Түрме түзетпеген қылмыскер немесе саяжайдағы қырғын

Шымкентте осы жылдың ең қатаң сот үкімі 32 жастағы И.К есімді азаматқа тағайындалды. 21 жылға бас бостандығынан айырылған қылмыскер қарақшылық жасап қана қоймай және екі бірдей адамның ажалына себепші болған. Сот қылмыскерді қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге шешім шығарды. Ары қарай оқыңыз

Бір баланы бірнеше балабақшаға орналастырған

Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық салада заң бұзушылықтар азаймай отыр. Облыстық прокуратура мамандары аталған салаға жыл басынан бері 935 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 4515 заң бұзушылықты анықтаған. 1753-іне прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылып, 182 мыңнан астам азаматтың құқықтары, оның ішінде 11 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілген. Ал, 5 мыңға жуық тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Рүстем Дүйсенбаев мәлімдеді.
Басқарма бастығының сөзінше, биыл прокуратураның ықпалымен мемлекет пайдасына 2,1 млрд. қаржы өндіріліп, мемлекетке 1,9 млрд. теңгені құрайтын мүлік қайтарылған, 73 млн теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген. Ары қарай оқыңыз

Алаяқтың алдап соғатын амал-тәсілдері қандай?

Шымкент қаласында алаяқтық қылмыстар саны азаймай тұр. Сала мамандары «Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алып беремін, жердің құжатын жасаймын» деген уәделерге алданып қалмаңыздар» деп дабыл қағуда. Күні бүгінге дейін осындай істер бойынша 90-нан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бір өкініштісі, қылмыскер жазасын алғанымен, жылдар бойына жиған-терген қаржыны қайтару мүмкін емес. Алаяқтардың тұрғындарды алдап соғатын әдіс-тәсілдері, одан сақтануда ескерер жайттар жөнінде Шымкент қаласының ішкі істер басқармасы, тергеу бөлімінің басшысы Ерғали Қарсыбаев айтып береді.

Ары қарай оқыңыз

Ескі көліктерді қабылдау бекеттері анықталды

 

Күркілдеген көне көліктерден арылатын кез жетті. Елімізде жүруінен тұруы көп, тіптен тозығы жеткен ескі автокөліктерді қабылдайтын арнайы бағдарлама ақыры жүзеге асырылатын болды. Тозған көліктерді сатып алу жобасына ҚР Энергетика министрлігі 10 мың квота бөліп отыр, оның 1150-і ОҚО тиесілі. Бағдарламаны «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы» жүзеге асырады. Еліміздің 17 қаласында Оператордың ескірген көліктерді қабылдайтын арнайы бекеттері жұмыс істеуде. Мерзімі өткен «темір тұлпарын» тапсырғандар арасында ұтыс ойыны өткізіліп, жаңа автомобильдің иегері атану мүмкіндігі берілмек. Жүлдегер 2017 жылдың 4 қаңтарында анықталады. Ары қарай оқыңыз

И. Иманов, ОҚО прокуроры: Облыстық прокуратура 12 жобаны жүзеге асырып жатыр

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар ҚР прокуратурасының құрылғанына да 25 жыл толып отыр. Жас мемлекеттің іргетасы қаланған сәттен-ақ оны нығайту жолында халық арасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету аса маңызды болды. Міне, құрылғанына ширек ғасыр толған бас қадағалау органының Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жеткен жетістіктері мен алдағы атқарылатын шаруалары турасында ОҚО прокуроры Ибраһим Имановпен әңгімелестік.

Ары қарай оқыңыз

Баспана алуға қатысты көп сұрақ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында  26 486 адам пәтер алуға кезекте тұр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін баспана алу үшін құжат ресімдеу пен оның қыр-сырын білмейтіндері қаншама. Қарашаның аяғы мен желтоқсанның басында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағытымен пәтер алуға қалалықтардан өтінім қабылданған. Тұрғындардың редакцияға мемлекет ұсынған бағдарламалар арқылы пәтер алу бойынша жолдаған сауалдарының легі толастар емес. Сол сауалдардың ең өзектілерін топтастырып,   жауабын сала мамандарынан сұрадық. Сұрақтарға  Шымкент қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі Жұлдыз Ордабекова жауап берді.

Ары қарай оқыңыз

Педофилия! Азғындық па, ауру ма?

Symbolic image on the topic Child abuse, Image: 88522404, License: Rights-managed, Restrictions: , Model Release: yes, Credit line: Profimedia, imageBROKER

Ақтау қаласында жыныстық зорлық-зомбылық көрген 6 жасар бүлдіршін көз жұмды. Бүкіл ел болып амандығын тілеген Викторияның өмірімен ақ халаттылар 87 тәулік күресті. Оқиға тамыз айында болған еді. Әжесінің қасында ойнап жүрген қыз ұшты-күйлі жоғалып, іздеу жариялайды. Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан соң қансыраған қызды қала шетінен тауып алады. Сөйтсе, 32 жастағы ақтаулық тұрғын бүлдіршінді ұрлап кетіп, ойына келгенін істеп, зорлаған. Балаларды зорлау оқиғасы елімізде тіпті көбейіп кетті. Ары қарай оқыңыз

Учаскелік полиция есігіңізді қақса…

64a945cee5d3edf09df9bff1e5c3c4f4_xlСоңғы уақытта учаскелік полиция инспекторларының жұмысына сын көбейді. Тұрғындар тарапынан «өз инспекторымызды танымаймыз», «қоғамдық тыныштық сақтауда дұрыс жұмыс істемейді», «оларға хабарласа алмаймыз» деген шағым азаяр емес. Облыстық прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындармен жүздесуді бастады. Алғашқы жиынның өзінен-ақ өз жұмысына салғырт қараған полиция өкілдеріне наразылық танытқандар аз болмады. Тәртіп сақшыларының жұмысындағы кемшіліктердің орын алу себептерін ОҚО ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мұсабек Зұлпыхаров былай түсіндіріп берді. Ары қарай оқыңыз

Жағдайы жоқ, қылмысы көп аудан…

wp_20151129_007Бүгінде Шымқалада қиын аудандар жетерлік. Қылмыс та сонда, ұрлық та сонда, айқай шуы бір бітпейтін мұндай аумақтар тиісті органдардың тізімінде тұр. Солардың қатарына «Көксай» (Зеленая балка), «Жас дәурен» (Ворошиловка), Оңтүстік (Чапаевка) сынды шағынаудандар жатады. Криминогенді аудан атты қосымша атауы да бар. Мұнда «күндіз түні бір тынбай» қылмыстың неше атасы орын алып жатады. Әсіресе түнгі уақытта бұл аудандарға өміріне бей-жай қарайтын адам ғана бара алады. Өйткені мұнда жүрудің өзі «өмірге аса қауіпті». Ары қарай оқыңыз

Тоқтардың ісі «тоқтады»

1701_8Шымкенттік сыра королі Тоқтар Төлешовке қатысты іске нүкте қойылды. Осы уақытқа дейін елдің назарында болған жәйттің қым-қиғаш тұстары жетерлік. Көптің көкейінде көп сауал туындатқан шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс 300 томды құраған. Дәл осыған дейін жалпақ жұртқа «жұмбақ бейне» болып келген Т. Төлешовтың көп сыры мәлім болды. Тек елімізде ғана емес, өзге елдерде де «өзіндік қолтаңбасын» қалдырған атышулы кәсіпкердің қандай іске мұрын тыққаны ұсталғаннан кейін ғана айтыла бастады. Ары қарай оқыңыз