Тараздағы тойда ақындар Хан Кененің басын елге әкелуді сұрады

Тараздағы тойда ақындар Хан Кененің басын елге әкелуді сұрады

Қазақтың тағдыр талайына куә болған Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтті. Әулиеата елі қазан айының 6-9 жұлдызында 30 мыңға тарта қонақты барша жөн-жоралғысымен күтіп алып, сый-құрметімен аттандырып салды. Тек қана бір шоғырдың ғана емес, тұтас қазақ тарихының таразысы іспеттес Тараз шаһары төрт күн бойына сонау Моңғолия мен Қытайдан туған бесіктің иісін аңсап, сарыла жеткен қандастарымыз бен еліміздің түкпір-түкпірінен ат сабылтқан жұртшылықтың дүбіріне толды. Ары қарай оқыңыз

Ғасырлар тоғысындағы Шымқала

Ғасырлар тоғысындағы Шымқала

Еліміздегі үшінші қала мәртебесіне талпынған Шымкент Қала күнін тойлауды бастап кетті. Биыл Қала күні бір жеті тойланады. Әр күн дербес атауға ие болып, соның аясында тұрғындардың шаһарға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятатын тәрбиелік мәні бар мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бұған қоса, Шым шаһар республикадағы ең көне қала атағын алуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек: «Тарихшы археолог Бауыржан Байтанаевтың зерттеуіне қарасақ, шаһарға 2200 жыл толып отыр екен. Бұл атақты алу үшін бүгінде БҰҰ-на тиісті құжаттар жіберілді. Егер ол жақ мақұлдаса 2017 жылы Шымкент 2200 жылдық тарихы бар қала атанып, торқалы тойды кең көлемде атап өтуіміз мүмкін» – деді,  журналистермен басқосуында.  Ары қарай оқыңыз

Төлебиде түйеқұс өсіріледі

Төлебиде түйеқұс өсіріледі

 

Ленгер қаласына – 70 жыл

Төлеби ауданының орталығы Ленгер қаласының отыз мыңға жуық тұрғыны бар. Көмір кеніші ретінде ашылып, қалаға айналған Ленгердің құрылғанына биыл 70 жыл толды. Шаһардың негізі 19 ғасырдың 70-жылдарында қоңыр көмір өндіретін шағын кеніш ретінде қаланған. Мұнда түрлі ұлт өкілдері қоныстанған. Еңбекшілер қаласы тоқырау заманынан дін аман өтіп, халықтың әлеуетін көтеру үшін кәсіпорындарды көптеп ашты. Оның басым бөлігі қаламен құрдас. Ары қарай оқыңыз

Оңтүстіктің өнерпаздары темір тұлпар мініп қайтты 

Оңтүстіктің өнерпаздары темір тұлпар мініп қайтты 

Батыс жұртшылығын өз өнерімен тәнті еткен оңтүстіктің өнерпаздарына үлкен сый-құрмет көрсетілді.  Анығырақ айтсақ,  облыстық мәдениет басқармасының ұжымы  дайындаған «Қазыналы Оңтүстік» атты бағдарламасына тәнті болған атыраулық ағайындар өнер майталмандарына темір тұлпарды сыйға тартты. Жайықтың жағасындағы үш күнге ұласқан мәдени күндері мерекесіне күнгейден ат терлетіп барып, батыс жұртшылығының ыстық ықыласына біз де бөлендік.

Ары қарай оқыңыз

Шымкенттің жолдарында апат көп

Шымкенттің жолдарында апат көп

«Шымкенттен шыға берістегі жолдарда кептеліс көп. Көшелерді кеңейтіп, жүк көліктерінің қозғалысын реттеу керек». Көптің көкейінде жүрген жол қауіпсіздігі мәселесі облыстық және қалалық мәслихаттың кезекті сессияларында, тіпті облыс прокурорының алқалы жиынында да талқыға түсті.

Ары қарай оқыңыз

Арыстықтар жұмысына велосипедпен барады

Арыстықтар жұмысына велосипедпен барады

Тоғыз жолдың торабында орын тепкен Арысты «Орта Азияның қақпасы» деп те атайды. Осынау шағын қалада қазір 73 мыңнан аса халық тұрып жатыр. 5 мың адамға дейінгі 32 елдімекен бар. Жергілікті халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығы, мал шаруашылығымен айналысса, қала тұрғындары негізінен темір жол мен әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бір кездері тоқырау заманды бастан өткерген қаланың бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Дей тұрғанмен Арысқа қарасты елді мекендерде жол, ауыз су тапшылығы сияқты шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ал соңғы кезде өңірде өрт шығу жайттары жиілеп кетті.

Ары қарай оқыңыз

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Облысымызда ауылшаруашылығы саласын дұрыс жолға қоя білген өңірлердің бірі – Сарыағаш ауданы. Аталмыш аудан жер қойнауынан шығатын шипалы минералды суы мен сауықтыру орталықтарымен елге танылған. Бұдан бөлек, көкөніс пен бау-бақша өсіруге бейім өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін, арнайы ат басын бұрған едік.

Ары қарай оқыңыз

Әкім өз өнімімізді қолдайды

Әкім өз өнімімізді қолдайды

Облыс әкімі Сайрам ауданына барған іс-сапары барысында «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

Ары қарай оқыңыз

Шаруалар мақта бағасына алаңдайды

Шаруалар мақта бағасына алаңдайды

Мақтаралда ақ алтынды жинау науқаны басталды. Жағымды жаңалықты ести сала, мақталы өңірге аттандық. Ондағы мақсатымыз ақ алтынның құнын біліп, жиналуын бақылап қайту болатын. Одан бөлек, алқапта еңбек еткен ағайынмен жақынырақ сөйлесуді жөн санадық. Мырзашөлдегі ақ алтынды көріп, көңіліміз көншіді. Өнім аптап ыстықтан аман қалып, шаруаның еңбегі еш кетпепті. Терім науқаны басталып, алғашқы өнім жиналып та қойған. Алыстан мен мұндалаған мақта қабылдау пунктерінің есіктері де айқара ашық.

Ары қарай оқыңыз

Жаңа индустриялық нысандар бой көтеруде

Жаңа индустриялық нысандар бой көтеруде

Индустрияландыру бағдар-ламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов аталған аймақтардағы индустриялық аймақтарға жасаған сапары барысында айтты.

Ары қарай оқыңыз