eGov.kz сайтында уақытша тіркеу қызметі қосылды

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kzазаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытшатіркелу қызметі қолжетімді болды. Ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй  иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)болуы және  порталда авторизациядан  өтуі қажет.  Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді.

«Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер де өтініш беруші –жылжымайтын мүлік иесі болса, ол мекенжайды, тіркелу мерзімін (1 айдан 12 айға дейін) көрсетуі тиіс, сонан соң онлайн түрде  көрсетілген қызмет  үшін мемлекеттік бажды төлеп және   ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелудің мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін  сұрау салуды жіберуі қажет. Егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен  ҚР «Жылжымайтын мүлік тіркелімі»мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады. Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған мемлекеттік баж төлемін  онлайн түрде жүргізіп және де  өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне
10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өңделіп болған соң,  порталда «Уақытша мекенжайдың тіркелуі сәтті түрде өтті» деген мәребе көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып,  уақытша тіркелу мекенжайын тексеруге  болады.

eGov.kz немесе ХҚКО арқылы уақытша тіркелу жөніндегі барлық сұрақтар бойынша азаматтар тегін тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шала  алады . Барынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету  мақсатында, Бірыңғай байланыс орталығында ағымдағы жылдың басынан бері операторлар саны көбейтіліп, олардың  жұмыс кестесі қайта қаралды.

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *