Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін – бірлікке бағыттайды» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Қамту аясы облыстық деп көрсетілгенімен, жиынға жергілікті дін өкілдерімен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен оның орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы да қатысты.

Ары қарай оқыңыз

Оңтүстікте 60 діни бірлестік бар

Оңтүстікте 60 діни бірлестік бар

18 қазан – Рухани келісім күні. Осы күнге орай облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті. Ислам, православие, католиктер, елуіншілер, пресвитериандар, жаңаапостолдық және тағы басқа конфессиялардың өкілдері жиналған кездесуде Бейбіт Бәкірұлы барлық келушілерді осынау атаулы күнмен құттықтады. «18 қазан – Рухани келісім күні – Қазақстанның мерекелер күнтізбесіндегі ерекше күн», деп атап өтті. Кездесуді облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Ары қарай оқыңыз

¦йел баласына жи³ад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба? Қазір мұсылман елдерінде талқыланып жатқан ең өзекті тақырыптың бірі осы. Сауд Арабиясының академиялық зерттеулермен айналысатын тұрақты комиссиясы бұған «әйел баласы жиһадқа қатысуы міндетті емес, мұсылман баласы әйелді жиһадқа шақырмауы тиіс» деген қорытынды беріпті. Бұған дәлел ретінде комиссия мына бір хадисті алға тартады: Бірде пайғамбарымыздан (оған Алланың нұры жаусын) әйелі Айша «О, Алланың елшісі әйел баласы жихадқа қатысуы міндетті ме?» деп сұраған. Сонда Алланың елшісі әйел баласының тек соғыссыз жиһадқа қатыса алатынын, мысал ретінде қажылыққа және умра қажылығын жасауына болатынын айтқан. Хадистерге қарағанда, ислам дінін кеңінен тарату мен одан кейінгі аралықтағы жиһадттың мәні екі басқа сияқты. Алланың елшісі ислам жолындағы жаугершілік соғыстар аяқталған соң үмбеттеріне енді жиһад деп нәпсіге қарсы күресті түсіндірген. Ары қарай оқыңыз

«Абдул хамид Қаттани» мешітінің наиб имамы Шынболат ҮМБЕТОВ

«Ислам — терроризм емес, кіршіксіз таза дін»

Еліміз көпұлтты, зайырлы мемлекет болғандықтан түрлі дін ұстанатындар бар. Бірақ, бұл діндер мемлекеттің бірлігі мен ұстанымына, болашағына нұқсан келтірмеуі тиіс. Егер қоғамда адамдар арасында бүлік шығарып, қауіп төндірер болса, заң арқылы тыйым салынады. Осы ретте біз Шымкент қаласында діни бірлік пен татулық үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр, дәстүрлі дін мен кері ағымдар арасында қандай түсініспеушіліктер бар, олардың алдын алу мақсатында нендей істер жасалып жатыр деген сауалдарға «Абдул хамид Қаттани» мешітінің наиб имамы Шынболат ҮМБЕТОВПЕН сұхбаттасқан болатынбыз. Ары қарай оқыңыз

Дәстүрлі емес діни ағымдар

Дәстүрлі емес діни ағымдар

Қазір елімізде түрлі діни конфессиялар бар. Мемлекет олардың қайсысына рұқсат берген, қайсысына тыйым салғаны туралы біле жүрудің артықтығы жоқ. Сол себепті, осы жолы оқырман қауымның назарына зайырлы мемлекет, секта, экстремизм, терроризм, елімізде тыйым салынған ағымдар мен Ислам атын жамылған керағар ағымдар туралы түсініктемелер жинағын топтастырып беруді жөн санап отырмыз. Ары қарай оқыңыз

дінтанушы Мәди Бесбаев

«Біздің мақсат – діни «иммунитетті» көтеру, халықтың көзін ашу»

2011 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, облыста ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ құрылған болатын. Орталық ашылғаннан бастап, облыста діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер, студенттер, жастар арасында, жалпы қоғамның барлық әлеуметтік топтарымен бірлесіп профилактикалық түсіндірме жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Осыған орай, біз орталық директорының орынбасары, дінтанушы Мәди Бесбаевтан күні бүгінге дейін атқарып отырған жұмыстары туралы сұрастырған болатынбыз. Ары қарай оқыңыз

Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы, исламтанушы, теолог

Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы, исламтанушы, теолог: «Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес»

Қазіргі таңда халықтың дінге қызығушылығы жоғары болғанымен, діни сауаттылығының төмендігі оң-солын танып үлгермеген жастарымыздың деструктивті топ­тар­­дың­ жетегінде кетуіне себеп болып отыр. Осы қызығушылықты пай­да­лан­ған­ көптеген теріс пиғылды ағымдар азаматтарды өз қатарына тартып, жал­ған уағыз айтып, тіпті, өз халқына, мем­ле­кетіне қарсы қойып жатқан тұстары да жоқ емес.

Ары қарай оқыңыз

«Таблиғи жамағат» ұйымы жайлы не білеміз?

«Таблиғи жамағат» ұйымы жайлы не білеміз?

Қазіргі таңда жалпы дүниежүзі жұртшылығын мазалап отырған мәселенің бірі — әртүрлі бүлікшіл топтардың экстремистік әрекеттерге баруы. Олардың кейбірі біздің елімізде де өз идеяларын таратқысы келеді. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында елімізде соңғы жылдары сол ұйымдардың әрекеттерін ауыздықтайтын бірқатар заңдар шығарылды. Бірнеше экстремистік деп табылған топтардың қызметіне тыйым салынды. Олардың қатарында халықаралық «Таблиғи жамағат» миссионерлік ұйымы да бар. Бұл ұйымға қатысты 2013 жылдың 28 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Қазақстан аумағында қызмет етуін тоқтату» туралы шешім шығарды. Ал бұған дейін бұл топтың қызметіне Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елдері де тыйым салынған болатын. Жалпы бұл ұйымның көздегені не? Не себепті қызметіне тиым салынды? Бұл сұрақтарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыс имамының орынбасары  Бекайдар қажы Әміре жауап берген болатын.

Ары қарай оқыңыз

Облыста тиым салынған 18 ағым бар

Облыста тиым салынған 18 ағым бар

Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен ғылыми-практикалық конференциясында мәлім болды. Ары қарай оқыңыз

Кері ағымдардан кедергі көп

Кері ағымдардан кедергі көп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге ағылып келген өзге діндермен күрес қарқынды жүргізілсе, бертін келе ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дінінің өзінен ішінара жік шығып, көптеген адамдар кері ағымдардың ықпалына түсіп жатты. Қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары басталып кетті. Өз кезегінде, мемлекет болашағымыз үшін дінаралық, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында барынша тиімді саясат жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны айтылған. Осы орайда, облыс аумағында керағар ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр деген сауалға жауап іздеген едік.

Ары қарай оқыңыз