Күн ыстықта қарақұрт құтырады

10Облысымызда бір айдың ішінде қарақұрт шаққан 11 адам ауруханаға түскен. Оның екеуі – балалар. Қарақұрттың уы ысылдағыш улы жыланның уынан 15 есе күшті. Басқа өрмекшілерден айырмашылығы бүйірінде қызыл дақтары болады. Бір қызығы, қарақұрт шаққанда ауырсыну сезілмейді. Шаққаны білінбеуі де мүмкін. Алғашқы 15 минут пен 6 сағат арасында мынадай белгілері байқалады: Ары қарай оқыңыз

Қаны бір, тәні бөлек


10-1Ақтөбедегі терактіден жараланған  бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалу үшін қазақстандықтар қан тапсырып, көмек көрсетті. Ақтөбе жұртшылығы жаралы жерлестері үшін қан берді. Алдымен полицейлер донор болуға келсе, олардың бастамасын студенттер жалғастырды. Тіпті, қарт кісілер де келді. Жарақат салдарынан қан жоғалту әр адамның басына түсуі мүмкін жағдай. Сондықтан да донорға сұраныс әрдайым бар. 
Ары қарай оқыңыз

Темекіден бас тарту үшін…

5Темекіні тұтыну созылмалы аурулардың, соның шінде онкологиялық, өкпе, жүрек-қантамыр ауруы, ишемиялық жүрек ауруларын дамытатын негізгі қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Шегілген темекі артериялық қан қысымын сынап бағанасынан 30 мм-ге дейін көтерілуін, қантамырдың тарылуын, тромбтың пайда болуын тудырады. Ары қарай оқыңыз

АИТВ-ның алдын алу шаралары

АИТВ жұқпасы — ағзаға адамның иммун тапшылығы вирусы енуімен пайда болатын инфекция.
ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы. Бұл АИТВ жұқпасының соңғы (терминальді) стадиясы. Вирус адам ағзасында бірнеше жылдар бойы болып, кейін адам қандайда бір аурудың симптомдарын сезуі мүмкін. Осы уақыт аралығында адам өзін жақсы сезініп, бірақ басқа адамдарға вирусты жұқтыра беруі мүмкін. Ары қарай оқыңыз

Күнге қуырылып қалмаңыз

1111Күн сәулесінің адам ағзасына пайдасы жайында жиі айтылады. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен зат алмасу мен қан айналым жақсарады. Ол бактерияларды жояды әрі терідегі саңырауқұлақты аурулардың микробын жоюға көмегі тиеді. Ағза үшін ең қажетті  Д дәруменін адам күн сәулесінен алады. Сондай-ақ, күнге күю арқылы терлегіштік, безеу секілді ауруларды емдеуге болады. Жаз айларында күнге қыздырынып денсаулығын жақсартуға тырысатындар көп. Дегенмен, күнге қыздырынудың талап-ережелерін сақтамаса дерматит, есекжем, күн өту, терінің қатерлі ісігі секілді қауіпті ауруларға жол беруіңіз әбден мүмкін. Ары қарай оқыңыз

Жуылмаған жеміс дәру емес, дерт әкеледі

 

117Бау-бақшамыздағы жеміс-жидек пен көкөністің алды пісіп, дастарханымызға қойыла бастады. Базарда құлпынай, шие, өрік,  қызанақ пен қиярдың саудасы қызып тұр. Дәрігерлер құрамы ағзаға пайдалы түрлі дәрумендерге бай жеміс-жидектер мен көкөністерді  пісу науқанын пайдаланып, молынан жеуге кеңес береді. Дегенмен, нақ осы мезгілде пайдалы деген өнімдерден түрлі инфекциялық аурулар өршиді. Тіпті, жедел ішек инфекциясынан балалар арасында өлім-жітім жағдайлары тіркеледі. Газетіміздің бүгінгі санында жуылмай жеген өнімдердің қандай қауіпті ауруларға әкеп соғатынын және  жемістер мен көкөністерді жеудің алдында жуып-тазалаудың қарапайым тәсілдерін айтатын боламыз.  Ары қарай оқыңыз

Жүкті әйелдердің денсаулығы нашар

051235Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары соңғы 5 жылда өңірімізде ана мен бала өлімінің азайғандығын айтады. Алайда, соңғы деректерге сүйенсек, елімізде сәбилердің шетінеуі көбейген. Өлім-жітім 12%-ға артқан. Сәбилердің дені перзентханаларда көз жұмса, аналардың да денсаулығы мәз емес көрінедіАры қарай оқыңыз

Зоб анадан балаға беріледі

050505«Зобты» қазақта жемсау немесе алқым безі деп атайды.  Осы кеселдің жылдан жылға жасарып бара жатқандығы эндокринологтарды алаңдатып отыр. Себебі, бүгінде туа бітті жемсаумен дүниеге келіп жатқан балалар көп. ДДСҰ мәліметінше, әлемде 1,5 млрд астам адам йод жетіспеушілігін сезінеді. Йодтың тапшылығынан 650 миллионнан астам адам зобқа шалдыққан. Ал, өңіріміз йод жетіспейтін өңірге жататындықтан эндемиялық аймақ саналады. Сондықтан статистика бізде де мәз емес.  Ары қарай оқыңыз

Ит қапқандар көбейді

9999999Өңіріміздің ақ халаттылары иесіз қаңғырып жүрген ит-мысықтардан сақ болуға шақырады. Себебі, жыл басынан бері құтырудың зардабынан 3 адам көз жұмып, Шымқалада 2300-ден астам адамды ит тістеген. Соңғы оқиғаның бірінде «Жабық» базардың айналасында жүрген қаңғыбас ит жол бойында кетіп бара жатқан жолаушыны тістеген. Ветеринар-мамандар итті тексергенде, құтырған болып шықты. Науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аурудың алдын алды. Дегенмен, құтырудан келер қауіп азаймай отыр. Өйткені, құтырған жануардың сілекейінің денеге тиюінің өзі адам өміріне қатер төндіреді екен. Олай болса, ит-мысық тістегенде немесе жақыныңыз осы жағдайда тап болғанда қандай мәселелерді ескеру керектігін біле жүріңіз. Бұл кеңестер жақыныңыздың өмірін сақтауға көмектесуі мүмкінАры қарай оқыңыз

Көктемгі күннің ыстығынан сақтан!

999999Оңтүстікте көктемнің ыстық күнінің өзі денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатады. Күрт көтерілген температура әсіресе, егде адамдарға, қант диабеті және жүректе сырқаты бар науқастарға ауыр тиеді. Бұдан бөлек, күннің астында ұзақ жүргенде, спирттік ішімдіктер ішкенде, ағзада микроэлементтер жетіспегенде де күн тез өтеді. Аптап ыстыққа қарамай жаттығу жасағанда, жұмыс орны ыстық болғанда да дертке шалдығу қауіптілігі басым.
Ары қарай оқыңыз