Доллар бағамы тұрақтай ма?

Өткен аптада ұлттық банк долларға қатысты теңге бағамының өзгеруін $1-ға 198 теңгеге дейін көтерді. Яғни, айырбас бағамының құбылуын 185-198 теңге аралығына дейін кеңейтті. Бас банкир Қайрат Келімбетовтың сөзінше, мұндай қадам алдағы уақытта бағамның икемді және ырғақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Әрі алдағы орта мерзімдік инфляциялық таргеттеуге өту аясында Ұлттық банк айырбас бағамының тербеліс дәлізін кеңейту туралы шешім қабылдаған.

Қайрат Келімбетов

Қайрат Келімбетов

«Елдегі валюта саясаты екінші жартыжылдықта өзгермейді. Біздің ойымызша, валюталық дәліз бүгінгі таңда оңтайлы деңгейде. Бірақ қазіргі уақытта доллар бағамы белгіленген межеден сәл асып кеткендіктен, бүгінде биржада доллар бағамы 180 теңгеден жоғары, осы ретте біз валюта саясатының орта мерзімді таргеттеу саясатына көшу қарсаңында доллар бағамының дәлізін 185 теңге плюс 13, минус 15 теңге деңгейінде, яғни 170 теңгеден 198 теңге аралығында етіп белгілеуді шештік», – деп атап өтті бас банкир. Ол сондай-ақ валютаның жаңа дәлізіне байланысты доллардың бағамы бірден шарықтап кетпейтінін айтады. Яғни, алдағы тоқсанда доллар бағамы бүгінгі деңгейде қала бермек. Әзірге айырбас қосындарында доллардың сатылу бағасы 189 теңгеге дейін көтерілген. Мәселен, Астанадағы айырбас қосындарында доллардың сатылу бағасы 189 теңгеге дейін, Алматыда 188,8 теңгеге дейін көтерілді. Ал Шымкентте доллардың ең жоғарғы сатылу бағамы 188,8 теңгеге дейін жетіп, сатып алуы $1 – 187,6 теңге болды. Ұлттық банк пен Үкімет алдағы уақытта экономикадағы долларландыру деңгейін төмендетуді де жоспарлап қойыпты. Бұл арқылы экономиканы әртараптандыру мен тұрақтандыру, қолма-қол ақшасыз төлем әдісін жетілдірмекші. Банк төрағасы өз кезегінде орын алған өзгерістерге қарамастан, қаржыны теңгелік депозиттерде сақтаған тиімді деп санайды.

Айнұр Ақбаева

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *