Мүгедектігіне байланысты берілетін жәрдемақы

Жалпы ауру, еңбекте мертігуден,кәсиби ауру салдарынан мүгедек болғандар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың жәрдемақы мөлшері:

*1 топ мүгедектеріне – 43538 теңге (1,78*КД);
*2 топ мүгедектеріне – 33999 теңге (1,39*КД);
*3 топ мүгедектеріне – 23970 теңге (0,98*КД); Ары қарай оқыңыз

110 жасқа жеткен Гулчечек әже

Ақ тілектердің тиегін ағытқанда «Жамбылдың жасын берсін» деп ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірақ бүгінде бұл жастың жартысына да жетпейтіндердің қарасы қалың. Дегенмен ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен жандар арагідік болса да бар. Екінші жүзжылдыққа аяқ басқан шымкенттік Гулчечек Колаеваның жасы 110-ға толып отыр. Қария екі ғасыр тоғысында талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Кавказдан жер аударылып келген екен. Зұлматты жылдардың зұлымдығын көп көргенін жасырмайды. Туған жерінен жырақтап қалғанда өзіне қазақ халқының қамқорлық көрсеткенін әлі де жадынан шығарған емес. Сүйеніш таянышы жоқ жандарды колхоз председателі Жеңіс Оразов деген кісі өз үйін паналатады. Өзі ғана емес екі інісінің де жетіліп, ел қатарына қосылуына көп көмегін тигізіпті. Ары қарай оқыңыз

Жұмыссызы жоқ Азаттық ауылы

Күнгейдегі көрікті мекендердің бірі Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылы былтыр облыс бойынша «Үздік ауыл» атанды. Өңірімізде 932 ауыл барын ескерсек, солардың арасынан қара үзіп шығу үлкен абырой, әрине. Мақтаулы ауылға ат басын бұрғанда көргенімізді айтсақ, көңіл сүйсінеді. Күре жолдың бойын жағалай орналасқан ауыл тазалығымен тәнті етердей. Көшеге көрік беріп тұрған дарақтарды күз түспей тұрып күзеп қойыпты. Ауыл деген аты болғанымен қаладағыдан жағдайы жақсы. Ауылда көгілдір отын мен ауызсу мәселесі түбегейлі шешілген. Ауыл тұрғындары таңмен таласа тұрып, тырбанып еңбектенуді серік еткен. Еңбекқор екендіктерін сәулеті жарасқан үйлерінен-ақ білуге болады. Қас беті қасаң болып, күйі кеткен бір үйді көрмейсің. Бәрі де әктеліп, сырланып, жұтынып тұр. Осыған қарап-ақ ауыл тұрғындарының кәсібіне нәсібі сай екендігін бағамдауға болады. Ары қарай оқыңыз

eGov.kz сайтында уақытша тіркеу қызметі қосылды

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kzазаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытшатіркелу қызметі қолжетімді болды. Ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй  иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)болуы және  порталда авторизациядан  өтуі қажет.  Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді. Ары қарай оқыңыз

ХҚКО-ның мобиль топтары базарға шықты

 

Азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайды.  Ары қарай оқыңыз

Шымкенттегі жексенбі күні жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі

Астана тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңба алып, пәтер иелерінің кооперативтерінің үй-жайларында уақытша тіркеуді рәсімдей алады. ХҚКО қызметкерлері ПИК тұрғындарын сағат 9.00 мен 18.30 аралығында, 13.00 мен 14.00 -ге дейінгі түскі үзіліспен қызмет көрсетеді. Ары қарай оқыңыз

Биылғы жәрдемақы мөлшері

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға өсті, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады. Ары қарай оқыңыз

Мандариннен тұмау тарамайды

Соңғы аптада WhatsApp желісінде мандарин жемісі туралы аудиожазба тарады. Онда ангинамен ауырған науқас әйел дерттің мандариннен шыққандығын айтады. Мандарин арқылы тұмау тарайтынын сөз етеді. Еліміздің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мандарин туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтуда. Тұмаудың мандариннен тарауы мүмкін еместігін хабарлады. Ары қарай оқыңыз

2017 жылдың коммуналды тарифтері

Жаңа жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында су, электр және газ қымбаттамайды. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Аталықов мәлімдеді. Оның сөзінше, әлемнің дамыған елдеріндегі монополияға қарсы реттеу әдісімен алмастырлады. Департамент баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын болады. Қай салада болмасын тарифтер өсімі инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Ал, тариф шамасы 2017 жылы төмендегідей болды:

Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу туралы жиі туындайтын сұрақтарға жауап

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 28-VІ ҚР Заңы күшіне енді. Бұл кейбір заңнамалық актілері мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына өзгерістер енгізді. Аталған өзгерістердің қатарындағы елеулісі — азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелуі болып отыр. Сондай-ақ, пәтерді жалға берушінің де, жалға алушының да қолында рұқсат қағазы болмаса заң маңдайынан сипамайды. Бүгінде уақытша тіркеу қоғамда қызу талқы таразысына салынуда. Осыған орай туындаған сан сауалға ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева жауап берді. Ары қарай оқыңыз