Ұлттық киімнің жаңа үлгісін жасады

 

Біздің мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі – шығармашыл жас дарындарды қолдап, әрі қарай дамуына жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы жасөспірімдерді білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оларды отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу барысында көптеген еңбектер атқарып келеді. Бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін іс-шаралардың бір «Ана – ұлт тәрбиешісі» атты аналарға арналған кеш жылда өткізіліп отырады. Бұл кеште «Аналар аманаты – әдемі өнер» тақырыбында аналарымыздың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынылды. Мерекелік іс- шара балаларға түрлі ой салып, аналарымызға ұмытылмас әсер сыйлады. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған «Мектеп – Ата-ана — Оқушы» тақырыбындағы жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының апталығы. Осы апталықтың барысында өзекті мәселелер жөнінде ата-аналардан сауалнама алынып, қазіргі жас өспірімдер арасында болып жатқан келеңсіз жайттар туралы пікірлер талқыланды. Ары қарай оқыңыз

«Ана тілі және отбасы» байқауы өтті


Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы» байқауы өтті.. №56 «Тұлпар» бөбекжай балабақшасының ұжымы болып осы байқауда бағымызды сынап, тілдің мәртебесін арттыруға үлесімізді қостық. Байқаудың мақсаты — еліміздегі әрбір отбасы мен қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау болатын. Ары қарай оқыңыз

Өлкетану музейіндегі Кенесары ханның қылышы

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқы ғасырлар бойы жаугершілік жағдайда өмір сүріп, елін, жерін сыртқы жаудан үнемі қорғаған. Осы тұста қазақ елінің қолданатын ұрыс қару түрлері де көп болғаны белгілі. Бала күннен оқыған батырлар жырынан батырларымыздың басында дуылға, үстінде сауыт, иығында садақ, белінде қылыш, қолында найзасы мен қол шоқпары болғанын білеміз. Бабаларымыздың қаруын өз көзімізбен көру үшін облыстық тарихи – өлкетану музейіне бардық. Мұнда қойылған жауынгерлердің киімдері, қару-жарағы қазақтың әрі батыр әрі ержүрек халық болғанын көрсетеді. Ары қарай оқыңыз

Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

Тәуелсіздік күнінде таныстырылған үш кітап

Таяуда «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген үш кітаптың тұсаукесері өтті. Олар: «Тәуелсіздік тебіреністері» шығармалар жинағы, «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» фотоальбомы, «Оңтүстік Қазақстан» атты күңгейдің тарихымен таныстыратын фотокітап. 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінен жинақталған кітаптардың тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен облыс әкімі қатысты. Облыс әкімі Ж. Түймебаев келіп, облысқа белгілі ақын, жазушылар мен журналист, қоғам қайраткерлеріне кітаптарды сыйға тартты. Ары қарай оқыңыз

«Махаббат сусынының» дәмі

Шымкентте алғаш рет италиян тіліндегі қойылым сахналанды. Облыстық опера және балет театрының ұжымы Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсын көрермендеріне тарту етті. Жаңа премьера — Қазақстан мен Өзбекстан өнер саңлақтарының бірлескен шығармашылығының жемісі. Дайындық жұмыстары 9 айға созылған комедияны облыстық опера және балет театры «Астана Опера» театрымен бірлесе сахналаған. Италиян тіліндегі қойылым халыққа түсінікті болуы үшін экраннан орыс тілінде аударма мәтіні көрсетіліп отырды.

Ары қарай оқыңыз

Жетпісінің жігерлі ақ желкені

54Өмірдерек… Ғұмырдарияға тағдырымыз ескексіз қайықша тасталған сәттен-ақ, «ақ желкенді» тағдыр нәсіп етсін деп тілей беріңіз. Себебі, қайықты бағытынан адастырмай, желмен жарыса жағалауға жеткізетін –  ақ желкен.

Бүгінде Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының саңлақтары қатарынан құрметті орнын иеленген, 70 жастың белесіне жеткен Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актриса Айжан Жұмабекова өз ақ желкенін – Өнерден тапты.

Күн келбет, ақша жүзі ашық маңдай,
Сөздері сәуле төгіп шашылғандай.
Жетпіске жеткен Айжан қандай болса,
Абайдың әз Зересі дәл осындай.
Текті жан, тектен-текке таңдала ма,
Әсият секілдідей «Тау қызында».
Сахына Сүлейіндей көріндіңіз,
Әуезов Қарагөзін сомдағанда…

Бұл жыр жолдарын Мәлік Нұрболат Айжан апасына арнап жазыпты. Өнермен өмір жолын кестелеп келе жатқан шығармашылық иесіне жас жеткіншектер жыр жолын арнап жатса – көрерменнің көңіліне ұялады демек. Ары қарай оқыңыз

Қазақ операсына жарнама жетіспейді — Үралхан Сейілбекова

%d2%afralxan-7Таяуда Қазақстан мәдениеті мен өнерін әлем сахналарында паш етіп жүрген жерлесіміз, өнер майталманы Үралхан Сейілбекованың ән кеші өтті. ҚР мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының әртісі «Әнім саған, нұрлы елім» атты алғашқы ән кешін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Кешті Сүгір атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен облыстық опера және балет теартының симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Үралхан Сейілбекованың әсем де жұмсақ дауысы, айрықша тембрі опера өнерін бағалаушылардың назарын бірден өзіне тартады. Жоғары дәрежедегі вокалы опералық және концерттік репертуарды таңдаудағы ізденісінің жоғары екендігін көрсетеді. Әнші концертінде ұлттық және әлем композиторларының шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Осы орайда біз де әншінің өз әлеміне саяхат жасап, тұщымды ойларын жазып алдық. Ары қарай оқыңыз

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына – 15 жыл

muzej-%d2%93imaraty-10ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы – ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай 2001 жылы ашылған болатын. Ашылу салтанатына Елбасы қатысып, қызыл лентасын өзі қиған. Алғашында облыстық музейдің филиалы болып ашылған мұражайдың қор бөлімінде 7000-ға жуық жәдігер болған. Уақыт өте келе мұражай қызметкерлерінің ізденісі және қуғын-сүргін құрбандары туыстарының көмегімен жәдігерлер саны артты. Қазір мұндағы құжат саны 16 мыңға жетіп, жыл басынан бері 16 саяси қуғын-сүргін құрбанына қатысты құжаттармен толықты. Ары қарай оқыңыз

«Академиялық» атағын асқақтатқан театр

img-20150724-wa0004-kopiyaӘр маусымның ашылуы – театр тарихының жаңа бір белесі, жаңа репертуарға жол тартуы, жаңа кейіпкерлердің галереясы… Өзге өңірлермен салыстырғанда, өнеге берерлік 8 бірдей театры бар Оңтүстіктің «ата театры» — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 83-маусымын Д.Рамазанның «Абылайханның арманы» тарихи драмасымен ашты.
Абылай ханның исі қазақтың баласын «бір жеңнен қол шығартуды» аңсаған арманы — араға ғасырлар салып шынайы шындыққа ұласқанына куәгер бола отырып, сахнадан тарихты тамашалаудың әсері мол болмақ. Ары қарай оқыңыз