Геологтар жайлы айтайық

 

 

Осынау көктем келіп тіршілік атаулы, жаңа тыныс ала бастаған сәтте Ұлыстың ұлы күні, бүкіл мұсылман әлемі Наурыз мейрамын үлкен қуанышпен, келешекке үлкен жақсы үмітпен қарсы алып тойлаған соң, артынша-ақ сәуірдің алғашқы демалыс күні «Геологтар күні» мерекесі де өтті.Тарихқа үңілсек Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, азаматтық және өндірістік құрылыстың дамуына «Гидрогеология» мен «Инженерлік геология» ғылымының қосқан үлесі орасан зор. Ауыз су мәселесі, жер бетіндегі егістіктерді суаруға, су жетіспеген аймақтарда суды іздеп, барлап, жер бетіндегі халықтың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығына пайдалануына шығарып беретінін біреу білсе, біреу білмейді. ОҚО кей елді-мекендерді әлі күнге дейін таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мәселесі түгелдей шешілмей отырғаны баршаға аян. Аталған мәселені шешу жолында «Гидрогеология» мамандарының атқаратын қызметі орасан зор.

Ал, «Инженерная геология» мамандары құрылыс салу алдындағы инженерлік геологиялық барлау, жұмыстарын жүргізеді. Осы сапалы барлаудың арқасында қаламызда салынып жатқан ғимараттардың сапасы артып халыққа қауіпсіз қызмет ету мерзімі ұлғаяды.

Президентіміз Н.А.Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында техникалық мамандықтарға қазір көп көңіл бөлініп, қазақ жастарын техникалық мамандықтарды меңгеруге шақырды. Қазақстан Республикасы алғашқы құрылған жылдары геологиялық барлауға қаржы жетпей біраз жыл барлау жұмысы баяулап қалды. Қазіргі таңда Елбасымыздың тікелей араласуымен геологиялық, геофизикалық барлау жұмыстарына үлкен қаржылар бөлінуде. Жер астынан шығып жатқан барлық кен орны байлықтарымыздың (алтын, күміс,мыс, цинк,аллюминий, металл көмір, мұнай, газ, су т.б.) барлығы да осы гидрогеологиялық, геологиялық, геофизикалық барлау жұмыстарының арқасында табылып отыр. Өнеркәсібі, мал мен ауыл шаруашылығы дамыған және облыс әкімі Ж.Түймебаевтың іскерлігінің арқасында, орта, кіші бизнесті дамытудағы істеп жатқан игі істері, соның ішінде мал еті, құс еті, жеміс-жидек өнімдерінің көбеюіне атсалысып жатқан істері халық көңілінен шығуда.

Осы жұмыстарды дамытуда гидрогеология мен инженерлік геологияның қосатын үлесі мол, себебі осы жұмыстардың жақсы дамуына бірінші — су, екінші — инженерлік құрылыс керек. «Әкім болдың халқыңа жақын болдың» — деп осы әкімімізді айтуға болады.Тағы айта кететін жайт, Шымкент қаласында үлкен көлемде салынып жатқан азаматтық, өнеркәсіптік құрылыс. Бұл салада да ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Қаламыз жылдан жылға үлкейіп гүлденуде. Осы салаға мамандар дайындау мақсатында, 2000 жылдары, келешекті дұрыс болжап, техникалық ғылым кандидаты, көрнекті ғалым, ұстаз Т.Қолдасов ағамыз «Техникалық колледжін» ашып, Оңтүстік өңіріне және Қазақстан Республика аумағына техник-гидрогеолог, техник-инженер-геолог, техник-геофизик, мұнай-газ, саласында білікті орта буын мамандарын дайындауда өз үлесін қосып келеді.

Қазіргі таңда, ұлағатты ұзтаз, білікті басшы Ж. Сыздықованың басшылығымен ұжымда өз істерінің шебері, өз мамандықтарын жіті меңгерген, әрі өндірістік тәжірибесі бар, жақсы маман дайындайтын, өте жоғары деңгейдегі білімді ұстаздар шәкірттерге білім беруде. Диплом алып шыққан студенттеріміз оқу, өндірістік практикадан өтіп осы саладағы мекемелерде өздерінің келешек жұмыстарын көзімен көріп, қолымен жасап, белгілі деңгейде меңгеріп, мамандығымен жұмыс істеп кетуіне дайын болып шығуда. Студенттеріміз жатақханамен, спорт зал, асхана және электронды кітапханамен қамтамасыз етілген.

Әр жылы жоғарғы курс студенттерінің арасында «Біліміңді тексер» атты мамандық пәндерінен интеллектуалды сынақ өткізіліп, әр мамандықтан «Үздік студент маман» деген атақ беріледі.

Бұл студенттердің колледж қабырғасында мамандық пәнінен алған білімдерін пысықтап, толық қайталап, ертеңгі мамандықпен жұмыс істеуге дайындығын арттырады.
Еліміздің, ОҚО-ның ауыз-су, егістік-су, өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық құрылыс саласын, мұнай-газ саласын дамытуда ҚР азаматы ретінде өз үлесімді қосқым келеді деген жастарға Техникалық колледждің есігі ашық. Сіздерді жоғарғы деңгейдегі маман етіп дайындауға — біз дайынбыз.

Ш. Т. СЕЙДИНОВ,

Гидрогеология және инженерлік
геология пәнінің оқытушысы: 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *