Дуальді оқыту өндіріс үшін тиімді

npp-news-1405052791Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында дуальді кәсіптік білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы бағытта білім жүйесін жаңғырту аясында дуальді кәсіби білім беруді дамыту мен жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері құрылды.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі — техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдары. Оқу мен өндіріс сәтті ұштасқан дауальдық оқыту жүйесі кәсіптік оқыту жүйесінің ерекшеліктерін көрсетеді. Дауальді оқыту жүйесі дегеніміз теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болды. Дуальді оқыту жүйесінің кәсіби мандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденді. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемелекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілер мен тығыз байланыста ғана оқу орны өзінің басты мақсатын жоғары кәсіби даярлыққа және еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті маманды даярлау мақсатын орындай алады. Дуальді жүйемен оқытудың тиімділігі бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады. Болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарлайды. Дуальді модульдік технология бойынша білім беру кезінде ескеретін тағы бір ерекшелік студент жастардың біліктілік алу барысында саланы толық меңгеріп шыққандығын көрсетеді. Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде басшылықтың нұсқаулығымен қазіргі таңда материалдық базаны осы жүйеге ыңғайлау жақсы жолға қойылып жатыр.

С. П. Бидайбеков,
Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *