Дәріні қабылдау ережесін сақтайсыз ба?

13 таблеткиДәрі қабылдағанда көп нәр­сеге мән бермейміз. Яғни, дәрмекті қабылдау шарттары бұзылғанда, «ем болсын», деп алған дәрі-дәрмегіміздің у-ға айна­латынын ескермейміз. Дәрі­ні қабылдау мерзімінен бастап, аралық уақыт мөлшері мен қандай сұйықтықпен бірге ішуге болатыны туралы жазылған-жазылмаған ережелері бар. Тіпті, жеміс шырындарымен қосып ішкен дәрінің әсері қалай, деген сауал туындайды. Дәріге қатысты барлық білуге тиіс жайттар туралы кеңінен әңгімелесек…
Дәрігер тағайындаған дәрмек­терді қабылдаудың алдында мына ережелерге назар аударыңыз. Алдымен, препараттың нұсқаулық қаға­з­ын оқып шығып, төмендегі кеңестерге зейін салыңыз:
*Ішетін дәрінің мөлшерін біліңіз;
*Тәулігіне неше рет қабыл­дайты­нына назар салыңыз;
*Қабылдау уақыты;
*Ішу тәртібі;
*Қанша күн ішу қажет, яғни емдік курс уақыты.
Осы ережелерді толығымен орын­даған жағдайда дәрінің ағзаға кері әсері болмайды және нәтижесі де тез байқалады.
Есте сақтайтын бір жайт, нұс­қаулықта дәріні күніне екі рет қабыл­дау керек деген ереже бар. Ондағы «күніне» деген күндіз дегенді білдір­мейді. Мұны тәулігіне деп түсіну керек. Өйткені, адам ағзасы 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, таб­летка қабылдаудың уақытын мүмкіндігінше екіге бөледі. Мұны әсіресе, микробтарға қарсы дәрі-дәрмектерді ішкенде ескерген дұрыс. Күніне 2 рет қабылдайтын дәрінің уақыт аралығы 12 сағат, күніне 3 рет болса – уақыт аралығы 8 сағат, 4 рет болса – уақыт аралығы 6 сағат болуы тиіс.
Тағы бір маңызды ақпарат – дәріні қалай және қандай сұйықтықпен қабылдау тәртібі. Айталық, дәріні ішу аш қарынға, тамақтанар алдын және кейін деп бөлінеді. Мұның себебі мынада: кейбір дәрілер асқазанға, екіншілері ішекке сіңуге бағытталған. Тіпті, кейбір дәрілерді аспен бірге қабылдағанда емдік әсері жоғалмайды. Мұның барлығы асқазан-ішек жолдарында болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Тағам, асқазан сөлі, асқорыту ферменттері, өттің бөлінуі кезіндегі процестерде дәрмек өзінің қасиетін өзгертуі мүмкін. Сондықтан да дәрі қабылдаудың уақытын өзгертуге болмайды.

13 хамзина

Асел Хамзина, қала тұрғыны:

Асел Хамзина, қала тұрғыны:
— Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің тағай­ын­дауымен және ереже­лерін сақтай отырып ішемін. Оны шай және газдалған сусындармен іш­пеу керектігін жақ­сы білемін. Бүгінде дәріханаларда препараттардың жасанды түрлері көп кездесетіндіктен, ем нәтижесіз болады. Осы жағын ескеруге тырысамын. Дұрысы, ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол іздеу қажет. Халықтық емде тұмау, вирусты аурулардың алдын алуда бал, лимонды жиі қолданамын.

 

 

 

 

Нұсқаулықта:
«АС ІШЕРДЕН БҰРЫН» деп жазылса, соңғы тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң, не болмаса астан 20 минут бұрын қабылдайды.
«ТАМАҚТАНУ КЕЗІНДЕ» деп жазылса, таңғы, түскі және кешкі аспен бірге қабылдай береді. Болмаса кептірілген нан немесе 1 стақан сүтпен бірге ішуге кеңес беріледі.
«АСТАН КЕЙІН» ішетін дәріні пайдаға жаратудың тәртібі ерекшелеу. Мәселен, бұл кезде көбінесе асқазанды тітіркендіретін, не асқазан қышқылдығын төмендететін дәрілер болғандықтан, тамақтан кейін ішу керек.
Үшінші, дәріні қандай сұйық­тықпен бірге ішу қажеттілігін сара­лайық. Көп жағдайда дәрігерлер препараттарды кәдімгі қара сумен ішуге кеңес береді. Пайдалануға болмайтын сұйықтықтың бірі – грейпфрут шырыны. Оны мүмкіндігінше дәрімен бірге ішпеген дұрыс. Себебі, шырынның құрамындағы кейбір заттар дәрінің асқазан-ішек жолдарына сіңімділігін шамадан тыс жылдамдатады екен. Бұл өз кезегінде науқастың жағдайын нашарлатады. Сондай-ақ, күнделікті ішетін қара шаймен де дәрі ішуге болмайды. Оның құрамындағы танин дәрінің пайдалы әсерін жойып жібереді. Егер қаназдықпен ауыратын адам темірге бай препарат қабылдаса, онда танин темірдің сіңімділігін төмендетеді. Сондықтан да дәрінің мүлдем шипасы тимейді.

13 Жандос врачьЖандос Тәңірбергенов, облыстық
клиникалық аурухана­сының дәрігері:
— Атақты фармаколог М.Д. Машковский кезінде «Дәрі – қасиетті су емес» деген. Сол секілді, кез-келген дәрінің жанама және кері әсерлері болады. Науқасқа препараттарды тағайындағанда дәрігерлер оның қабылдау ережесін түсіндіріп, уақытын, мөлшерін қоса жазады.
Ем қону үшін дәрі қабылдаудың осы ережесін қатаң түрде сақтаған дұрыс. Содан соң, дәрі ішкеннен кейін өзіңіздің саулығыңызды үнемі назарда ұстап, қандай да бір жағымсыз әсер байқалса, тез арада мамандарға қаралыңыз. Қателесіп ішкен бір түйір дәрінің өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Интернет арқылы тапсырыс беріп, достары не туыстары ішкен дәріні дәрігердің тағайындауынсыз өз бетінше ішуге болмайды.

Соңғысы, ағарғандармен ішуге болмайтын препараттар бар. Әсіре­се, тетрациклин, доксициклин секілді антибиотиктерді сүтпен бірге ішпейді. Сүт құрамындағы кальций препараттың әсерін төмендетеді.
Есіңізде болсын! Сыртында қабықшасы бар капсулаларды шайнауға немесе шетінен тістеп ішуге тиым салынады. Дәр­мектің бірнеше түрін қатар ішу тағайын­далғанда да тәртібіне назар салың­ыз. Оларды кезегімен және ретімен қабылдаңыз. Негізінде анти­биотиктер бір-бірімен сәйкес кел­мейді. Оларды ыстықты басатын, ұйқы келтіретін және ішек құрттарға қарсы препараттармен бірге ішпейді. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектермен бірге өз бетіңізше «пайдалы», «иммунитетті көтеретін», «бауыр­ды қорғайтын» секілді дәрілік шөптерді қосымша қабыл­даудан сақ болыңыз.

Ауруханада емделу ақылы бола ма?

2016 жылдан бас­тап ауруханада емделгенде мемлекет тара­пынан берілетін дәрі-дәр­мек­тер ақылы бола­ды,-дейді. Бұл рас па?

К. Сержанова, оқырман.

Сауалға облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасы дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлі­мінің басшысы Ләйлә Өміртайқызы жауап береді.
— Ауруханада ем алуға жат­­­қанда берілетін те­гін дәрі-дәр­мектер 2016 жылы ақылы болмайды. Себебі, «Ха­лық ден­­саулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» Заңның 88-бабына сәйкес, еліміздің әрбір азаматы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 Қаулысына сай «тегін медициналық көмек­­тің кепілдік берілген көле­мі шеңберінде жедел, ста­ционарлық және стацио­нарды алмастыра­тын көмек көр­­сету және амбу­лато­рия­лық деңгейде дәрілік заттар­мен және медициналық мақ­саттағы бұй­ымдар қамта­масыз етілуге құқылы.
Тегін медициналық көмек­­­­тің кепілдік берілген көлемі шең­берінде жедел, ста­ционарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету – медициналық ұйымның өкілетті орган бекіт­кен дәрілік формулярға сәй­кес, ал амбулаториялық деңгейде ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық дең­гейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрі­лік заттардың және ме­ди­­­циналық мақсаттағы бұйымдардың және ма­ман­­дандырылған емдік өнім­дер­дің тізбесін бекіту туралы» Заңына сәйкес жүреді.

Дайындаған — Айгүл Керімбайқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *