Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

Бүгінде облыста 2,5 млн-нан астам халық тұрады. Оның төрттен бірі мектеп жасындағы балалар. Олар 1022 мектепте білім алуда. Ары қарай оқыңыз

Жаттанды білімнен жаңаша үрдіске көшу

Жаттанды білімнен жаңаша үрдіске көшу

Биылғы оқу жылы Оңтүстік өңірі үшін айрықша жетістіктермен ерекшеленді. Тарқатып айтар болсақ, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 608-ге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 173-ке артты. Ал, ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы – 78,7 құрады. Ары қарай оқыңыз

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы: «Ешбір маман жұмыссыз қалмайды»

– Мұрат Абдуламитұлы, біздің өңірге қош келіпсіз. Іссапарыңыздың мақсатынан хабардармыз. Ол — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын насихаттау. Осы ретте жобаның талаптары туралы бүге-шүгесіне дейін білсек дейміз. Талаптар, ережелерінде өзгеріс бар ма?

– Мен еліміздің көп жерінде жиі іссапармен жүремін. Мақсат – жобаны насихаттау. Халық тарапынан ««Серпін-2050» жобасының негізі неде?» деген сауал жиі қойылады. Сондықтан да алдымен жобаның негізіне тоқталып өтсем. Алдымен экономикалық тұрғыда айтар болсам, елімізде завод-фабиркалардың саны артып келеді. Әрине, ел экономикасының дамуына олардың қосар үлесі зор. Бірақ, онда жұмыс істейтін білікті маман болмаса, өндіріс орындарының пайдасы қанша? Соңғы статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, республиканың 8 облысында кей мектептер мен балабақшалар бос тұр. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысында бұрындары 10 мың бала білім алса, қазір олардың саны 7 мыңға әзер жетеді. Себеп – белгілі. Халық саны азайып барады. Бұл өңірлерде жұмыс көзі болғанымен, еңбек күші тапшы. Ары қарай оқыңыз

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

Бүл күнде арамызда Дінге бет бұрып, Иман іздегендердің қатары көбейді. Қуанарлық жәйт. Бірақ, олардың арасында ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді жоққа шығара бастағандар пайда болды. Тіпті, Исламның негізгі ұстыны – Құран қағидасымен өмір сүремін деп сол қасиетті Кітап сөздеріне қарсы келіп, ата-анасын құрметтеуден қалғандары да бар. Осы мәселе төңірегінде Шымкент қаласы Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы Амантай Әбілдәұлымен сұхбаттастық. Ел біле жүрсін әрі дінге бет бұрған жастарға бағыт болсын деп сол сұхбатты жариялап отырмыз. Ары қарай оқыңыз