Отбасылық бақыттың қайнар көзі қайда?

Жалпы ислам діні адамзат баласына мақсатсыз, бекер жіберілмеген. Оның ең әуелгі мақсаты – адамзат баласын екі дүниеде бақытты ету. Бірақ әр нәрсе еңбекпен келетіні секілді бақытты болу үшін белгілі бір дәрежеде бейнет керек. Мысалы, Ислам діні әркімге белгілі бір міндеттер жүктеген. Ер кісіге белгілі міндеттер жүктеледі, ал әйел адамның өзінше бөлек міндеттері бар. Отбасындағы балаға да жүктелетін шарғи міндеттер бар. Ал енді әркім өзінің міндетін дұрыс атқара білсе, онда олар бақытты болатыны сөзсіз. Ал керісінше сол міндеттердің бірі немесе бірнешеуі орындалмай қалса, жанұяның берекесі қаша бастайды. Мейлі ол әке, ана, бала болсын, бәрібір. Күнде көзіміз көріп жүрген техниканың да бір жері бұзылса, ол жұмыс істемейді ғой. Мұсылман шаңырағының жүйесі де сол секілді. Өкінішке қарай, осы мәселеге бүгінгі қоғам тым жеңіл қарайтын секілді.

Ары қарай оқыңыз

Ораза артериосклерозды жояды

94506500Биыл ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. Бұл кездері мұсылман қауымының бес парызының бірі — ораза ұстап, Аллаға құлшылықпен өткізген абзал. Ораза ұстау рухани жағынан, әрі денсаулық сақтау үшін пайдасы зор. Ауыз бекітудің пайдалы екендігін медицина мамандары да қуаттайды. Мәселен, ораза ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді Ары қарай оқыңыз

АИТВ-ның алдын алу шаралары

АИТВ жұқпасы — ағзаға адамның иммун тапшылығы вирусы енуімен пайда болатын инфекция.
ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы. Бұл АИТВ жұқпасының соңғы (терминальді) стадиясы. Вирус адам ағзасында бірнеше жылдар бойы болып, кейін адам қандайда бір аурудың симптомдарын сезуі мүмкін. Осы уақыт аралығында адам өзін жақсы сезініп, бірақ басқа адамдарға вирусты жұқтыра беруі мүмкін. Ары қарай оқыңыз

Оразаны не бұзады?

Айлардың сұлтаны Рамазан айы басталды. Осы орайда ораза тұтқан жамағаттың арасында жиі туындайтын сұрақтардың жауабын жарияладық.789

Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?

Ораза – жеке-дара құлшылық ету. Сондықтан, намаз оқымайтын адам оразаны шартына сәйкес орындаса, оразасы қабыл болады.  Сондай-ақ, ол Рамазан айында ораза ұстау міндетін атқарған болып саналып, өзіне тиесілі сауабын алады. Ары қарай оқыңыз

РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Биылғы Рамазан жаз айларының ыстығына дәл келетіндіктен ауыз бекіткен жамағатқа дінімізде сабырдың орны үлкен екенін еске түсіретіндей. Ғалымдар сабырдың үш жағдайда адамға өте қажет екенін білдірген. Олар – күнә істемеуге, тағдырдың қиындықтарына және құлшылық жасауға деген сабыр мен шыдамдылық. Ары қарай оқыңыз

ЖАРАТЫЛЫС ИЕСІ – БІР АЛЛА

94506500Биссмилаһир рахмани рахим
Әуелі әңгіменің бастауын адамзат өмір сүріп отырған Жер Анамыздан бастайын. Жер шар тәріздес домалақ, яғни сызықтық шегі жоқ. Қалай қарай қозғалып жүремін десең де өз еркіңде, алдыңнан шекара кездеспейді. Тау, өзен, көл, мұхит сияқты кедергілер кездесуі мүмкін. Бірақ, ол адамзатқа шекара емес.
Жер-ана мәңгілік қозғалыста. Оның мәңгілік қозғалысы уақытты шексіздікке жетелейді. Егер айналуын тоқтатса, уақыт та тоқтайды. Жер өз білгенін (өсінен) айналуымен бірге. Күннің де сыртынан айналатынын бәріміз мектепте геграфия пәні сабағынан өтіп білгенбіз. Сол сабақты қайта еске түсірейік. Жер күннің сырт ынан бір жылда бір рет айналып, 471 млн Шақырым жол жүреді екен. Ары қарай оқыңыз

Дін біреу, діншілдер көп…

Қазіргі таңда біз үшін ислам атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар қауіпті болып тұр. Қарапайым халық мына екі терминге мән бергені абзал: «сәләф» пен «сәләфи» атауы екі түрлі дүние, екі түрлі мағынаны білдіреді. Қазіргі таңдағы «сәләфилер» өздерін «біз алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз сәләфилерміз» деп жариялауда. Бұл топ өзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы – «сәләфилер» деп атағанымен, уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды. Себебі, шын мәнінде, аталмыш топтың ілімі мен көзқарастары ХІІ-ХІІІ ғасырларда Дамаск қаласында өмір сүрген Ибн Таймия, оның шәкірті Ибн әл-Қайим, ХVIII ғасырда Сауд Арабиясының солтүстік өлкесінен шыққан Мухаммад ибн Абдулуаххабтың, біздің ғасырдағы Ибн Баз, Ибн әл-Усеймин, Әлбани, Фаузан секілді кісілердің дінге қатысты пікірлеріне негізделеді. Ары қарай оқыңыз

Бал ашу, жол ашу – шайтани амалдар

фото: http://massaget.kz/

Оқырмандар тарапынан поштамызға әртүрлі тақырыпта сауалдар түсіп жатады. Соның ішінде дін мәселесіне байланысты сұрақтар да бар. Оқырмандарымызды мазалаған бұл сауалдарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары  Мұхамеджан Естеміров (суретте) жауап берді.

Діни бірлестік бекітіп, оқуға рұқсат еткен сайттарды білгім келеді. Азамат
– Өте орынды, өзекті сұрақ. Кейінгі кезде неше түрлі сайттар шығып кетті. Оның ішінде экстремистік бағыттарды насихаттайтын, елдің бірлігін бұзатын түрлі деңгейдегі сайттар бар. Астанадағы Дін істері агенттігінің тиісті зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мұндай сайттардың екі мыңнан астамы жабылды. Діни бірлестіктің бекіткен сайттары мыналар: Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Ақша беріп, намазға жыққан

Бүгінгі таңда қоғамда діннің атын жамылып, жастарды теріс ағымға азғырушылар көбейді. Өйткені, жастардың өмірлік тәжірибесі аз әрі олар сенгіш келеді. Осыны ұтымды пайдаланған жат пиғылды ағымдар өз үгіт-насихаттарымен жастардың санасын улауда. Олардың ұялы байланыс және интернет желілерін ұтымды пайдаланудың арқасында жастар мен жеткіншектерді теріс жолға итермелеп отырғаны да жасырын емес. Бұған дейін баласын жоғары білім алу үшін қалаға жіберген ата-ана «балам төбелеске ұрынып, келеңсіз жағдайға ұшырап қалмасын», не болмаса «қаржыдан қысылып, қиналмаса екен» деп уайымдаса, қазір «базбіреулердің алдауына сеніп, кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмаса игі» деп қауіптенетін болды. Намазға барса, теріс ағымға өтіп кетпес па екен деп қауіптенетін болды. Себебі, мұсылман дінін теріс әрекеттер жасау мақсатында пайдаланып жүргендер қазақ қоғамы үшін үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл дәстүрлі дініміздің дамуына кері әсер етіп отырғаны белгілі. Кейбір исламшыл топтар Сириядағы содырлар қатарын толықтыру үшін көптеген құйтырқылық әрекеттерге баруда. Соның бірі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын азғырып, қатарына қосуда. Қалай дейсіз ғой? Ары қарай оқыңыз

Тура жолдан адас¶андар

Тура жолдан адасқандар

Дінді саясаттың құралы еткісі келетін діндарсымақтардан теріс білім алып, Сириядағы соғысқа барған жастардың бірқатары бүгінде өз істеріне өкініп жүр. Содырлардың қатарында жүріп, қателігін түсінгендер қазір біртіндеп елге оралуда. Өзге елде соғысқаны үшін сотталып, түрмеге қамалып та жатыр. Олардың арасында адасқанын түсініп, беті бері қарағандары да бар. Біз бұл мақаламызда ақиқатқа көз жеткізбей, кереғар діннің жетегінде кетіп, енді жазасын өтеп жүргендер туралы жазуды жөн көрдік. Ары қарай оқыңыз