Ер есімі – ел есінде

Сәуірбай Қапанов 1922 жылы Сайрам ауданы, Қызылқыстау ауылында дүниеге келген. Отбасының үлкені. 1941 жылдың тамыз айында соғысқа шақырылып. 1945 жылы соғыстан екі балдақпен оралған. Калиниский фронтында немістермен шайқас кезінде үш рет жарақат алған. Солардың ішінде 1941 жылдың желтоқсан айында алған жарақаты ауыр болды.

Сәуірбай Қапанов

Сәуірбай Қапанов

Батальон командирі жарақат алғаннан соң, команда беруді аға сержант Сәуірбай Қапанов өз мойнына алған. Сөйтіп, өзі бастаған батальонмен бірінші болып Каунас қаласына кіріп, артиллериялық минометтік қарумен қала басқыншыларын қуып, қаланы немістерден тазартқан. Нева өзенінің сол жақ жағалауынан жауларды ысырып, жолдарын бөгеп тұрған. 1944 жылдың сәуір айында снайперлік қарумен 9 немістің көзін жойған.
Соғыстағы ерлігі мен қаһармандығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан келгеннен кейін жары Рыстаймен шаңырақ көтерді. Сөйтіп колхоздағы трактор бригадасында, Қарасу сельхозының дүкен меңгерушісі, «Жас гвардия» интернатында тәрбиеші, 1954-1968 жылдар аралығында колхозда мақта бригадасының бригадирі қызметін атқарған. 1968 жылы ауырып, өмірден өткен. Жұбайы екеуі 9 бала сүйген. Олардан – 25 немере, 41 шөбере және 1 шөпшек бар.

Әділхан Абайұлы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *