Азық-түлікті ысырап етпеудің тәсілдері

Дастарханның молшылықта болғанын жақсы көретін халықпыз. Бірақ, ысырапқа жол беретіндер де аз емес. Азықтарды дұрыс сақтамағанда қоқысқа тастауға мәжбүр боламыз. Көп адам сақтау амалын тоңазытқыштан іздейтіні анық.

Бірақ, онда сақтаудың өз ережелері бар. Айталық, ағарғанды жоғарғы бөліне сақтайды, ал мұздатқышқа жақын бөлігіне балықта қояды. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жылжымалы сөресіне салады. Есігіндегі сөрелер ең жылы аумағы болғандықтан тез бұзылатындарды қоймайды. Сары май, жұмыртқа, кесілген лимонды сол жерге орналастырыңыз. Ары қарай оқыңыз

Мандариннен тұмау тарамайды

Соңғы аптада WhatsApp желісінде мандарин жемісі туралы аудиожазба тарады. Онда ангинамен ауырған науқас әйел дерттің мандариннен шыққандығын айтады. Мандарин арқылы тұмау тарайтынын сөз етеді. Еліміздің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мандарин туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтуда. Тұмаудың мандариннен тарауы мүмкін еместігін хабарлады. Ары қарай оқыңыз

Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

Емі жоқ лейшманиоз

Оңтүстік Қазақстан облысында лейшманиозбен ауырған науқастар саны күрт артты. Мамандар жыл басынан бері 52 науқастың тіркелгендігін айтқан болатын. Әсіресе, тері ауруына шалдыққандар Отырар, Шардара, Арыс аудандарында көбеюде. Отырар ауданында Аққұм ауылының тұрғындары жаппай лейшманиозбен ауырып, дабыл қағып, ақ халаттылардан көмек сұраған-ды. Осыдан кейін тері ауруын ауыздықтау үшін құрылған арнайы жұмысшы топ науқастардың 124-ке жеткендігін анықтады. Облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдері өткізген баспасөз мәслихатында аурудың қайдан шығып жатқандығы, жараны емдейтін дәрілердің бар-жоқтығы және алдағы уақыттағы аурулардың жай-күйі қандай болатындығын түсіндірді. Ары қарай оқыңыз

Жасанды аяқ жасап шығарады

Бүгінде тағдырдың теперішіне ұшырап, аяқ астынан мүгедек болып қалған жандар аз емес арамызда. Көбінің аяқ, не қол протездеріне күні түсулі. Тіпті кіп-кішкентай шағынан-ақ арбаға таңылған балғындар қаншама. Олардың басым бөлігі қатарластары сынды жүргісі келеді, жүгіргісі келеді. Жанарлары жәутеңдеп терезеге телмірген жаутаңкөздердің жан жарасын жеңілдету де қиын. Дегенмен, бұрынғыдай емес, бүгінде қоғам назары мүмкіндігі шектеулі жандарға бұрыла бастады. Олардың мәселесін түбегейлі шешіп тастамаса да барынша қолдау білдіруде. Бұдан бөлек аталған азаматтарға жанашырлық танытып, қолдан келгенше көмек қолын созып жүрген жандар аз емес. Ары қарай оқыңыз

Дастархандағы қауіпті азықтар

Келер жылдың ырыс-берекеге толы жыл болуын дастарханмен байланыстырамыз. Қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ-нан, салаттар, жеміс-жидекті молынан алып, отбасымен қарсы алатын мерекеге дайындық басталып та кетті. Себебі, ақша үнемдеу қажет. Әйтпесе, базарда азық-түліктің бағасы «жанады». «Үнемдеймін» деп «ауру» тауып алмауды да ескерген жөн. Жаңа жыл таяған күндерде сапасыз не дұрыс дайындалмаған тағамнан уланатын жағдайлар жиі кездеседі. Ал, мамандар мерекелік дастарханға қоятын мынадай азық-түліктерден сақтануға кеңес береді. Ары қарай оқыңыз

Жедел жәрдем қызметіндегі жаңалық

Қазақстанда жедел жәрдем қызметі бір жүйеге көшеді. Енді шұғыл жәрдеммен ауруханаға түскен науқастар сағаттап дәрігерді күтіп отырмайды. Бұл үшін әр медициналық мекемеде жедел жәрдеммен жеткізілген азаматты қабылдайтын арнайы бөлім жұмыс істейтін болады. Бұл туралы жедел медициналық көмек көрсету қауымдастығының мүшелері қатысқан жиында айтылды. Сала мамандарының мәлімдеуінше, шұғыл медици-налық көмекті жүйелеу қажет. Ары қарай оқыңыз

Азық-түлікпен бірге сатылатын аурулар

Адамдар сапасыз тағам, ауру тудыратын бактерия, вирус, паразит және зиянды химиялық заттардан тұратын азық-түлік тұтынудан 200-ге жуық түрлі ауруға, яғни іш ауруынан бастап қатерлі ісік кеселіне шалдығады екен.  Азық-түліктен уланудан бөлек, ауру малдың ет-сүтінен инфекция жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі. Базардан «сатып» алатын аурулар тізімі, мал және құс өнімдерін сатып алуда ескерер мәселер жайында тарқатамыз.

Ары қарай оқыңыз

Эпилепсияны емдеудің жаңа тәсілі қажет

Халық арасында қояншық деп аталып кеткен эпилепсия дертінен замануи тұрғыда айығу жолдары маңызды. Осыны ескерген облыстық клиникалық ауруханасының басшылығы Петрухин Андрей мен Мухин Константин сынды білікті неврологтарды Ресейден арнайы Оңтүстікке шақырды. Шетелдік мамандар күнгейлік ақ халаттыларға екі күн бойы дәріс өткізіп, эпилепсияны емдеудегі басты қағидаларды үйретті. Ары қарай оқыңыз

Отбасылық дәрігер тапшы

10-semejnyj-doktor2Әр емханаға тіркелген азаматтың өзінің аймақтық дәрігері болады. Осы маманның қабылдауы арқылы науқастар медициналық көмек алады. Отбасылық дәрігердің міндеті — учаскеде тіркелген тұрғындарға тек емханада ғана емес, қажет кезде үйде де медициналық көмек көрсетіп, отбасының медициналық-әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Ары қарай оқыңыз