Жаңа бастамалар мұғалімді шығармашылыққа жетелейді

Ақпан айының 23 жұлдызында Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 жалпы орта мектебінде «Оқушының математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шығару дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағыттау» тақырыбында семинар болып өтті. Мектеп директоры Б.Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашты. Ол өз сөзінде мектеп ұжымының қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сөз соңы көңілді концертке ұласты. Мектеп оқушыларынан құралған «Үкілім-ай» оркестрінің орныдаушылары күмбірлеген күй орындаса, «Көркем» би тобы мың бұралған билерімен тамсандырды. Ал мектебіміздің талантты жас әншілері әуезді әндерді әуелете шырқап, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ары қарай оқыңыз

Телефон анықтамалығы

Шымкент қаласы әкімдігі

Мекенжай: Тәуке хан даңғылы, 6.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қабылдау бөлімі……………………..53-54-38
Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші сәрсенбісі сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін.

 

Қала әкімінің орынбасарлары

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы…..53-99-92
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші бейсенбісі сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін.

Құрманбекова Гүлжан
Мамытқызы…………………………….54-00-04
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-4-ші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Көшеров Нұралхан
Оралбайұлы…………………………..53-00-00
Қабылдау уақыты: әр айдың 1-3-ші сейсенбісі сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін.

Жанбосынов Бейсенбек
Керімбекұлы……………………………53-97-31
Қабылдау уақыты: әр айдың 2-4-ші бейсенбісі сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Аюпов Рашид
Абатоллаұлы…………………………..55-12-55
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімі жетекшісі Бахтыбаева Бегайым Итенқызы (мұнда азаматтардың өтініші қаралып, мәселесі шешіледі)………………..54-00-00

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекші бөлімі (тәулік бойы)………………..53-00-15 Ары қарай оқыңыз

ҰБТ мен ЕМТИХАН: не өзгеріс?

2-t%d3%99zhievaБолашаққа қадам басқан жас түлектер үшін көптен күткен жаңалық. ҚР Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын бекітті. 2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін өз мектептерінде емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Мұндай өзгерістерге бұған дейін түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадты жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болған. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиеваның сөзінше, мұны айтарлықтай жаңалық деп айтуға болмайды, себебі аттестаттау емтихандарын да, тестілеуді де балалар бұрыннан тапсырып жүрген, бұл мұғалімдер үшін де таңсық емес. Оның сөзінше, бұл өзгерістер баланы компьютерге бағыныштықтан құтқарып, шығармашылық талабын ашуға көмектеседі. Ары қарай оқыңыз

Сайт арқылы мектепке жұмысқа орналасады

15016197_1814885488757810_3218296202315275740_oГазетіміздің алдыңғы санында сондай бір жобаны, атап айтқанда «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орналастыру мен қабылдау жүйесін» таныстырған едік. Бүгінгі санында тағы бір елеп-ескеруге лайық жаңалық — «Мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі» туралы айтамыз.

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл жүйені ендірудегі басты мақсат – білім беру мекемелеріндегі жемқорлықты жою. Өйткені, қазір қай мектеп қандай маманды қалай жұмысқа қабылдап жатқанын білу қиын. Себебі, маманды тікелей директор жұмысқа алады. Бармақ басты, көз қыстымен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың болып жатуы да әбден кәдік. Ары қарай оқыңыз

Балабақшаға да, 1 сыныпқа да онлайн тіркейді

14939996_1814885418757817_4986112754731608053_oШымкент тұрғындары енді перзенттерін балабақшаға немесе 1 сыныпқа қабылдауды электронды түрде тіркей алады. Қаладағы фронт-офисте білім реформасына қатысты үш түрлі жоба таныстырылды. Білім жүйесін автоматтандыруға қатысты жобалардың негізгісі – сәбиді балабақшаға, ал баланы 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жүйесі болып отыр. Аталмыш жүйе бойынша бүлдіршінді балабақшаға онлайн түрде тіркеуге болады. Осылайша ата-ана электронды кезек алып, бос орын шыққан жағдайда баласы сонда қабылданады. 1 сыныпқа қабылдау да онлайн тіркеумен жүзеге асырылады. Газетіміздің бүгінгі санында Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен КДС Азия компаниясы әзірлеген «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесі» жобасын кеңінен таныстырамыз. Ары қарай оқыңыз

Колледжде де бакалавр дайындайды

6Шымкенттегі жаңа технологиялар колледжі Қазақстандағы алғашқы Жоғары колледж мәртебесін иемденді. Орта арнаулы оқу орнының тек аты өзгерген жоқ. «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге сәйкес, енді жоғары техникалық мектеп ұғымы осы колледж дәрежесін жоғары деңгейге көтеру ісімен ұштасып отыр. Жаңа оқу жылынан студенттері жаңа бағдарлама негізінде білім алады. Оған дайындық кеше мен бүгін емес, екі жыл бұрын басталған. Жоғары колледж мәртебесі оқу орнына не береді және оның өзгешеліктері қандай? Бұл сауалдарға оқу орнының директоры Қанатбек Досалиев толымды жауап берді. Ары қарай оқыңыз

Үздік ондыққа енген Агроколледж

6-6

Кенжехан Төлебаев, Шымкент агро колледжінің директоры

ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева іс сапармен Шымкентке келді. Шымкент аграрлы колледжінің өндірістік базасымен танысты. Осындағы 5,5 гектарға салынған орталықтың тәжірибесіне қанықты.
Оқу базасының аймағындағы жүзiм, алма плантацияларын аралап көрді. Қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгерi егiлген базада студенттер ала жаздай еңбек етiп, тәжiрибе жинайды. Егiстiк тамшылатып суғарылады. Егiндi күтiп-баптауды агрономия және орман шаруашылығы бөлiмiнiң студенттерi мен оқытушылары жүргiзiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастырады. База басшылары тәлімбақтан табыс табатын күн де алыс емес, — дейді. Ары қарай оқыңыз

Елдің үздік педагогын Шымкентте таңдады

7Педагогтар бұл байқауда ән шырқамады, билемеді. Өнерлерінен гөрі сабақ беру методикасына аса көңіл бөлінді. Екінші рет өтіп отырған республикалық байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ректорлар, үздіктерді таңдауда ұстаздың жасына, не еңбек өтіліне емес, тәжірибесі мен жаңашылдығына көп көңіл бөлетіндерін бірден айтты. Солардың бірі – Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев. Оның айтуынша, елде педагогтарды дайындайтын 73 жоғары оқу орны бар. Сол жоғары оқу орындарының жас ұстаздары арасында өтетін бұл конкурстың мақсаты үздік ұстазды анықтап, оның мәртебесін көтеру. Сабақ берудегі жаңалығын көпшілікке паш етіп, методикасын халыққа тарату. Ары қарай оқыңыз

Тесттен құласа аға-көке іздейді

11Оңтүстік Қазақстан облысында 628 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Оның тең жартысына жуығы жергілікті атқарушы биліктің еншісінде. Бұл туралы облыс орталығында  өткен «Ашық есік күнінде» айтылды. Шараға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма, департамент өкілдері қатысып, мекемелердегі бос орындар тізімін ұсынды. Ары қарай оқыңыз

Ана тілі және отбасы байқауы мәресіне жетті

4Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ана тілі және отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. Бір жарым айға жуық қаламыздағы 35 балабақша байқауда бақтарын сынап, тілдің мәртебесін арттыруға үлестерін қосты. Байқаудың мақсаты — еліміздегі әрбір отбасы мен қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау болатын. Ары қарай оқыңыз