Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстікке әр жылы: көктемде және күзде арнайы келеді

_dsc0918

Президент «Оңтүстікке деген ықыласы ерекше екенін» әр келген сапарында айтып жүреді. Халқы көп, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі мен дініне берік, әдет-ғұрып, жөн жоралғысын ұмытпаған, ұлыстың ұйтқысы деп сенім артатынын да айтпай қалмайды келген сайын. Бұл өңірдің тұрғындарына қиындықта да, саяси науқандарда да арқа сүйеп, қолдау күтетіні де белгілі. Соңғы жылдардағы сол сапарлары барысында облыс пен оның орталығы Шымкентке қатысты айтқан сөздері мен атқарылған жұмыстарға берген бағасын еске алып көрсек… Ары қарай оқыңыз

Уран өндірісіне бағытталған индустриалды аймақ

b%d3%a9shke03-1Елбасы жолдауының басым бағыттарының бірі, ол – экономиканы диверсификациялап, индустрияландыру. Осы мақсатта аудан-аудандарда индустриалды аймақтар құрылды. Солардың бірі Созақ ауданында орналасқан. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Теріскейге іссапарында осы индустриалды аймақтың жұмысымен танысты.

Ары қарай оқыңыз

Жедел жәрдем көлігін жабдықтайтын«Kazmedpribor Holding» ЖШС

dsc03195

Елбасы жолдауының отандық өнімді дамыту бағытында ел медицинасын өзімізде жасалған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жүрген бірден бір кәсіпорын — «Kazmedpribor Holding» ЖШС. Компания өндірісін одан әрі кеңейтіп, рентген аппаратарын жасайтын зауыт салуды бастады. Аталмыш зауыт жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде салынады. Жылына 60 мың дана құрал-жабдық шығаруға қауқарлы кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ. Ары қарай оқыңыз

Тоқыма өнеркәсібінің әлеуетін байқатқан MACHTEX-2016 көрмесі

img_4554

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық тауарларды өндіретін жаңа өндіріс орындарын ашып, Қазақстан өнеркәсібін дамытуды, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырған болатын. Бұл міндеттерге дағдарыс кезінде қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және оларды төмен бағамен сату туралы мәселені шешу де кіреді. «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады», -деді Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында.

Оңтүстік өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Оңтүстік экономикалық аймақта өз кәсібін бастаған өндіріс орындары әлемді мойындатып үлгерді. Шымкент қаласында өткен «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы бұған дәлел бола алады. Бір айта кетерлігі, «MACHTEX-2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылады. Өңірде көрме екінші жыл өтті. Көрмеге елімізде және өңірімізде тоқыма саласын дамытуға атсалысып жүрген отандық өндіріс орындары қатысты. Ары қарай оқыңыз

«AK ordasy building» ЖШС екі аптада бір үй салады

5-modulnyj-dom-kopiyaЕлбасының жолдауына сай, халықты арзан әрі ыңғайлы баспанамен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Оңтүстік өңірінде жаңа тәсілмен — модульдік үйлер салынуда. Мұндай өндіріспен айналысатын бірегей кәсіпорын Шымкенттегі «Асар» шағынауданында қоныс тепкен. «AK ordasy building» модульдік үйлер зауыты жылына 1000 дана баспана шығаруға қауқары жетеді. Әзірге зауыт жеке тұлғалардың тапсырысымен 10-нан астам дайын үй шығарған. Бұл жобаның инвесторы AGROTECH, INC (АҚШ) және «Корпорация АК ордасы» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1,6 миллиард теңге. Модульдік үйдің артықшылығы, өңірдің табиғатына бейімділігі және отандық өндіріс орнының алға қойған мақсаттары жайында тарқатып айтсақ. Ары қарай оқыңыз

Қарасорадан қағаз өндірілмек…

4-kagaz-kopiyaЕлбасының жолдауы-на сай отандық шикізатты пайдаланып, толықциклді өнім жасауды дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Кезінде Шу алқабынан жинап алынған қарасора шөбінен кендір жіп және өте сапалы кендір майын дайындайтын ірі өндіріс орындары болған. Әскери теңіз флоты осы қарасорадан дайындалған кендір жіптерді пайдаланатын. Бір арнаға келтірілген сала жүйе бойынша жұмыс істейтін. Бұл — арнайы өндіріс орны, жұмыс күші, бюджетке түсетін салық… Осындай тізбек бойынша жұмыс істейтін жүйе бірін бірі толықтырып тұратын. Кеңеспен бірге кендір жіп те келмеске кетті. Пайдасы мол кәсіп түрін қолға алып, ары қарай дамытуға ден қойғандар баршылық. Дегенмен орасан зор қаржыны қажет ететін салаға Үкімет тарапын қолдау қажет-ақ. Ары қарай оқыңыз

МҮГЕДЕКТЕР 6 БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ТҰРАДЫ

8888888888888Өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек етуге деген ынтасы жоғары. Олар қоғамнан шет қалып қоймай, екі қолға бір күрек болса да жұмыс істегісі келеді. Солардың бірі — редакциямызға хабарласқан Болат есімді — II топтағы мүгедек азамат. Еңбек етіп, тер төккісі келетін азаматқа жергілікті жұмыспен қамту мекемесі көбіне III топтағы мүгедектер жұмыспен қамтылатындығын айтқан. Тауы шағылып, үміті үзілген Болат енді не істерін білмейді. Бұл бір ғана мысал. Редакцияға мүгедек жандардан келіп жатқан хаттар толастар емес. Олар қайдан жұмыс іздеуге, уақытша болса еңбекке араласуға болатынын және мемлекеттік бағдарламалар арқылы қандай мекемелерде жұмыс істей алатынын білгісі келеді. Ары қарай оқыңыз

ШНОС-та 14 жаңа қондырғы салынады

000000

Жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» Шымкент мұнай өңдеу зауытының мамандары кәсіпорындағы қайта құрылымдау және жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырды. Жаңғырту бағдарламасы осы зауыттағы іске асырылып жатқан ең маңызды жобалардың бірі. Қайта құрылымдауға инвестицияланған қаржы көлемінің зауыттың бар құнымен шамалас екені де көп нәрсені білдіреді. Зауытта жаңғырту аяқталғаннан кейін АИ-80 маркалы жанармай шығарудан бас тартуы мүмкін. Оның орнына октандылығы АИ-92-іден кем емес бензин шығарады. Кәсіпорын тауарларының қатарында түрлі-түсті мұнай өнімдерінің қатары артады.
Ал, АИ-92, 95, 96 маркалы бензиндер ЕУРО-4 және ЕУРО-5 талаптарына сай болады.

Ары қарай оқыңыз

Пайызы аз жаңа несиелер

кредиты2

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы қара алтынның әлемдік бағасымен қатар құбылған шақта елдегі несие нарығы алақұла күйді бастан өткеріп жатыр. Екінші деңгейлі банктер, микронесие ұйымдары мен кәсіпкерлікті қолдау қорынан берілетін түрлі несиелердің шарттары өзгеріп, нарық жағдайына бейімделе бастады. Шағын және орта кәсіп иелерін біржола тұқыртып тастаудан сақтанған билік бизнесті қолдауға деп берілетін несиенің жаңа түрлерін ұсынды. Солардың бірнешеуін кеңінен таныстырып өтелік.

Пайызсыз несие

Таяуда ғана «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағдарламасын іске қосатынын хабарлады. Қайтарылмалы негізде 1 млрд 200 млн теңге көлеміндегі бағдарламаны қаржыландыру «АЛМЭКС» компаниялар тобының жеке капиталын тарту арқылы іске асады. Бағдарлама аясында 4 пилоттық облысқа 300 млн теңгеден бөлінеді. Оған қоса, әкімдіктер осы сома мөлшерінде қосымша қаржыландырмақ. Kazakh-tv телеарнасының хабарлауынша, жоба аясында жеке ісін ашуға немесе шаруашылық іргесін кеңейтуге 15 млн теңгеге дейін пайызсыз несие алуға болады. Тек жалпы соманың 7 пайызы шағын несиені ресімдеуге жұмсалады. Кепілдікке ауылды аймақтағы баспана қойылады. «Тұрғын үйдің бағасы алған қаржының құнына сәйкес келмегеннің өзінде қам жеудің қажеті жоқ. Бұл шара қарыз алушының қаржыны мақсатты жұмсауына ынталандыру-дың қамы», — дейді мамандар. Тіпті бизнес жос-пардан бас-тап жобаның өндіріске қосылуына дейін демеу жасалады. Әзірге пилотты жобаға Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кірістірілген. Бастама нәтижесін берсе, кейін өзге өңірлерді бағдарламаға тарту көзделіп отыр. «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қаражат ешқандай пайызсыз 3 жылға теңгемен беріледі. 3 жылдан кейін тағы созуға болады. Негізі бұл қаражат тек аудан орталығы мен моноқалаларда істейтін азаматтарға, кәсіпкерлерге ресімделеді.
Ал, «АЛМЭКС» басқарма төрағасы Мәжит Есенбаев өз кезегінде Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған шағын несие беру ұйымдары бүгінгі теңгелік өтімділікке байланысты үлкен қиындықтарға тап болғандығын айтады.

4 Мәжит ЕсенбаевНұрлан Ақшанов, Даму» Қорының Басқарма директоры
-Біз бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша несиені алу, автокөлікті конвейерде жасап шығаруға ұқсас болғанын қалаймыз. Банктің несиелік менеджері «Даму — микро» технологиясын қолдана отырып, банктің шешімін алуды 3-7 күнде қамтамасыз етуі керек. Оның үстіне, банктің несиелік менеджері мемлекеттік қолдау механизмінің «тетіктерін» білуі қажет, яғни, қай жерде «Даму» Қорының кепілдігін немесе «сусбсидияны» іске қосу керектігін. Осы конвейерден 7 күнде бір дайын жоба шығарылуы тиіс.

«Даму-микро» технологиясы

«Даму» Қоры ұсынып отырған «Даму микро» технологиясы бойынша шағын кәсіпкерлік үшін несиелендірудің бірнеше түрі бар. Олар — экспресс-несие, микро несие және микро-стандарт несие.
Шарты:

  • Экспресс-несие: қарыз сомасы 3 млн теңгеге дейін, 12 айлық мерзімге дейін, 9 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі – екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 3 жұмыс күнінен аспайды.
  • Микро несие: қарыз сомасы – 30 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 84 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 12 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.
  • Микро-старт несие: қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 60 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 18 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. Жұмыс істеп тұрған бизнесі 36 айдан аспауы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.

Оған қоса, микро және шағын бизнес кәсіпкері екінші деңгейлі банктен несие алу кезінде кепілзаты жеткіліксіз болса, «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана алады. Жаңа технология бойынша сондай-ақ, несиені 7 — ден 10%-ға дейін субсидиялау құралын қолдану да мүмкін.

«Банк KassaNova» АҚ мен «Альфа-Банк» АҚ ЕБ «Даму» Қорымен жаңа бағдарламаны жүзеге асыру бойынша келісім жасасып, әрқайсысы 200 млн теңге мөлшерінде қаражатқа ие болған.
2016 жылдың алғашқы тоқсанында серіктес — банктер арқылы бағдарлама аясында қарызды мақұлдаудың орташа жылдамдығы 3-7 күнді құрайтын 40 несие берілетіні жоспарланып отыр.

4 Мәжит ЕсенбаевМәжит Есенбаев, «АЛМЭКС» Басқарма төрағасы:
— Олар ұсынып отырған, шамамен 45-50%-ға тең пайыздар, меніңше, шағын және орта бизнес үшін мүлдем тиімсіз. Оған қарағанда бүгінде 14%-бен несие беретін «Даму микро» ұйымының қызметі жаман емес. Біз олармен бәсекеге түскіміз келмейді. Керісінше, шағын несие мөлшерін ұлғайту арқылы көмек көрсеткіміз келеді.

 

 

 

 

Субсидия алғыңыз келсе…

вввКөктемгі егіс жұмыстарының басталуына санаулы күндер қалды. Облысымыздағы 70 мыңнан астам шаруа қожалықтың иелері науқанға кірісуге дайын. Тек қолбайлау болып тұрғаны бұған дейін беріліп келген субсидияның биыл бар, не жоқ екендігі. Осы бір белгісіздік шаруаларды әрі-сәрі күйге түсірді. Өйткені, өткен жылдың соңына қарай субсидияның мүлдем тоқтатылатыны және шаруаларды кооперативтерге біріктіретіні жайлы сыбыстар жиі айтылған-ды. Осы жылдың қаңтар айында күшіне енген «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң да біраз өзгерістер алып келді. Ал, мемлекеттен берілетін қаржылай қолдаудан шаруалар қағылуы мүмкін бе? Биылғы субсидия беру жағдайы, ауылшаруашылық саласындағы жаңа реформалар мен мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдаулар жайында тарқатсақ… Ары қарай оқыңыз