Егіздерге жәрдемақы қалай төленеді?

 

Өткен жылы өңірімізде 79 195 нәресте туған. Дүние есігін ашқан сәбилердің ішінде 765-сі егіз болса, 5-уі үшем. Балаларға жәрдемақылар қалай төленеді? Сауалға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ОҚО филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Мүсіралиұлы жауап берді.


– Әлеуметтік төлемді немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішті қай уақытқа дейін береді?

– Төленетiн әлеуметтiк төлем немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады. Ал оны тағайындауға өтініш беру 12 айдан аспауы қажет.

 

– Егер отбасында егіздер немесе үшемдер туылған кезде, баланың бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақылар қалай тағайындалып және төленеді?

– Екi және одан да көп бала туылған жағдайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, әр балаға жеке және туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күндерінен бастап олардың бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады. Ал, анасына берілетін бір реттік жәрдемақы екі (үш) еселенеді.

 

– Қандай жағдайларда әлеуметтік төлем тоқтатылуы мүмкін? 

– Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, бала қайтыс болған жағдайда; баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайда; ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген; асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған, ҚР неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда; қорғаншылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген жағдайларда ай өткен соң тоқтатылады.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *