Дендросаябақ салынып жатыр

дендросаябақ

Халық саны 70 мыңнан асатын Арыс қаласының соңғы жылдардағы даму қарқыны көңіл қуантады. Дәл қазір қалаға кіре беріс күре жолдың бойынан Дендросаябақтың құрылысы жүріп жатыр.

Ұлан-асыр аумақты қамтыған Дендросаябақтың үлкен қақпасы алыстан мен-мұндалайды. Бұдан бөлек шағын және орта кәсіпке қолдау көрсету аясында 2015 жылы бірқатар жобаларды іске асыру жұмыстары басталып, осы жылы толықтай аяқталады. Атап айтқанда,
1. «Даму өндіріс — 2» бағдарламасы аясында ЖК Б.Сарбасовтың қуаттылығы тәулігіне 120 тонна бидай өңдейтін, құны 200,0 млн теңге тұратын  заманауи талапқа сай жаңа диірмен кешені.
2. «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің құны 200,0 млн теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіретін кіші зауыты іске қосылады.
«ЕСЭД» ӨК-нің құны 100,0 млн теңгені құрайтын ет өнімдерін өндіру цехының жобасы да бар. Бұдан бөлек, 2016-2018 жылдары іске қосылатын «KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС – нің құны 11,0 млрд теңгені құрайтын, қуаттылығы 12 мВт баламалы электр энергиясын өндіру жобасы қолға алынған. Бұған «Ордабасы құс» ЖШС-нің қуаттылығы  1800,0 млн дана асыл тұқымды жұмыртқа шығаратын құны 2,5 млрд теңге құс фабрикасының құрылыс жобасын қосыңыз.
дендросаябақ-2Халқының ұлттық құрамы басқа аудандармен салыстырғанда сан алуан, ауданда жұмыспен қамту мәселесі де дұрыс жолға қойылған. Өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1 бағыты бойынша:
— Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен 1 жоба бойынша 85 жаңа жұмыс орны ашылды, онда 43 жергілікті жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды;
— 2 бағыты бойынша 20 азамат өз ісін ашуға 43,4 млн теңге шағын несие алды. Осы ашылған жаңа жұмыс орындарында 20 адам жұмыспен қамтылды.
— 3-ші бағыты бойынша тұрақты және уақытша жұмыспен 988 адам қамтылған.
6 ауылдық округтен, 33 елді мекеннен құралған қалада 2015 жылы 22,6 мың га жерге егіс егіліп, 14,3 мың га суармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2,5 мың га-ға, суармалы жерлер  2,3 мың га-ға артты. Тамшылатып суару әдісімен 939 га жерге егіс егілді.
Білім саласына 2015 жылы 5042,2 млн теңге бөлініп,  29,3  пайызға артты.
Қала көшелеріне 1 бағдаршам, 6 бейнебақылау қондырғылары  және 4 жасанды жол кедергілері орнатылды.
Қылмыстың алдын алу бойынша түнгі бірнеше топтар құрылып, қылмыстың орын алуы мүмкін криминогендік аумақтар қатаң бақылауға алынып, жұмыстар жүргізілуде.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *