Аттестациядан кімдер босатылады?

Осы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер арнайы аттестациядан өтеді. Аттестацияның өткізілу барысы туралы түрлі мекемелерде арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзгешелік көп. Жай-жапсарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев түсіндірді. Ары қарай оқыңыз

Егіздерге жәрдемақы қалай төленеді?

 

Өткен жылы өңірімізде 79 195 нәресте туған. Дүние есігін ашқан сәбилердің ішінде 765-сі егіз болса, 5-уі үшем. Балаларға жәрдемақылар қалай төленеді? Сауалға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ОҚО филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Мүсіралиұлы жауап берді.

Ары қарай оқыңыз

Жаңа туған балаға берілетін жәрдемақының түрлері

Жүкті әйелдің ай-күні жетіп, босану уақыты жақындағанда перзентханаға өзімен бірге алып баруы тиіс құжаттары мен керекті заттар бар. Соның ішінде, құжаттардың түгел болуы маңызды.

Белгілі бір себептермен өзге қала-аудандарда жүргенде босанып қалған жағдайда құжат рәсімдеуге жылдамырақ қол жеткізуге болады. Жүкті әйелдің перзентханаға алып баратын құжаттарының тізіміне тоқталсақ. Ары қарай оқыңыз

«Крис П» жүйесі мен «Автоураган» қандай айыппұл жазады?

«Крис П» жүйесі
Жергілікті полиция қызметі «Крис П» жүйесін іске қосты. Бұл қондырғы қызметкерлердің қатысуынсыз жол ережелерін бұзу фактілерін таспаға жазады. Аталған құралдың алғашқы жұмыс күні Д. Қонаев гүлзарынан басталды. Айналдырған бір сағаттың ішінде 554 көлік иесі 5 миллион теңге айыппұлдың иегері атанып шыға келді. Ол тек жылдамдық арттырғанды ғана емес, арнайы сызықтарды басып тоқтағанда, не болмаса белгілі бір аумақта бірінші жолақтан екінші жолақты басып өтіп ауысқанды да есепке алады. Ереже бұзғандарды сол мезетте-ақ таспаға түсіреді. ЖПҚ қызметкері мен жүргізушінің «өзара келісуіне» жол бермейді. Айыппұл қағазы тез арада жүгенсіз жүргізушінің мекен-жайына жіберіледі. «Крис П» құрылғысы кез-келген көшеде тұруы мүмкін. Байқамай да қаласыз. Кішкене ғана болғандықтан алыстан да көзге шалынбайды. Стационарлы камераларға қарағанда өте «пысық» әрі жылдам. 50 градус суықта да істен шықпайды. Көлікті артқы жағынан да, алдынғы жағынан да түсіре алады.
ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол патрульдік полиция бөлімі мамандарының сөзінше, аталған құрылғы жылжымалы болғандықтан алдына ескерту белгісінің қойылмауы заңсыздық болып саналмайды. Ары қарай оқыңыз

Мемлекет қолдауымен үй алудың 4 тәсілі

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету «Өңірлерді дамыту 2020» және «Нұрлы жол» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Аталған екі бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар 4 бағыт арқылы баспанаға қол жеткізе алады. Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева айтып берді. Ары қарай оқыңыз

Нәресте өмірін сақтаған — бесік

Саудаға салынбайтын, әулеттің өткенінен ертеңіне жалғасып, берілетін, қастерлейтін ерекше қазынамыз бар. Ол – бесік. Жаңа туған сәбидің алтын ұясы, киелі мекені. «Бесігі биікте ілініп тұрмаған қазақ жоқ» десек қателеспейміз.

Қазақ халқы жау жағадан алып, бөрі етектен тартып, қиын-қыстау кезінде ғұмыр кешкен күндерде де бесігін тастамаған. Мұны тарих та растайды. Бұған Төле бидің әңгімесі дәлел. Ары қарай оқыңыз

Шымкенттегі азалы «Албастысай»

Саяси қуғын-сүргін жылдарында Оңтүстікте 2500-дей азамат  ату жазасына кесілгені айтылады. Сол арыстардың сүйегі жатқан орын бүгінде  «Қасірет» мемориалы деп аталады. Мемориал аумағындағы терең сай ел аузында «Албастысай» деп аталып келеді. Атынан адам шошитын осы бір сөздің астарында талай құпияның жатқаны анық. 

«Қасірет» мемориалының аумағына енген жанды бір күш әрі-сәрі күйге түсіріп, мұңға бөлейді. Аурасы ауыр. Өйткені, мұнда өткеннің қасіреті, қара тарихы бар. Репрессия заманында көзқарасын, пікірін білдірген көзі ашық азаматтарды «халық жауы» деп атап, ату жазасына кесіп, осы маңдағы ұзыннан ұзақ созылып жатқан сайға әкеліп, қорғасын оққа байлаған. Арыстардың сүйегі осында жатыр. Ары қарай оқыңыз

Муковисцидоз – аса қауіпті кесел

Облыста муковисцидоз дертімен 15 шақты бала ауырады. Өте сирек кездесетін кеселді емдеу қиын. Сондықтан еміне мемлекет тарапынан дәрі-дәрмек тегін беріледі. Муковисцидозға туа бітті шалдыққан бала күнделікті 10-нан астам түрлі дәрі қабылдайды. Бір баланың дәрісін алуға айына 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Жуырда муковисцидозбен ауыратын балаға берілетін препараттарды уақытында ала алмай ата-аналар дабыл қақты. Бұл қандай дерт екендігіне қысқаша шолу жасасақ. Ары қарай оқыңыз

Пәтер иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті

Азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеу бойынша заңға енгізілген өзгерістерді ОҚО Ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрдәулет Төлегенұлы жан-жақты түсіндірді.

«Қазақстанда тіркеу институты 1993 жылы енгізілген. Ол еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді, бірақ жаңа тұрғылықты жерге келген азамат өзінің мекенжайы туралы хабарлауы тиіс. Бұл ішкі көші-қонға мониторинг жүргізуге, осы және басқа қалада немесе аудандағы азаматтардың есебін нақтылау үшін қажет. Осы мәліметтердің негізінде жұмыс орындарын ашу, мектеп, аурухана құрылысы, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланады. Бұған қоса, полициядан немесе басқа органдардан қандайда бір арнайы рұқсат алудың қажеттігі жоқ, тұрғын жай иесінің келісімі болса жеткілікті», – деді облысымыздағы Көші-қон полициясының бастығы. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу… тағы нені білу керек?

Уақытша тіркеу төңірегіндегі сауалдар легі толастар емес. Сұрақтарға ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Жеңіс Әуелбеков жауап берді.

– Қаладағы пәтерімді жалға бергенмін. Алайда, пәтерімді банк арқылы несиеге алғандықтан бұғатта тұр. Пәтерімді жалға алушыларды уақытша тіркеуге қалай тұрғызамын?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына енген өзгертулерге байланысты пәтерін жалға берушілер пәтерінде бір айдан астам мерзімге тұратын азаматтарды уақытша тіркету қажет. Бұл міндетті орындамағанда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл үшін банктен құжатардың түпнұсқалары кепілдікте тұрғаны туралы анықтаманы және тұрғынүй құжаттарының көшірмесін алып, ХҚКО-на өтініш білдіреді. Ары қарай оқыңыз