Ең үлкен сауда-ойын сауық кешені салынбақ

Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38 га жер телімінде еліміздегі ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды.

Ең үлкен сауда-ойын сауық кешені салынбақ

Кешеннің ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайды. Сауда-ойын сауық кешенінде гипермаркет, кинотеатрлар, балаларға арналған ойын-сауық паркі,аквапарк, фуд-корт, электроника дүкендері, фешн галереясы, автотұрақ нысандары қызмет көрсететін болады. Жобаға жалпы соммасы 42 млрд теңге құрайтын жеке инвестиция тартылып, сонымен қатар 4000 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады.

Ең үлкен сауда-ойын сауық кешені салынбақ

Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қол жетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсетеді.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *