Оңтүстіктің жасөспірімдері – чемпион!

Оңтүстіктің жасөспірімдері – чемпион!

Шілденің 10-18 аралығында Қарағанды қаласында футболдан республикалық «Былғары доп» турнирі өтті. Аталған сайысқа 2002-2003 жылдары туылған балалар қатысты. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жарыста облысымыздың намысын Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінің оқушылары қорғады. Қарабұлақтықтар намысты қолдан бермей, турнирде топ жарды. Ары қарай оқыңыз

Азия жүлдегерлері марапатталды

Азия жүлдегерлері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Берік Серікұлы еркін күрестен Азия чемпионатында жүлде алған спортшыларды қабылдады. Ары қарай оқыңыз

Суда ажал құшқандар көбейді

Биылғы жаздың аптап ыстығы болар, адамдар жан саялау үшін өзен-көлдерді, тоғандар мен бассейндерді жағалауда. Су десе баланың жаны кіреді емес пе? Тіпті, ондай кезде ата-аналарын да тыңдаудан қалады. Ал көп жағдайда суда шомылудың қауіпсіздігін білмегендіктен және сақтамағандықтан жасөспірімдердің суға кету деректері тіркелуде. Биылғы жылы суға батып, қайтыс болған балалардың саны өткен жылмен салыстырғанда көп. Ары қарай оқыңыз

Ассамблеяның өз шыңы бар

Ассамблеяның өз шыңы бар

Өткен аптада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында «Бұл – біздің таулар» атты фестиваль өтті. Туристік шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орайластырылған. Шара аясында Өгем тау жотасының шығысында орналасқан шыңдардың біріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңы» деген атау берілді. Биіктігі 3535 метр болатын шың басына бір топ альпинистер шығып ту тігіп қайтты. Ары қарай оқыңыз

Республика даңғылы №44 үй

Үйлері  жаңғыртылған тұрғындар неге өкпелі?

2011 жылғы 28 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауында «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлылығының деңгейі. Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды. Бұл бүгінде бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді. Бұл – біздің тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі. Көптеген жылдар бойы коммуналды сектор қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыландырылып келді. Соның салдарынан 2008 жылға қарай коммуникациялардың 72 пайызы жөндеуді немесе ауыстыруды қажетсінді. Ары қарай оқыңыз

Жәрдемақы, әлеуметтік көмек және күтім

Жәрдемақы, әлеуметтік көмек және күтім

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың нысандар мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін биыл бюджеттен 9 млрд 998,7 млн теңге бөлінетін болды. Аталған қаржы 2015-2018 жылдар аралығында игеріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Ары қарай оқыңыз

«Тұлпардың» жаңа келбеті

«Тұлпардың» жаңа келбеті

Қаладағы «Тұлпар» демалыс аумағы әзірге қаңырап бос тұр. Онда жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына да біраз уақыт болды. Жаз ортасы болса да демалыс орнының жөнделіп бітпеуі тұрғындардың наразылығын тудыруда. Ары қарай оқыңыз

Субұрқаққа шомылуға болмайды

Субұрқаққа шомылуға болмайды

Шілденің шіліңгір ыстығында қала тұрғындары субұрқақтағы суға шомылып сая табуда. Бір қызығы, адамдардың көпшілігі фонтанға шомылуға болмайтынын ескере бермейді. Ары қарай оқыңыз

Рухты шыңдаған спектакль

Рухты шыңдаған спектакль

Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры «Абылай ханның арманы» спектаклімен академиялық атына лайықты екенін дәлелдеді. Олай деуге негіз жоқ емес. Себебі, драматург Думан Рамазанның пьесасы негізіндегі қойылым театр ұжымына ерекше шығармашылық шабыт бергенінің куәсі болдым. Ары қарай оқыңыз

Жұмыс іздеп жүрсеңіз...

Жұмыс іздеп жүрсеңіз…

Облыста биылғы жылдың алты айында 17 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес биыл жалпы 5,518 млрд теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам қамтылатын болады. Ары қарай оқыңыз