Дастан қажы Желеуов, «Қождан ата» мешітінің имамы

Дастан қажы Желеуов, «Қождан ата» мешітінің имамы: «Кері ағымдардың мақсаты – мұсылмандарды өзара шағыстыру»

Бір тудың астында өмір сүріп жатсақ та, соңғы жылдары дін атын жамылып, түрлі қитұрқы әрекеттерін жүзеге асыратындар көбейді. Терроризм мен экстремизм, кері ағымдардың әсерінен жұртшылық ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай жатыр. Осындай кезде еліміздегі имамдар Ислам дінін жан-жақты насихаттап, елдің ауызбіршілігі мен бейбітшілігіне үлес қосып отырмаса болмайды. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы «Қождан ата» мешітінің имамы Дастан қажы Желеуовпен кері ағымдардан қалай сақтану керектігі жөнінде сұхбаттасқан едік.  Ары қарай оқыңыз

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Ата дәстүрді теріске шығару шала білімге ие болғандардың ісі»

Соңғы кезде қоғамда ислам діні бойынша ілім алғандардың арасында жылдар бойы ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізге қарсы шығу, сәлем салуға тиым салу сияқты жәйттері кездесіп жатыр. Яғни, қайсыбір жастар дәстүрді шариғатта жоқ деп айыптап, ата-анасының да айтқандарына құлақ аспауда. Осындай түсініспеушіліктердің аражігін ажыратып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы орталық мешіт имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровпен сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемдік өркениеттегі өз орын анықтауға бет алғанына да 24 жыл болды. Осы әлемдегі біздің алатын орынымыз қандай, ертең қандай болмақ деген мәселеге тоқтар болсақ, ол да ұлттың ертеңі. Оның бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, біліміне, тыныштығына, ұлт алдындағы жауапкершілігін сезінуіне тікелей байланысты екені анық. Мен осы ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызды екенін айтқым келіп отыр. Өйткені діни сауатсыздық және дінсіздік адамзатты құрдымға алып барады. Сол мәселелерді болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс арнаға бұру керек. Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Бұл сұрақ әсіресе жастарды көп мазалайтын секілді. Біршама уақыт болды Шымқалада теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беретін орталықта жұмыс істеп келемін. Жалпы әлгі жоғарыдағы сұрақты жеке кездесулерде жиі қойып отырамыз. Көпшілігі “иә, қарсы келеді» деген жауапты береді. Жастар дейтін себебім, деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтардың жас ерекшеліктері 16-29 арасында болып жатады. Бұл өткен жылдардағы, яғни, біз кездескен азаматтардың арасындағы көрсеткіш. Мұны тек қана ОҚО бойынша деп айта алмаймын.  Ары қарай оқыңыз

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Иә, орынды сұрақ. Әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: «ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішпейді, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ» дейді. Бір жағынан қарасаңыз, дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине, алдамаған, таразыдан жемеген соң, сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім (бұл менің жеке пікірім). Ары қарай оқыңыз

Экстремизммен күресудiң кейбiр қырлары

Экстремизммен күресудiң кейбiр қырлары

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 18 ақпанында № 31 заңы қабылданған болатын. Осы заңның 1-бабының 5-тармағында «экстремизм – жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:  Ары қарай оқыңыз

Зайырлылық – тарихи талап

«Дәстүрлі емес конфессияларды жабу керек, құрту керек» дейтін сәуегөйлер мен дақпырт жасаушылар құқықтық-демократиялық негіздерді мойындаған әлемдік үрдіс – зайырлы мемлекеттік ұстаным шеңберінде көпконфессионалды жағдайдағы елдерде діни төзімділік пен тағаттылық таныта бейбіт қатар өмір сүруді үйрену керек-ақ. Ары қарай оқыңыз

Мазхаб ұстанбаудың зиянды салдары

Мазхабпен жүру дегеніміз ғалымның жеке ойына жүгіну емес. Мұндай ой қате түсінік. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан бастап, осы күнге дейінгі мұсылмандардың ұстанып келе жақтан шариғаты, бір шариғат – Аллаһтікі, ғалымның ойы емес. Алайда, адамзат барлығы бірдей жеке дара дін мәселесін біле бермейді. Ары қарай оқыңыз

Исламдағы дінаралық ынтымақтың бірегей үлгісі

Ислам пайда болғалы бері он төрт ғасырдың ішінде басқа діндермен өзінің қарым-қатынасын орнатып келеді. Ислам өмірге келісімен өзінің географиялық орналасуына сай иудейлермен, христиандармен және тағы да басқа дін өкілдерімен қажетті байланыс орнатты. Ары қарай оқыңыз

Қазақстандағы діни қатынастар арасындағы Ислам төзімділігінің маңызы

Қазіргі таңда әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерістері ел тәуелсіздігіне, ұлттық мәдениетке экономикалық дербестікке, жалпы алғанда халқымыздың болашағына қалай әсер ететіндігі баршаны толғандырып келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері жалпы халқымыз, әсіресе жас ұрпақ дінге ерекше ден қойды. Ары қарай оқыңыз