Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

«Қыранның» арманын «Мақтарал» орындады

2011 жылы Атакент ауылында «Мақтарал» футбол клубы құрылғанда жетісайлықтар команданы үздіктер қатарынан көрінеді деп армандамаған да еді. Бастысы жергілікті жастардың кәсіпқой лигаға шыққанына қуанды. Әр матч сайын стадион жанкүйерге лық толды. Атакенттің алаңында өтетін әрбір ойын салтанатты мерекемен теңесті. Ары қарай оқыңыз

Универсиадаға күнгейлік 5 спортшы қатысады


Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк XXVIII Қысқы Универсиада ойындарының басталуына да санаулы күндер қалды. Әлемнің әр түкпірінен жиналатын кіл мықтылардың арасынан оза шауып бәйге алу оңайға түспейтін түрі бар. Дегенмен дайындықтары мықты спортшыларымыздың жүлделі орындардан көрінеді деген сенім мол. Айтулы додаға оңтүстік қазақстандық 5 спортшы қатысып, бақ сынамақ. Спортшыларымыз қазір Финляндияның Рука тау шаңғы курортында қызу дайындалып жатыр.
Ары қарай оқыңыз

Тұрмыс құрып, сәбилі болғым келеді

16 (2)

Жайна Шекербекова

Әйелдер боксынан Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын оңтүстік-қазақстандық спортшы — Жайна Шекербекова.  Жерлесіміз ел ордада өткен Әлем чемпионатында қоладан алқа тағып, Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын. ОЛ енді Рио-де-Жанейрода 51 келілер арасында сынға түсетін болады. Олимпиадаға жол ашқан алғашқы бокс-шы қыз — осы Жайна. 

Ары қарай оқыңыз

ЕУРО-2016 матчтарының кестесі

16 (1)10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияда футболдан Еуропа чемпионаты өтеді. «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы жарыс аясындағы барлық 51 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Назарларыңызға «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарындағы ойындар кестесін ұсынамыз: Ары қарай оқыңыз

Жүзуден Отырар-TV бірінші орында

16 (3)БАҚ қызметкерлері де спортта епті екенін дәлелдей түсті
Бес күнге созылған БАҚ қызметкерлерінің спорттық ойындары мәреге жетті. «Отырар-TV» телеарнасының видеоинженері Константин Гавшев ерлер арасында жүзуден I орын иеленді. Аталмыш телеарнаның тілшісі Дана Тұрғынова 100 метрге жүгіруден әйелдер арасында II орын, бағдарлама бөлімінің қызметкері Анна Цурканова үстел теннисінен әйелдер арасында III орын алды. Жалпыкомандалық есепте «Ернұр» корпорациясы бас жүлдеге иелік етті. Екінші орын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ұжымына бұйырса, үшінші сатыға «Оңтүстік Қазақстан» газеті командасы жайғасты.

Олар Риоға барады

2016_Summer_Olympics_logo

Осы жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жерлестеріміз төрт жыл бойына дайындалды. Оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдап, халықаралық ареналарда жолдама үшін таласты. Енді маусым айына дейін ғана уақыт бар. Тағы бір айдың ішінде Рио олимпиадасына лицензия ойнатылады. Осы күнге дейін Оңтүстіктің 16 саңлағы Риоға жолдама жеңіп алды.

Ары қарай оқыңыз

«Біздің мақсат — алтын медаль»

Ордабасы2

Қазақстан Премьер лига командалары арасындағы ел чемпионаты басталды. Ордабасылықтар да бұл додаға сақадай сай. Өткен жылмен салыстырғанда команда құрамы біршама өзгерген. Клуб Президенті Юрий Бондаренко болса, құраманы қазақстандық маман Бақтияр Байсеитов жаттықтыруда. Жерлестеріміз Түркияда екі оқу жаттығу жиынын өткізді. 13 наурызда еліміздің бес дүркін чемпионы «Ақтөбемен» ойнап, 3:1 есебімен басып түскен ордабасылықтар алғашқы үш ұпайына да қолын жеткізді.

Ары қарай оқыңыз

Оңтүстікте қысқы спорт түрлері дамып келеді

9 мұзМұз сарайындағы қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылғанына бар-жоғы 5 жыл өтсе де, талай жетістіктерге қол жеткізді. Алғашқыда іргетасы қысқы спорт мектебі болып қалыптасып, Сочи-2014 ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарынан кейін олимпиада резервінің мамандандырылған мектебі деген статусқа ие болды. Бүгінде бұл мектепте 444 бала қысқы спорт түрлерімен айналысуда. Олардың ішінде 2 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер 42 бала бар. Осы орайда аталмыш мектептің аяқ алысын байқау үшін «Мұз сарайына» бардық.
Ары қарай оқыңыз

Әбдіхалық ҚИЯНТАЕВ, шабандоз: «Бүгінде қонышында қару, қолында жібі бар «көкпаршылар» көбейді…»

14 Әбдіхалық 3Көкпар — қазақтың қанына сіңген ұлттық ойын. Атадан балаға мұра болып қалған бұл құнды дүниені қастерлеп жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – шабандоз — палуан Әбдіхалық Қиянтаев. Ол Ұлттық құрамада 3 жыл, облыстық команда сапында 12 жыл капитан болды. Толағай табыстары да жетерлік. Медалдар саны 50-ге барып жығылады. 2004 жылы Қырғызстанда өткен Еуразия біріншілігінде алтыннан алқа тақса, облыстық команда сапында жеті рет ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды. Кейіпкеріміз бүгінде командалық ойында еліміз бен өңірдің намысын қорғаумен қатар, ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдерді дайындайтын мамандандырылған спорт мектебінде аударыспақтан аға жаттықтырушы. Осы спорт түрінен еліміздің үш дүркін чемпионы. Оңтүстік жұрты Әбдіхалық Әбдіәкімұлын жаппай көкпар ойыны арқылы жақсы таниды. Осы орайда ұлттық ойындарымыздың дамуына үлкен үлес қосып жүрген азаматты әңгімеге тарттық.  Ары қарай оқыңыз