Дағдарыста баспаналы болудың амалы

    4 квартираСоңғы жарты жыл көлемінде ел ара­сында «теңгенің долларға шаққандағы бағамы 500 теңгеге жетеді екен», «теңгемен ашылған депозиттегі ақшаның құны қал­майды», «енді аз пайызбен үй беріл­мейді екен» деген сияқты әңгімелер көбейді. Редак­циямызға хабарласып, «Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкіндегі депо­зитімнен ақшамды алсам қайтеді, не айтасыздар?» деп кеңес сұраған оқырмандар да бар. Таяуда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк салым­шыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «Өз үйім» атты бағдарламаны таныстырды. Жоғарыдағы желдей ескен сөздердің дұрыс-бұрысы мен дағ­дарысқа қарсы жасалған бірегей бағдарлама турасында банк басшылығынан сұрадық. Ары қарай оқыңыз

Теңгенің сыйақысы өседі

4 кпоилкаМәжілістің кезектен тыс сай­лау­ын өткізу уақы­­ты белгіленген күн­нің ертеңінде Ұлттық банк төр­­­аға­сы Данияр Ақышев бас­пасөз-кон­ференциясын өткізді. Жас төраға халық­тың көкейіндегі сауалдардың шет жағасынан хабардар болса керек, әңгімесінің төркінін алтын-валюта резерві мен Ұлттық қордың қаржысын сақтап қалудан бастады. Төрағаның айтуынша, Ұлттық банк қиналғанда демеу болар осы екі қоржынның «мұрты бұзылса да, мұрны бұзыл­мау­ына» мүдделі. Бұл үшін валю­талық интервенцияны азайтқан.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлт­тық банк нарыққа 851 млн АҚШ доллар­ын сатты. «Теңгенің құны күрт төмендеп, ауыт­қу шегі ұлғайған кезде ғана бағамды рет­теу­ге қатыстық» деген Данияр Ақышев Ұлт­тық банктің валюта нарығындағы негізгі ойын­шыға айналмағанын айтады. Сәйкесінше, теңге бағамының қай бағытта өзгеретінін анық­тамаған. Ары қарай оқыңыз

Жаңа жыл жаңа тарифтермен басталмақ!

Су

2016 жылы 1 қаңтардан бастап «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС магис-тралды құбырлар бойынша су беру және реттегіштің (ауыз су, теңге/м3) қызмет көрсету тарифі:
Елдімекен және жылу беруші кәсіпорындар – 59,36 т;
бюджеттік мекемелер – 264,72 т;
басқалары – 205,35 т;
(ЕҚ) есептегіш құралы жоқ тұтынушылар үшін бір адамға айына төлемі – 289,69 т; Ары қарай оқыңыз

20 000 теңгенің келбеті

20 000
Осы жылдың  1 желтоқсанынан  бастап 20 мың теңгелік банкнот айналымға енді. Ұлттық купюраларымыздың ішіндегі номиналы мен көлемі жағынан ең үлкені болып саналатын банкнот 2013 жылы басылған. Сол жылы ұлттық валютаның 20 жылдығына арналып шығарылды.
Сонымен Қазақстандағы ең құнды ақшаның бет-бейнесі қандай? Осы жайында аз-кем тоқталсақ. Ары қарай оқыңыз

Бикештер қаржылық сауаттылықты қалайды

IMG_3382Еліміздегі шағын және орта кәсіп нысандарының 41%-ын нәзік жандылар басқарады. Аруларымыздың кәсіп ашып, тек өзіме ғана емес, қоғамға да пайда келтірсем деген талпыныстары нәтижесін де беріп жатыр. Осы орайда облыстық Кәсіпкерлік палатасының әйелдер кеңесі «Оңтүстік өңірінің қыз-келіншектері және бизнес» атты аймақтық форум өткізді. Жиынға кәсібін дөңгелеткен не болмаса енді бизнес бастаудың тетіктерін үйреніп жүрген 220 әйел қатысты. Ары қарай оқыңыз

«Қызыл сызыққа» көз сүзгендер

«Қызыл сызыққа» көз сүзгендер

Облысымызда сәулет және қала құрылысы нормалары мен талаптарын бұзған 6202 нысан анықталған. Алайда, осы нысандардың қай-қайсысы болмасын, заң талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір шара қолданылғаны жөнінде толыққанды жария етілмей келеді. Ары қарай оқыңыз

Жұмыссыз қалмаудың жеті амалы

Жұмыссыз қалмаудың жеті амалы

Соңғы кезде дағдарыс деген сөзді жиі еститін болдық. Мемлекеттің экономикалық жағдайы, үнемдеуге көшкен ел бюджеті, әлемдік діни ахуал, тағысын тағы… Ал осындай кезеңде жұмыссыз қалсаңыз, тіптен қиын. Өйткені, дайын тұрған бос жұмыс орны бірден табыла қоймайды. Бірақ, адам баласы өмірде қандай жағдай болмасын қездесетін қиындықтарға дайын тұруы керек. Дағдарыс пен саяси оқиғаларды сылтауратып отыра берсеңіз, ешкімнің мұрты қисаймайды. Және бұл жалқаулардың ісі екенін қазір бәрі біледі. Мәселен, сіз өзіңіздің мықты маман екеніңізге сенімді болсаңыз, кез-келген мекемеге жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз бар. «Қалай» дейсіз ғой? Ары қарай оқыңыз

Бюджет нақтыланғанмен, бүйір толмады

Бюджет нақтыланғанмен, бүйір толмады

Мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары «2016 — 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Ары қарай оқыңыз

Инновацияны жатсынбаған аудан

Инновацияны жатсынбаған аудан

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы — өнеркәсібі дамыған әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан да болар, биыл аудан инновациялық жобаларды жүзеге асыруда үздік деп танылды. Тамшылатып суғару әдісін ендіруден екінші, жылыжай саласын дамытудан үшінші орын иеленді. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал басын көбейткен «Сералы» ШҚ, республикаға белгілі «Ордабасы құс» күркетауық фабрикасы, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС, елімізге танымал «Аделя» шаруашылығына қарасты жылыжай кешенінің қарқынды жұмыстарын атап өтуге болады. Ордабасы ауданында атқаралып жатқан өзге де игі істер жөнінде арнайы іссапарда танысып қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік жеткілікті ме?

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік жеткілікті ме?

«Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы 1 847 196 000 теңгеге келісім-шарт жасасқан болатын. Бөлінген 1 847,2 млн теңгеге 2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың маусымы аралығында 12 925,0 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынған. Ары қарай оқыңыз