі үшін дәрігер ұсынған нұқсаулық пен өзге де кеңестерін орындамаса, әсері болмайды. Сондықтан, ит тістеген науқас екпе жасатқан соң мына нұсқаулықтарды орындауы тиіс.
1. Дәрігер ұсынған нұсқаулықты толық орындау қажет.
2. Екпе жасатқанда науқас арнайы диета ұстайды.
3. Спирттік ішімдік ішуге және темекі шегуге тиым салынады.
4. Жылқы еті және оның етінен дайындалған тағамдарды жеуге мүлдем болмайды. Сондай-ақ, қымыз ішуге рұқсат етілмейді.
5. Цитрусты жемістер жемейді.
6. Жұмыртқаның сарыуызын жемейді.
7. Ауыр жұмыстар істеуге болмайды.
8.Науқастың күнге қыз-дырынуына, күн астында ұзақ жүруіне шектеу қойылады.
9. Сол секілді, салқындауына да жол берілмейді. Яғни, жылы жүруі тиіс.
Ақ халаттылар ВАКЦИНАНЫҢ тиімділігін осы нұсқаулықты орындағанда ғана оңды әсер беретіндігін ескертеді.

Жануардың сілекейінің өзі қауіпті

Қаламыздың тұрғыны Виктор Юрченконы да қаңғыбас ит тістеген. Алайда, бұл азамат тістеген итті сол мезетте пышақтап өлтірген. Зардап шегуші ауласында жүрген иесіз иттің бұған дейін ешкімге залалы тимегендігін айтады. Дегенмен, мамандар тістеген немесе қапқан жануарды тез арада дертке сараптама жасатуға апару керектігін ескеретеді. Сондай-ақ, құтырған итте мынадай белгілер байқалады:
* Бұрын егесінің көзіне жиі түсуге тырысса, қоздырғышты жұқтырғанда тығылып жатады.
* Бір түрлі күйге түседі, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
* Не болмаса жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін;
* Аузы көбіктенеді, ішіп-жей алмайды;
* Хайуан 5-7 күн аралығында өледі.
Ең дұрысы, құтырудан сақтануда үйдегі жануарларды жылына бір рет тексертіп тұру қажет. Қаңғыбас ит демекші, көшеде жүргенде абай болған жөн. Әсіресе, «Жабық» базар аумағындағы иесіз жүрген ит-мысықтардың бүгінде адамдардың өміріне қауіп төндіріп жатқандығын айтып, дәрігерлер дабыл қағуда.

Ит тістегенде…
Жануарлар жарақаттағанда бірінші кезекте жедел жәрдем шақырту қажет. Көмек жетем дегенше жарақатты орынды ғана емес, айналасының өзін сабынды сумен (кір сабын) бірнеше рет жуады. Содан кейін спиртпен зарарсыздандырады. Радиолог-дәрігер Мұхан Әбдіразақұлының айтуынша, ит қапқаннан соң науқас кемінде 72 сағат аралығында дәрігерлік көмек алуы тиіс. Өйткені, дерт қоздырғышы осы уақыт ішінде жарақат айналасында тұрады да, сосын барып жүйке жүйесіне қарай жылжиды екен.
Дертке шалдыққан науқасты емдеу тегін. Яғни, вакцианны дер кезінде ектіру – адам өмірін ажалдан арашалайды. Айталық, өткен жылы Шымкент амбулоториялық хирургия, травматология және гинекология орталығына дер кезінде қаралып, вакцина ектірген 40 науқас ауруынан толық айығып, жазылған. Науқасқа б мекемеде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіледі. Вакцина да жеткілікті.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

999Эльмира САУЛЕНБАЕВА,
№2 қалалық емхананың терапия бөлімінің меңерушісі:

— «Жабық» базар аумағында қаңғыбас иттер өте көп. Олар бір-бірімен төбелесіп жатады. Ал, сауда орнынан жан-жақтан адамдар көптеп келеді. Қаламыздың бір тұрғынын сол жерде иесіз ит тістеген. Мамандардың көмегімен тез арада жануарды тапты. Одан аурудың қоздырғышы табылды. Қазір науқас біздің бақылауымызда. Дер кезінде дәрігерлік көмек алды. Дәл қазіргі ит қауып, шағымданып жатқан науқастар аз емес. Сондықтан, күдікті деген ит-мысық жанасқан күннің өзінде тексерілуден өтуге кеңес береміз. Құтырған жануардың жүріп өткен жолындағы қалған сілекейді өзінен қоздырғыштар жұғады.

9999Мұхан ӨТКЕЕВ,
Шымкент амбулоториялық хирургия, травматология және гинекология орталығы радиология бөлімінің меңгерушісі:

— Өткен жылдың дәл осы мезгілмен салыстырғанда ит тістеген науқастар саны күрт артты.  Өткен жылы жыл соңына дейін 4500 науқасқа медициналық көмек көрсетілсе, ал жыл басынан бері 2300-ге жуық адамды ит тістеген. Жануарлардан жарақаттанып жатқандардың дерлігін ит тістеген. Олардың 80-90 пайызының иесі бар. Қазіргі проблема қала тұрғындары жануарды ұстау ережелерін орындаса екен. Олар дер кезінде ауруға қарсы екпе жасата, қауіптілік азаяр еді. Және де ит тістеген соң иелері жануарды мамандарға сараптама жасатуға асықпайтындығында. Мұнда науқастың өмірі бар екендігін ұмытпаса екен дейміз.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *