Өмір сүруге аса қажетті «мотор»

2-160Жүрек – ағзадағы қажымайтын әрі бейнеткеш мүше. Ол тәулігіне тамырларда 10 мың литр қанды 100 мың шақырымға дейін айдайды. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірде жүректің жұмысы бір сәтке дамыл таппайды. Әр адамның жүрегінің соғу ырғағы әртүрлі. Яғни, дені сау адамның жүрегі минутына 60-80 рет соғуы қажет. Бұл қызмет бұзылғанда дәрігерлер «аритмия», «тахикардия», «брадикардия» деген диагноз қояды. Мұндайда жүрек қанды жеткілікті түрде айдай алмай, адам жиі ентігеді, алқынады, тез шаршайды, кейде есінен танып қалады. Сондықтан, дертті дер кезінде анықтап, ем алмаса, соңы өлімге алып келуі ғажап емес. Қауіпті кесел түрлеріне шалдықпас үшін дәрігерлер соңғы кезде бірқатар тәсілдерді ұсынады. Науқас үшін тығырықтан шығар жол біреу – ол жүрекке арнайы құрылғы орнату. Жүрегіңіз ауырып, кардиологқа барған болсаңыз, мұны естіген де боларсыз. Сонымен, кардиостимулятор қандай жағдайда орнатылады және оның мүмкіндіктері қандай?

Ары қарай оқыңыз

Ерте жүктілікке кім кінәлі?

rannyaj-podrostkovoaya-beremennost1«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бірақ соңғы кездері кәмелетке толмай ана атанушылар қатары артып отыр. Сондықтан болар «нәрестелерін қоқыс жәшігіне не көпқабатты үйлердің кіреберісіне тастап кетті» деген жаңалықтарды жиі еститін болдық. Жыл басынан бері Шымкентте 5 оқушы қыздың жүкті болуы тіркелген. Мұндай жағдайлардың белең алуына не себеп немесе кім кінәлі? Ары қарай оқыңыз

Инсулинге тәуелді әлди- өмір

whatsapp-image-2016-11-12-at-9-44-36-amОблыста соңғы екі жылда қант диабетімен ауыратын балалар саны артқан. Олардың жас мөлшері 2-3 жас аралығында. Эндокринологтар бұл кеселдің жасарып бара жатқандығына алаңдаулы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2030 жылға қарай диабет әлемде әрбір жетінші адамның ажалына айналуы мүмкін. Балалар арасында көбейіп жатқан аурумен күресудің жолы, жүктілік кезіндегі ескерер мәселелер және балалардағы қант диабетінің белгілері жайында мәліметтерді мамандармен бірге саралап көрдік. Ары қарай оқыңыз

Өлілер де өмір сыйлай алады… Егер…

donorstvo02Өңір дәрігерлері соңғы үш жылда бүйрек және бауыр алмастыру оталарын жасап, 80-ге жуық адамның өмірін сақтап қалды. Отаның бәрі Шымкент қалалық жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасында өтті. 70 науқастың бүйрегі, 7 адамның бауырын алмастырды. Тағы бір жанның бауырын алмастыруға дайындық жасалуда. Бұл науқастарға өмір сыйлаған – тірі донорлар. Яғни, өзінің бір туған бауыры, ет жақын туысы. Алайда, донор тапшылығынан жарық дүниенің сәулелі күнін санап, ғұмыр кешіп жатқан науқастар аз емес. Қазір облысымызда 400-ге жуық жан жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Бәрі дерлік бүйрек алмастыруды қажет етеді. Бірақ донор жоқ… Сондықтан да, көбісі жарық дүниемен ертерек қоштасуда… Қаншамасы жастай кетті… Дәрігерлер туыстық донордың мүшелері әрдайым сәйкес келе бермейтінін айтады. Тығырықтан шығар бір жол бар екен. Ол — мәйіттік донордың мүшелерін пайдалану ісін жолға қою. Мәйіттік донордың жан-жақты тиімділігінің ара-жігін дәрігерлер былайша түсіндіріп берді. Ары қарай оқыңыз

Депрессия соңы дертке ұласып кетпесін…

Бүгінде елімізде психикалық дерттен зардап шегетіндер қатары аз емес. Соңғы деректерге сүйенсек психикалық, яғни жүйке ауруына шалдыққандар саны артқанымен қатар, жасарып барады. Мінез-құлқында, жүріс-тұрысында ауытқулары бар, ақыл-есі кем жандар саны артып, туыстары үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен мәселеге айналып отыр. Негізінде жалпақ тілде «жындыхана» аталып кеткен психо-неврологиялық диспансерлерде ауыр науқастардан бөлек депрессияға ұшырағандар, психикалық жеңіл дертке ұшырағандар да емделеді. Онда тек ақыл-есі ауытқушылығы бар жандар ғана жатады деген қате пікір. Ары қарай оқыңыз

55f436a68b359-1Соңғы кездері «инсульт алыпты» деген сөзді жиі еститін болдық. Мұны «жүрегінде ақауы бар қарт адамдардың ауруы» деп ойлап келдік. Дегенмен таяуда 20 жас-тан енді асқан ер адам инсульт алған. Бас миындағы ауытқудың нәтижесінде қан-тамыры жарылған. Ақ халаттылар науқасқа «инсульттің геморрагиялық түрі» деген диагноз қойған. Кесел де жасарып барады. Қазақстанның нев-ролог-мамандары аурудың алдын алу мәселесін айтып дабыл қағуда. Өйткені, елімізде жыл сайын 50 мыңға жуық адам инсульт бойынша диспансерлік есепке тіркеледі. Олардың тең жартысы бір жыл ішінде ажал құрығына ілінсе, қалғандары мүгедек болып қалады. Ал, мұндай статистика өңірімізде де мәз емес. Өлім көп. Аяқасты ажал құштыратын аурудың пайда болуына әсер ететін жағдайлар, онымен күрес және алдын алу тәсілдері жайында дәрігерлердің айтарын сұрап-білдік. Ары қарай оқыңыз

Газдың әсері умен тең

otravleniya-ugarnym-gazomТұрмыстық газдан улану жағдайлары күз-қыс айларында жиі кездеседі. Әсіресе, жылу маусымы басталғанда жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіндер көбейеді. Жылынамыз деп ажал құшатындар аз емес. Жуырда ғана Шымкентте бір отбасы түгелдей газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілудің арқасында отбасындағы төрт адам аман қалды. ОҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі және профилактикалық қызмет басқармасының тәуліктік шұғыл мәліметінше жыл басына бері улану фактілерінен 73 адам зардап шегіп, 28 адам қаза болған.Дәл қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлерде жылудың жайы мәз емес. Көбісі плитадағы газбен жылынып отыр. Яғни, қауіпті уақыт. Олай болса, газдан уланған адамға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалудың амалдарына тоқталсақ.

Ары қарай оқыңыз

Бауыр ауруларын қайда емдейді?

10-pecheniДәрігерлер бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Бұрын «бауырым» деп безектейтіндер 50-60 жастан асқандар болса, бүгінде 30-35 жастағылардың бауырына түрлі диагноздар қойылған. Бауыр циррозы деген ең ауыр түріне шалдыққандардың қатары да артып барады. Ауыр зардапқа әкеп соқтыратын аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен одан шалдыққан науқастардың қатары кеміп отыр ма? Дәрігерлер не айтады?

Ары қарай оқыңыз

Сүйек кемігін сақтаңыз…

10-osteoporoz-3Адамның жасы келген сайын сүйегі болмашы сыртқы әсерден сынып не пішімі өзгерсе «остеопороз» деген диагноз қойылады. Бұл — сүйектің кемігі азаятын дерт. Ертеде қарттықпен ғана байланыстыратын кесел бүгінде жасарған. Инфаркт, инсульт, қатерлі ісік ауруларынан кейінгі орындағы остеопорозбен әлемде 75 млн адам ауырады. Статистика Қазақстанда да мәз емес. 1 миллионға жуық қазақстандық остеопорозға шалдыққан. Ақ халаттылар соңғы он жылда аурудың алдын алу шараларына көп мән беруде. Сүйек кемігі түгесілуге жақын адамдар қатарының көбеюіне себептер, одан арылудың және алдын алудың жолдарын талқылап көрсек.
— Остепороз – адам қаңқасындағы барлық сүйектер тіні құрылымының бұзылуымен және сүйек массасының азаюымен сипатталатын ауру. Сүйектің беріктігі мен мығымдығын қалыптастыратын – кальций элементі. Осы элемент сүйекке жетіспесе, сүйек нәзік дамып, сынғыш келеді. Адам сан сүйегінің ұршығы, омыртқасы және өзге де тірек жүйелері болмашыдан морт сынады, -дейді ревматолог-дәрігер Базаркүл Орынбасарқызы.

Ары қарай оқыңыз

АИТВ/ ЖИТС алдын алу шаралары                      

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Адамның иммун жүйесі бұзылғаннан кейін, сау адамға қарағанда, кез келген инфекцияның алдында дәрменсіз болады.

АИТВ инфекциясының соңғы сатысы – Жұқтырған иммун тапшылығы синдромы, ол әр адамда әр қалай,  2-15 жыл ішінде дамиды. АИТВ адамның иммундық жүйесіне бірнеше жыл бойы зиянды әсерін тигізгендіктен, иммун тапшылығы дамиды. Ол дегеніміз, ағзадағы зақымданған жасушалар саны жоғары деңгейге жеткенде ағза әртүрлі инфекцияға, вирустарға  қарсы тұра алмай қалады, күресуге шамасы да болмайды.
Ауру адамда көптеген ауру түрлері дамиды. Бұл дертке қарсы екпе табылмағанмен, бұл бағыттағы зерттеулер қарқынды дамуда. Қазірдің өзінде вирус таралуын басатын, ауруды асқындырмайтын, дәрілік препараттар бар. Осы препараттармен  15 жыл бұрын ем бастаған аурулар қазіргі кезде өздерін жұмысқа қабілетті сезінеді. Ары қарай оқыңыз