Заң талаптарын бұзса, жауап береді

920bcc00b6c2db0431da82c9615cdeddҚұрметті қала тұрғындары, Сіздерді Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарымен таныстырып кетуді жөн көріп отырмын.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуі тиiс. Ары қарай оқыңыз

Пәтермен жарылқаушы алаяқтардан абайлаңыз

Мемлекеттен үй алудың үш жолыТұрғындардың заңдық сауаттылығының төмендігін пайдаланып орта жолдан оңай олжа табуды көздейтіндердің қатары арта түсуде. Осыған орай Шымкент қаласында орын алған алаяқтық қылмыстары бойынша Шымкент ҚІІБ жедел тергеу тобы құрылды.
2016 жылдың 5 ай қорытындысымен, Шымкент қаласында орын алған алаяқтық қылмыстары бойынша 2473 қылмыстық ісі СБТБТ-не енгізілген. Оның ішінде 1008 қылмыстық ісі өндіріспен аяқталып, оның 669 ісі айыптау актісімен сотқа жолданып, 339 ақталмайтын негіздермен қысқартылған. Ары қарай оқыңыз

Салафизмге тоқтау салыну керек

13Жадыраған жаз маусымының алғашқы жексенбісі жаймашуақ басталғанымен қанды қырғынмен аяқталды. Қазақстанның іргелі облыстарының бірі Ақтөбенің орталығында қару асынған бір топ қала көшелерімен тайраңдай басып, қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, айналасына оқ жаудырып, қоғамдық автобусты басып алып, әскери бөлімнің қақпасын бұзып кірді. Үш әскери қызметкер мен бес бейбіт тұрғын сойдауылдардың қолынан қаза тапты.  Ел назары Ақтөбеге ауып, көршілес мемлекеттер де елең етіп, Қазақстандағы жағдайға құлақ түрді.  Ары қарай оқыңыз

Конституция мен Кодексті өзгертпей қазаққа күн жоқ!

6ҚР Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа;
ҚР Бас прокуроры Ж.Асановқа; Жер реформасы жөніндегі комиссия төрағасы Б.Сағынтаевқа
Шымкент қ.,Отырар м/а, 55 үй, 51 пәтер тұрғыны
Өмірзақ АҚЖІГІТТЕН

АШЫҚ ХАТ

Бүгін бізде жер дауы өршіп тұр. Әрине, ол экспортпен сырттан келген жоқ, өзімізге өзіміз істедік. Және оның кейінірек міндетті түрде туатынын біле тұрып, «асықпай жарылатын бомбаларды» сонау 2003 жылы Жер кодексін қабылдаған кезде, соның ішіне салып кеттік. Дәлел керек пе? Міне! Ары қарай оқыңыз

Заңды сақтау шетел азаматтарына да міндет

920bcc00b6c2db0431da82c9615cdeddАбай ауданы прокуратурасымен көші-қон заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізіліп, бірқатар шетел азаматтарымен еңбек қызметі жергілікті уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылып, заң талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы аумағына Өзбекстан Республикасының азаматы 1979 жылы туған Шерзод Кабулов 2016 жылдың 30 наурызында жеке мақсатпен келген. Көші-қон заңнамаларына сай шетел азаматының еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Ары қарай оқыңыз

Есірткіге ыңғайлы дәліз

mainДүниежүзіне қауіп туғызып отырған есірткіге қарсы күрес шараларын қазір көптеген елдер күшейтіп отыр. Тіпті бірлескен шаралар ұйымдастырып, қылмыстық топтарды қолға түсіруде.

Десе де, есірткінің заңсыз айналымына қатысты еліміздегі статистикалық көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Бір ғана оңтүстік өңірі бұл қылмыстар бойынша республикада көш бастап тұр. Тек, Шымкенттегі Абай ауданында тіркелген осы санаттағы қылмыстық құқықбұзушылықтар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан анағұрлым көп.

Ары қарай оқыңыз

Кассациялық сотқа өтінішхат берудің тәртібі

18Азаматтар кассациялық алқаға өтінішхат түсіргенде заңгердің не болмаса қорғаушының көмегіне жүгініп жатады. Біз осынау құжаттарды кез-келген азаматтың өзі-ақ толтыруына болатынын айтқымыз келеді.  Ары қарай оқыңыз

Риэлтордың пайдасы қайсы, зияны қандай?

сәлимаАлдымен риэлтор сөзіне анықтама беріп алсақ. Ағылшын тiлiнде «realty» сөзi «жылжымайтын мүлiк» деген мағына бередi және «жылжымайтын мүлiктi сататын агент» деген ұғымға ие. Сөздiң шығу тарихы АҚШ-тағы Риэлторлардың ұлттық ассоциациясының құрылуымен тығыз байланысты. Өз ұғымымызға салатын болсақ, риэлтор  жылжымайтын мүлiк нарығындағы жол көрсетуші. Өйткенi, келiсiм-шарт жасасу барысында риэлтор қажеттi де маңызды ақпараттарды клиенттен жасырмай, керiсiнше, кездесетiн қиындықтарды бiрге шешуге мүдде танытады.

Ары қарай оқыңыз

Әке, алимент төлеші!

016-400x300Соңғы кездері әкелік жауапкершілікке немқұрайлы қарайтын «азаматтар» көбейіп кетті.  Осы мәселеге қатысты Ордабасы ауданынан бір оқырманымыз хабарласып, екі баласына алимент өндіре алмай жүргенін айтты. Жауапкершілігінен бас тартатын әкелерге қатысты  іс заңда қалай қаралатынын сұрайды.

Ары қарай оқыңыз

Мұхаммедті ұрлаған кім(дер)?

12Оңтүстік Қазақстанда жоғалып, табылған 6 жасар Мұхаммедке қатысты іс әлі тынышталар емес. Жақында бірқатар БАҚ 1-сынып оқушысын табуға көмектескен әйелдің өз өмірі үшін қауіптенетінін хабарлады. Бұл туралы abai.kz және 31.kz порталдары жазады. Ары қарай оқыңыз