Түлкібастың алмасы брендке айналады

Түлкібастың алмасы брендке айналады

Екінші «Швейцария» аталатын табиғаты ерекше Түлкібаста жыл он екі ай саяхаттаушылар легі толастаған емес. Құт мекеннің әсем табиғатын тамашалауға берісі елімізден, арысы шет мемлекеттерден келушілер саны жыл сайын артып отыр. Халық жазушысы Ш.Мұртаза «тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер» деп атаған Түлкібас алмасымен аты шыққан өңір. Киелі мекеннің тыныс-тіршілігімен танысқанда бұдан өзге де атқарылып жатқан талай жұмыстардың куәсі болдық.

Ары қарай оқыңыз

«Абайтану әлем үшін өзгеріс әкелмек»

Мекемтас Мырзахметұлы: «Абайтану әлем үшін өзгеріс әкелмек»

Биыл ақын Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбаттасқан едік.

Ары қарай оқыңыз

«Б» корпусы керек болмай қалды

«Б» корпусы керек болмай қалды

Елімізде мемлекеттік қызметке бірінші рет келгендер өз кәсібін ең төменгі қызметтерден бастайды. Мұндай мансап моделіне өту алдағы уақыттың еншісінде. Кез-келген қызметкердің мансабының өсуі жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстың негізінде және қысқа мерзімде жүзеге асып отырады. Осы орайда, әзірленіп жатқан «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның өз айтары бар. Жоспар бойынша құжат келер жылдан бастап күшіне енеді. Мұнан соң, мемлекеттік қызметкерлерді жаппай аттестаттау көзделіп отыр. Елбасы ұсынған Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бірінші міндет болып көрсетілген. 100 қадамдағы нақты 15-і осы саланың ашықтығын арттыруға бағытталған. Алдымен мамандарды жұмысқа алу тәртібі күшейеді. Одан кейін іріктеудің 3 сатылы жүйесі енгізілмек. Үміткердің заңнаманы білуі негізгі талаптардың бірі саналады. Екінші кезеңде арнайы комиссиямен сұхбаттасуы керек. Кейін қалаған лауазымына лайықты екенін дәлелдеуі тиіс. Белгілі бір қызмет үшін байқауға жеке сектордан тәжірибесі жоқ азаматтар да қатыса алады.

Ары қарай оқыңыз

Әлеуметтік желіде ғайбаттау заңмен қудаланады

Әлеуметтік желіде ғайбаттау заңмен қудаланады

Елімізде жала жабу, көпе-көрнеу, жалған ақпарат тарату, азаматтың намысын қорлау қылмыстық кодекстегі ауырлығы орташа қылмыстар болып саналады. Сонымен қатар, бүгінде «жалған екеніне сенімді бола тұра өсек таратқан» жандар да жауапқа тартылуда. Болған оқиғаны бұрмалап, ушықтырып жіберетіндер де заң алдында жауап береді. Мәселен, жуырда ғана Шымкенттегі «Мәскеу» түнгі клубында орын алған төбелес соңы кісі өлімімен аяқталғаны көпшілікке мәлім. Артынша әлеуметтік желіде қос бойжеткен марқұмды жақсы танитынын жазып, оның өліміне тәртіп сақшылары себепші болғанын хабарлаған болатын. Ары қарай оқыңыз

Кері ағымдардан кедергі көп

Кері ағымдардан кедергі көп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге ағылып келген өзге діндермен күрес қарқынды жүргізілсе, бертін келе ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дінінің өзінен ішінара жік шығып, көптеген адамдар кері ағымдардың ықпалына түсіп жатты. Қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары басталып кетті. Өз кезегінде, мемлекет болашағымыз үшін дінаралық, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында барынша тиімді саясат жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны айтылған. Осы орайда, облыс аумағында керағар ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр деген сауалға жауап іздеген едік.

Ары қарай оқыңыз

Бейбіт Атамқұлов

Оңтүстікке тоғызыншы әкім келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентке келіп, өңірге жаңадан тағайындалған облыс әкімін таныстырды. Облысты алты жыл, бес ай басқарған Асқар Мырзахметовтың орнына Бейбіт Атамқұлов әкім болып келді. Ары қарай оқыңыз

Текесу мен Тоғыстан қауіп бар

Төлеби ауданынан шым шаһардың қарамағына өткен Текесу айдынының суы біраз сарқылып, қазір қалыпты жағдайға түскен. Бірақ, «апат айтып келмейді» демекші, күздігүні толассыз жауын жауса, бөгетті бұзып кетуі әбден мүмкін. Текесудың жағдайын тексеріп шыққан төтеншеліктер осылай дейді. Айтуларынша, күрделі жөндеуден өткен су айдынында бетон бөгеттердің құрылысы толық аяқталмаған. Мердігер ерінсе керек, 70 метр жерді қалдырып кетіпті. Салдарынан сол маңдағы елдімекендерді де, облыс орталығын да су басу қаупі төніп тұр. Ары қарай оқыңыз

Мұхтархан ДІЛДӘБЕКОВ, ОҚО бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің басшысы

Мұхтархан ДІЛДӘБЕКОВ, ОҚО бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің басшысы: «Боксқа кеш келсем де, бағым жанды»

Ол боксқа кеш келді. Соған қарамастан талай жетістікке қол жеткізді. Бала күнінен қазақтың ұлттық ойыны көкпарды жанына серік етіп, білекті әрі жүректі жігіт болып қалыптасты. Рингте қарсыластарын қара күшпен құлаштап ұрғанда, есеңгіретіп жіберетін. Оған шетелдік талай мамандар таңдай қақты. Қарсыластары тайсақтады. Кім жайында сөз болып жатқанын аңғардыңыз. Қателескен жоқсыз. Ол әрине – кезінде аса ауыр салмақта еліміздің туын көкте желбіреткен Мұхтархан Ділдәбеков. Рас, Мұхтархан Қабыланбекұлы жайында айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, батырын іздеп жүретін ұлт емеспіз бе?! Оның үстіне ол спорттық карьерасына нүкте қойса да, бокс саласынан алыстап кеткен жоқ. Буыны енді қатайып келе жатқан балаларды жаттықтырып жүр. Яғни, 8 жылдан бері ОҚО бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқаруда. Осы жылдар аралығында талай өрендерді тәрбиелеп, бәйгеге қосып жүр. Батырымыздың спорттық жолы мен бүгінгі жетістіктерін білу мақсатында әңгімеге тартқан едік.

Ары қарай оқыңыз

Автотұрақтар мүгедектерге арналған

Автотұрақтар мүгедектерге арналған

Шымкентте көлігі бар мүмкіндігі шектеулі жүргізушілер үшін 12 көшеде тұрақ орындары пайда болды. Айта кетерлігі, 20 тұраққа мүмкіндігі шектеулі жүргізушілер ғана темір тұлпарларын қоя алады. Ары қарай оқыңыз

мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО бойынша филиалының бастығы Сағира Айтанаева

Әйелдерге субсидия беріледі

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмысынан айырылған әйелдерге мемлекет есебінен субсидия беріледі. Иә, иә, қателескен жоқсыз. Бұл ақпаратты алғаш есітігемізде біз де таңырқап қалдық. Субсиядия дегенде көз-келген жанның ойына ауылшаруашылық саласы оралатыны бар. Сондықтан да, мұның қандай субсидия екенін білуге асығып, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО бойынша филиалының бастығы Сағира Айтанаеваға жолықтық. Ары қарай оқыңыз