Мемлекет қолдауымен үй алудың 4 тәсілі

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету «Өңірлерді дамыту 2020» және «Нұрлы жол» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Аталған екі бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар 4 бағыт арқылы баспанаға қол жеткізе алады. Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева айтып берді. Ары қарай оқыңыз

Биылғы жәрдемақы мөлшері

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға өсті, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады. Ары қарай оқыңыз

2017 жылдың коммуналды тарифтері

Жаңа жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында су, электр және газ қымбаттамайды. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Аталықов мәлімдеді. Оның сөзінше, әлемнің дамыған елдеріндегі монополияға қарсы реттеу әдісімен алмастырлады. Департамент баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын болады. Қай салада болмасын тарифтер өсімі инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Ал, тариф шамасы 2017 жылы төмендегідей болды:

Ары қарай оқыңыз

Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

Жаңғырту жұмыстарының II кезеңі басталды

Биыл «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және реконструкциялау жобасы аса қарқынды жүргізіліп, талай шаруа тындырылды. Көктемнен бері цехаралық эстакадалардың монтаждау жұмыстары орындалып, барлық металл құрылымдары салынып бітті. Енді құбыр желілері жүргізіліп жатыр. Факель шаруашылығының негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Трансформатор подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Зауытқа электр қуатын жіберу желісінің де құрылысы 50 пайызға аяқталып, қазір қарқынды түрде жалғасуда. Ары қарай оқыңыз

Барды ұқсата алмаған ұтылады

Қаржының игерілмей қалуы жыл сайын қайталанатын «жырға» айналды бүгінде. Дәстүрлі спектакль. «Тіпті солай болуы тиіс» деп қабылдайтын дәрежеге де жетіп қалғандаймыз. Соны сораптан шықпайтын сценарийдей де тіпті. Биыл қазына қамбасында жамбасы қимылдамай қалып кеткен қаржы 129 млрд теңгені құрап отыр. Аз қаржы емес. Бұған біраз жыртықты жамап алуға болар еді. Егер «қазаншы» ерік берсе… Бірақ «құлақты» қайдан, қалай болса, солай шығаруға болмайды. Өзіндік бағыты бар. Өзіндік миссиясы бар. «Орындалмайтын»…

Кезінде үкіметтегі ел экономикасының жай-күйіне жауапты болған бұрынғы министр Ерболат Досаев
кезінде дәл осы мәселені ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни, «асқазанның созылмалы қорытпауы» деп айтқан болатын.
Бұл теңеу бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Бұған қарап мынадай қорытынды жасауға болады: бюджеттік қаржының дер кезінде орындалуына бақылау жеткіліксіз. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі сапасыз. Ары қарай оқыңыз

Шымкенттің бюджеті 102 млрд теңгеден асады

Шымкент қаласының 2017 жылға бекітілген бюджеті 102 млрд теңгеден асады.

Бұл соманың 43 пайызы, яғни 44 млрд теңгеге жуығы білім саласына жұмсалады. Ары қарай оқыңыз

ОҚО бюджеті — 602 млрд теңге

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша облыстық бюджеттің көлемі республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің есебінен 484,5 млн теңгеге ұлғайды.

Жұқпалы аурулар, созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу тәсіліне өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрімен қамтамасыз ету үшін, халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, балаларға арналған емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз етуге қосымша 66,5 млн теңге бағытталды. Ары қарай оқыңыз

Мұрат Тағаев, «Ордабасы Құс» ЖШС директоры: Күркетауық өсіру – босаңсуға жол бермейді

«Ордабасы құс» ЖШС өндіретін күркетауық етін бүгінде көршілес елдер таныды. «Дәмді ет» деген сауда белгісімен шығарылатын күркетауық етінің қаптамадағысы, ысталғаны, тіпті шұжығы дәмі тіл үйіреді. Экспортқа өнім жөнелтетін кәсіпорын әлемдік нарықта технология және сапа тұрғысынан бәсекелес болуға дайын. Мұның бәрі Тәуелсіздік алған 25 жылда төккен тер, еткен еңбектің нәтижесі. Дегенмен, табысқа жетудің жолы оңай болмаған. Бүгінгі кейіпкеріміз күркетауық саласын дамытуды қолға алған оңтүстікқазақстандық азамат — «Ордабасы құс» ЖШС директоры – Мұрат Тағаев. Құс өсіру саласының майталманы күні кеше ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алды. 500-ден астам кәсіпорын қатысқан байқауда алға шығып, жүлделі орынға ие болды. Ары қарай оқыңыз

«ПКОП» ЖШС-дегі жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

000000Елбасы жолдауына сәйкес отандық кәсіпорындарды заман талабына сай жаңартып, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петро Қазақстан ойл продактс Шымкент мұнай өңдеу зауытында изомеризациялау қондырғыларын орнату жұмыстары аяқталуға жақын.
«Шикізатты дайындау блогы бар изомерлеу қондырғысын салу» жобасы К-4, К-5 стандарт талаптарына сай келетін автобензин компоненттерін өндіруге бағытталған. Қондырғының қуаттылығы жылына – 600 мың тонна. Мұндағы қондырғы іске қосылғаннан кейін Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сай бензин шығаруға арналған қоспалар алынады. Ары қарай оқыңыз