Мемлекет қолдауымен үй алудың 4 тәсілі

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету «Өңірлерді дамыту 2020» және «Нұрлы жол» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Аталған екі бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар 4 бағыт арқылы баспанаға қол жеткізе алады. Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева айтып берді. Ары қарай оқыңыз

Пәтер иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті

Азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеу бойынша заңға енгізілген өзгерістерді ОҚО Ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрдәулет Төлегенұлы жан-жақты түсіндірді.

«Қазақстанда тіркеу институты 1993 жылы енгізілген. Ол еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді, бірақ жаңа тұрғылықты жерге келген азамат өзінің мекенжайы туралы хабарлауы тиіс. Бұл ішкі көші-қонға мониторинг жүргізуге, осы және басқа қалада немесе аудандағы азаматтардың есебін нақтылау үшін қажет. Осы мәліметтердің негізінде жұмыс орындарын ашу, мектеп, аурухана құрылысы, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланады. Бұған қоса, полициядан немесе басқа органдардан қандайда бір арнайы рұқсат алудың қажеттігі жоқ, тұрғын жай иесінің келісімі болса жеткілікті», – деді облысымыздағы Көші-қон полициясының бастығы. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу… тағы нені білу керек?

Уақытша тіркеу төңірегіндегі сауалдар легі толастар емес. Сұрақтарға ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Жеңіс Әуелбеков жауап берді.

– Қаладағы пәтерімді жалға бергенмін. Алайда, пәтерімді банк арқылы несиеге алғандықтан бұғатта тұр. Пәтерімді жалға алушыларды уақытша тіркеуге қалай тұрғызамын?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына енген өзгертулерге байланысты пәтерін жалға берушілер пәтерінде бір айдан астам мерзімге тұратын азаматтарды уақытша тіркету қажет. Бұл міндетті орындамағанда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл үшін банктен құжатардың түпнұсқалары кепілдікте тұрғаны туралы анықтаманы және тұрғынүй құжаттарының көшірмесін алып, ХҚКО-на өтініш білдіреді. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу туралы жиі туындайтын сұрақтарға жауап

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 28-VІ ҚР Заңы күшіне енді. Бұл кейбір заңнамалық актілері мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына өзгерістер енгізді. Аталған өзгерістердің қатарындағы елеулісі — азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелуі болып отыр. Сондай-ақ, пәтерді жалға берушінің де, жалға алушының да қолында рұқсат қағазы болмаса заң маңдайынан сипамайды. Бүгінде уақытша тіркеу қоғамда қызу талқы таразысына салынуда. Осыған орай туындаған сан сауалға ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева жауап берді. Ары қарай оқыңыз

Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

Барды ұқсата алмаған ұтылады

Қаржының игерілмей қалуы жыл сайын қайталанатын «жырға» айналды бүгінде. Дәстүрлі спектакль. «Тіпті солай болуы тиіс» деп қабылдайтын дәрежеге де жетіп қалғандаймыз. Соны сораптан шықпайтын сценарийдей де тіпті. Биыл қазына қамбасында жамбасы қимылдамай қалып кеткен қаржы 129 млрд теңгені құрап отыр. Аз қаржы емес. Бұған біраз жыртықты жамап алуға болар еді. Егер «қазаншы» ерік берсе… Бірақ «құлақты» қайдан, қалай болса, солай шығаруға болмайды. Өзіндік бағыты бар. Өзіндік миссиясы бар. «Орындалмайтын»…

Кезінде үкіметтегі ел экономикасының жай-күйіне жауапты болған бұрынғы министр Ерболат Досаев
кезінде дәл осы мәселені ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни, «асқазанның созылмалы қорытпауы» деп айтқан болатын.
Бұл теңеу бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Бұған қарап мынадай қорытынды жасауға болады: бюджеттік қаржының дер кезінде орындалуына бақылау жеткіліксіз. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі сапасыз. Ары қарай оқыңыз

Бір жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсетті

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсетті, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттік қызметкөрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген. Ары қарай оқыңыз

Шымкент тұрғындары кез-келген ХҚКО-да уақытша тіркелуіне болады

 

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеуге байланысты жұмыс кестесі ұзарған ХҚКО тізімі

Уақытша тіркеуге байланысты облыс орталықтарының және көші қон полициясы бөлімдері орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 8.00 мен 20.00 аралығында жұмыс істеу кестесіне көшті. Сағат таңғы 8.00 бастап жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі төменде көрсетілген:

Ары қарай оқыңыз

Айып тұрақтарында автокөлік көп

Бүгінде көшені «космос» деп ойлап, құйғытатын жүргізушілердің «мойнына қылбұрау, аяғына тұсау» салатындай заң талаптары қатаңдатылды. Жол бойында заманауи бейнебақылау құралдары орнатылып, көлік иелерінің әр жүрісі таспаға түсіріліп отырады. Дегенмен заң талаптарына бағынғысы келмейтіндер жоқ емес. Амалын тауып, айласын асырғысы келгенмен жалпыға ортақ заңға бағынбасқа амалы да қалмасы анық. Түрлі деңгейдегі айыппұлдардың көлемі де аз емес бүгінде. Одан қалса заңды сыйламайтын «шумахер шопылардың» темір тұлпарларын апарып қамайтын айыптұрақтары да бар. Мұндай жағдайда екі есе шығындалатынын білетін жүргізушілер лажы болса көлігінің осында «тұрақты клиентіне» айналмауы үшін барын салады. Сонымен….

Ары қарай оқыңыз