«Agri Tek Shymkent-2015»

«Agri Tek Shymkent-2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

«Алтын күз-2015» мерекелік шарасы аясында «Agri Tek Shymkent — 2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Күнгейде төртінші рет ұйымдастырылған көрмеге қатысқандар көп. Онда отандық өндірушілермен қатар 10-нан астам шет мемлекеттен 70-ке жуық компания келіп, өз тауарларын ұсынды. Ары қарай оқыңыз

Баспана бас ауруға айналды

Баспана бас ауруға айналды

Сайрам ауданына қарасты Ынтымақ ауылының тұрғыны Мөлдір Тұяқова отбасымен әркімнің баспанасын уақытша паналаумен келген. Төрт баланың анасы жуырда бос тұрған дүкенге қоныстаныпты. Алайда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр бұл ғимаратты апатты күйге жеткізіп, бір қабырғасы құлап қалған. Дәрменсіздің күйін кешкен отбасы енді далада қалды. Шиттей бала-шағасымен қайда барарын білмейтін келіншек тағдырына ашынып, жұрттан көмек сұрауға мәжбүр. Ары қарай оқыңыз

Шымкент алдағы бес жылда...

Шымкент алдағы бес жылда…

Облыс әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымшаһардың 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Қаланың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы, сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған. Ары қарай оқыңыз

«Ауаға ілінген» үйлер

«Ауаға ілінген» үйлер

Шымкент қаласындағы «Батыс» («Ынтымақ») шағынауданының мыңға жуық тұрғыны бүгінде әрі-сәрі күй кешіп жатыр. Бас прокуратураның шешімімен жер учаскелеріне шектеу қойылған тұрғындар мекенжайы бойынша не тіркеле алмай, не медициналық, не әлеуметтік қызмет түрлерін пайдалана алмауда. Себебі, тұрғындардың жер теліміне байланысты ҚР Бас прокуратурасы былтыр шектеу қойған екен. Содан бері ауыл тұрғындарынан маза кеткен. Ары қарай оқыңыз

Алыпсатардың саудасы қызып тұр

Алыпсатардың саудасы қызып тұр

Қазіргі кезде жұрттың үстінен күн көріп, оңай олжаға кенеліп отырған «кәсіп» көзінің бірі – делдалдық немесе алыпсатарлық. Ары қарай оқыңыз

Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Қазақстан қор биржасындағы 5 қарашадағы таңертеңгілік сауда қорытындысына сәйкес, орташа сараланған бағам долларына 298,92 теңгеге жеткен болатын. Осылайша кешкілік саудамен салыстырғанда сәрсенбіде доллар бірден 11 теңгеге қымбаттады. Ары қарай оқыңыз

Нан бағасы еркін айналымға жіберіледі

Нан бағасы еркін айналымға жіберіледі

Қарапайым тұрғындарды әлбетте азық-түлік бағасы алаңдатады. Жұрт доллардың қымбаттауымен ілесе жүретін тұтыну тауарлары құнының күн санап өсіп бара жатқанына ашулы. Сонымен қатар, нан бағасына қатысты алып-қашпа әңгімелер де ойды сан-саққа жүгіртіп отыр. Ары қарай оқыңыз

Мәртөбедегі қоқыс алаңы жабылсын!

Мәртөбедегі қоқыс алаңы жабылсын!

Сайрам ауданынан қаланың қарамағына өткен Мәртөбе елді-мекенінің халқы сол маңайдағы «қоқыс алаңы жабылсын!» деген талабын әлі күнге айтып келеді. Себебі, Мәртөбе ауылы қоқыс полигонына жақын орналасқан. Ары қарай оқыңыз

Жылудың жыры бітпей тұр

Жылудың жыры бітпей тұр

Шымкент қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны – 1762. 1-қарашаға дейін 1427 көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылған.

Ары қарай оқыңыз

Мемлекеттен үй алудың үш жолы

Мемлекеттен үй алудың үш жолы

«Үйі жоқтың күйі жоқ» дегендей, бүгінде облысымызда баспанасыз жүрген жандар жетерлік. Өздеріңіз білесіздер, нарықтағы үйлердің бағасы шарықтап тұр. Жер телімін сатып алып үй салу, құрылыс материалдарын жеткізу де оңайға соқпайды. Себебі, халықтың әл-ауқат деңгейі тең емес. Ары қарай оқыңыз