Ел болашағы бүлдіршіндер!

Болашаққа бастар жол, балабақшадан басталады. Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысында «Теріскей» м/а орналасқан ЖШС «Нұр-Әділ» бөбекжай балабақшасы өз жұмысын атқаруда. Ғимараттың жалпы алаңы кең, жарық, таза, соңғы үлгідегі заман талабына сәйкес жабдықталган. «Балапан», «Бәйтерек», «Солнышко», «Радуга» деп топтарға берілген аттары ерекше ажар беріп тұрғандай. Балаларымызды қарсы алатын ойнайтын, тамақтанатын, демалатын, жуынатын орындар өте жоғары үйлесімділікпен жарасым тапқан.

Мен 3 жастағы ұлым Дарибаев Бақдаулетті осы бөбекжай балабақшасының «Балапан» тобына орналастырғанмын. Ата аналар комитетінің атынан ЖШС «Нұр -Әділ» балақшасының меңгерушісі Қасымбекова Қаламқас Жүрсінқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Қаламқас Жүрсінқызы иманды адал жар, аяулы ана, инабатты жан, тәжірибелі ұстаз. Көп жылдық еңбегі, мол тәжірибесі бар, халыққа жақын, адал адам екендігі көрініп ақ тұр.

Жұмыс барысында киім стилі, іскерлік этикеті, меңгеру, құжаттарды рәсімдеу, кеңес беру бәрінде еш қиындықсыз жоғары денгейде атқарады. Қаламқас Жүрсінқызы басқарып отырған ұжым қызметкерлері өте керемет, білімді, кішіпейіл, әдепті қыз келіншектер. Әрдайым балаларымызды күлімдеп қарсы алады. Сол себепті біз ата аналар жүрегіміз тыныштық, ал жанымыз жай табады. Өйткені балаларымыз сенімді қолда екенін білеміз, оларды жақсы тамақтандырады, демалдырады, ойнатады ең бастысы сапалы білім мен тәрбие береді, қоршаған ортаны, Отанымызды сүйюді үйретеді.

Адам баласы бауыр еті баласына барлық жақсылықты арнаудан аянбайтыны заңдылық. Бала тәрбиесі ауыр да уздіксіз енбек екені бәрімізге аян. Ендеше ел болашағы бүлдіршендер үшін еңбек етіп жүрген Қасымбекова Қаламқас Жүрсынқызы жұртшылықтың ыстық ықылысына бөлінуі артықтық етпейтіні сөзсіз.

Қаламқас Жүрсынқызы, Сізді және ұжымынызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттыктаймыз!!!

Дендерінізге саулық, отбасыларынызға бақыт, жұмыста табыс тілейміз!!!

Ата-аналар комитетінің атынан — Г.Б. Шилменова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *