Үш ауысымды мектептердің мәселесі қашан шешіледі?

IMG_6763

Білім саласында әлі де күрмеуі шешілмеген мәселе көп. Солардың негізгісі — апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептердің хал-ахуалы. Тозығы жетіп, қабырғасы сөгілген, шатырынан су өтіп, көгерген тар бөлмелер, асхана, мәжіліс және спорт залдарының жоқтығы сияқты қиындықтарды бастан кешіп жатқан білім ордалары өңірімізде аз емес. Дәл бүгінде облыста 16 апатты жағдайдағы және 22-ден астам үш ауысымда оқытатын мектеп бар. Ары қарай оқыңыз

Жас ғалымдар көрмесі

Жас ғалымдар көрмесі

Жуырда «Көркемсурет галереясында» қаламыздағы қазақ-түрік лицейі оқушыларының қатысуымен «Білім және денсаулық» атты көрме өтті.

Ары қарай оқыңыз

Қазақ тарихын жадына тоқыды

Қазақ тарихын жадына тоқыды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаламыздағы білім ордалары оқушылардың тарихымызды тереңінен біліп, келер ұрпақтың тағылым алып өсуіне зор ықпал жасады. Осының айшықты бір көрінісі – №66 мектептегі ашық тәрбие сағаты болатын.

Ары қарай оқыңыз

Әдіскер – жаңашылдық жаршысы

Әдіскер – жаңашылдық жаршысы

Жуырда Төлеби ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде «Әдістемелік қызметтегі инновациялық тәжірибелер» атты облыстық семинар өтті. Басқосудың бір ерекшелігі, бұл күні аудандық білім бөліміндегі әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен мектеп директорлары және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары оқушыларға сабақ берді. Соңынан көрме ұйымдастырылып, онда мұғалімдердің үздік еңбектері қойылды. Осымен екінші рет әдіскерлердің басын қосқан семинардың мақсаты не? Тақырыпты тарқатсақ…

Ары қарай оқыңыз

Суретшілер мен ақындарды оқытатын мектеп

Суретшілер мен ақындарды оқытатын мектеп

Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық тарихымызды ұлықтайық» атты Республикалық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде қаламыздағы Б.Өтеп атындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернаты ІІ орынға ие болды. Бұл білім ошағының көп жеңісінің бірі ғана. Өнер ордасының шәкірттері бұған дейін де талай белестерді бағындырып, биіктерден көрінген. Осы орайда, түрлі Халықаралық, Республикалық, облыстық байқаулардан оқ бойы оза шауып, жүлделі орындарды иемденген білім ұясының сырын білмекке өнер ордасына ат басын бұрдық.

Ары қарай оқыңыз

Зағип балаларды оқыту оңай емес

Зағип балаларды оқыту оңай емес

Бүгінгі таңда облыста 108 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 22 700-і 16 жасқа толмағандар. Балалардың 205-і керең-мылқау болса, 2848-нің құлағы нашар естиді. Ал 940 балғынның құлағы мүлдем естімейді. Сонымен қатар, 6624-нің бір көзі, 1764-інің екі көзі де көрмейді. Мұндай балалардың қоғамға сіңісуі, білім алуы қиын. Алайда, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттар мен балабақшаларда кемтар балалардың қоғамнан аластамай, толыққанды білім алып, сауатты азамат атануы үшін бірқатар шаруалар жасалып жатыр. Облысымызда мұндай 12 мектеп-интернат пен 6 балабақша бар. Солардың бірі – көзі нашар көретіндерге арналған «Үміт» мектеп-интернаты.

Ары қарай оқыңыз

Халыққа қажет мамандарды даярлайды

Халыққа қажет мамандарды даярлайды

Бүгінгі таңда облысымызда 92 колледж бар. Соның 25-і техникалық және кәсіптік білім мекемесі. Онда бүгінгі таңда сұранысқа ие: Дәнекерлеуші, металл жонушы, электрші, электр механигі, оператор, шаштараз, аспазшы сынды мамандарды даярлайды. Шымкент қалалық №4 колледжі – 50 жылдан бері сондай мамандарды даярлап келе жатқан білім ошақтарының бірі.

Ары қарай оқыңыз

Мұғалімнің құқығын кім қорғайды?

Мұғалімнің құқығын кім қорғайды?

Баламыз қандай да бір жетістікке жетсе, айдан бір-ақ шығарып мақтаймыз. Ал кемшілігі болса, ұстазды кінәға тартатынымыз бар. Тәртібі түзу болмаса да, үлгерімі төмен болса да, мұғалімнің міні деп табалаймыз. Себебі: «Ол – оның жұмысы. Мемлекеттен жалақы алып отыр» дейміз. Жөн. Бірақ сіздің балаңыз мектепте, мұғалімнің жанында қанша уақытын, үйіңізде неше сағатын өткізеді? Осыны бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Бала мектепте — 6 сағат, ал қалған 18 сағатын сіздің қадағалауыңызда өткізеді. Ол үйде немен айналысады? Оған мән беріп те жүрмеген боларсыз. Ары қарай оқыңыз

Ұстаздардың еңбегі бағаланды

Ұстаздардың еңбегі бағаланды

Ұстаздың еңбегі – шәкіртінің жетістігімен бағаланады. Олай болса, күнгейлік ұстаздардың еңбегі текке кетпепті. Оның дәлелі, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада оқушыларымыз екі жыл қатарынан ІІІ орынды иеленді. Жүлдегерлер саны 33-ке жеткен. Ал, жыл басынан бері екі бағыт бойынша 30 оқушы жүлдегер атанып, «Үздік олимпиадалық мектеп» және «Үздік олимпиадалық команда» атанған. «Алтын белгі» иегерлері соңғы 4 жылда 238-ден 608 оқушыға артқан. Мұның барлығы ұлағатты ұстаздардың еңбегі деуге болады.

Ары қарай оқыңыз

Дуальді оқытудың тиімділігі

Дуальді оқытудың тиімділігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальді кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» деп, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерінде дуальді оқыту әдісін енгізуді талап еткен болатын.

Ары қарай оқыңыз