Шаруаларға тегін жер беріледі

6e50e6c8f33cc5ff3d2819ba0a915383_bigШымкент аумағындағы жердің 62 219 гектары ауыл шаруашылығына пайдалану мақсатында берілген. Қалаға жақын маңдағы елдімекендердің қосылуы есебінен агроқұрылымдардың саны биылдың өзінде 3,5 мыңға артты. Қазір қалада барлығы 4152 шаруа қожалығы тіркелген болса, олар мал басын көбейтумен қатар өз өнімдерін шығарып жатыр.  Шымкент қаласының 2020 әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуда келесі жылдан бастап  біршама өзгерістер орын алмақ. Яғни, өнім көлемін арттырамын деген диқандарға қолдау көрсетілетін болады. Нақты қандай қолдау жасалады? Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбаймен осы және өзге де атқарылып жатқан жұмыстары жайында сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Мақтаны күрішке айырбастаған дихандар

E886D53A-09F4-4E1C-B37C-E35125254A81_cx0_cy0_cw0_w800_r1Заманында күріш өсіруден аты шыққан Шардара жұртының бүгінде сол шаруаны қайта қолға алғандарына көп уақыт бола қойған жоқ. Биылғы өнім көрсеткіші де жаман емес. Айталық, биыл шардаралық шаруалар 1 414 гектарға күріш егіп, 8460 тонна өнім алған. 30-дан астам шаруа қожалығы гектарына 60 центнерден күріш жинапты. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары А. Мақановтың сөзінше көрші елдің диқандары күріштің «Тәуелсіздік» сұрпын қайта өзімізден алып жатыр екен. Себебі, біздің шаруалар бұл сұрыптың сапасын жақсарта алыпты. Ары қарай оқыңыз

Қазақстан картасына енбеген қазақ ауылы

Sequence 05.Still064Сарыағаш ауданындағы шекаралы аумақта орналасқан Бағыс ауылының тұрғындары өздерінің қиын жағдайын айтып, редакциямызға хабарласты.
Айтуларынша ауыл жері 14 жылдан бері  Қазақстан картасына енгізілмей келеді. Салдарынан тұрып жатқан үйлерінің де заңды құжаттары болмай, бірқатар қиындықтар туғызуда екен. Жұрттың жағдайын білу үшін ауыл тұрғындарымен тілдесіп қайттық. Бағыстықтар ауылдағы ескі мектепке жиналды. Белгілі болғаны,  бүгінде елдімекенде  205 тұрғын үй бар болса, соның 17 –сі ғана Қазығұрт ауданына тіркеліпті. Өзге баспаналар Қазақстан аумағында заңды тіркелмеген. Ары қарай оқыңыз

Теріскейдегі әлеуметтік нысандар қатары толықты

лого

Теріскейдің экономикалық өсуіне едәуір үлес қосып отырған — «Қазатомпром» АҚ  бүгінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын көтеріп отыр. Әрі өндіріс орындары орналасқан аймақты көркейтіп, әлеуметтік нысандармен толықтырған болатын. Әр ауылда заманауи талаптарға сай аурухана, балабақша, мәдени-спорт кешендері бой көтеріп, халықтың қажетіне жарап тұрған. Енді сол нысандардың барлығы мемлекеттің меншігіне беріліп, қарашаға қолжетімділігін арттырды. Жағымды жаңалықты ести сала, теріскейге жол тарттық.  Ары қарай оқыңыз

Инновацияны жатсынбаған аудан

Инновацияны жатсынбаған аудан

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы — өнеркәсібі дамыған әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан да болар, биыл аудан инновациялық жобаларды жүзеге асыруда үздік деп танылды. Тамшылатып суғару әдісін ендіруден екінші, жылыжай саласын дамытудан үшінші орын иеленді. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал басын көбейткен «Сералы» ШҚ, республикаға белгілі «Ордабасы құс» күркетауық фабрикасы, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС, елімізге танымал «Аделя» шаруашылығына қарасты жылыжай кешенінің қарқынды жұмыстарын атап өтуге болады. Ордабасы ауданында атқаралып жатқан өзге де игі істер жөнінде арнайы іссапарда танысып қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз

«Agri Tek Shymkent-2015»

«Agri Tek Shymkent-2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

«Алтын күз-2015» мерекелік шарасы аясында «Agri Tek Shymkent — 2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Күнгейде төртінші рет ұйымдастырылған көрмеге қатысқандар көп. Онда отандық өндірушілермен қатар 10-нан астам шет мемлекеттен 70-ке жуық компания келіп, өз тауарларын ұсынды. Ары қарай оқыңыз

Шымкент алдағы бес жылда...

Шымкент алдағы бес жылда…

Облыс әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымшаһардың 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Қаланың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы, сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған. Ары қарай оқыңыз

«Қапланбек» шарап зауыты неге тоқтап қалды?

«Қапланбек» шарап зауыты неге тоқтап қалды?

Кезінде жылына 20 мың тонна жүзім сұрыпын өңдеп, танымал шарап түрлерін шығарған «Қапланбек» шарап зауытының қазіргі жағдайы мәз емес. Кеңес заманынан тоқырап қалған зауыт жекенің меншігіне өткенімен, өндірістің аяқ алысы алысқа бармай-ақ қойды. «Қапланбек», «Жібек жолы», «Ркацители», «Тамада», «Талас», «Портвейн», «Кагор», «Саперави», «Херис» — мұның бәрі аталмыш зауыттың жаңадан шығарған шараптары. Бұлардың әрқайсысының сапасы шетелдік өнімдерден кем емес. Оларға деген сұраныс та жоғары. Десек те, қазіргі кезде шарап зауытының жұмысы тоқтап тұр. Ары қарай оқыңыз

Субсидия мал басына қарай төленеді

Субсидия мал басына қарай төленеді

Қазіргі таңда елімізде мал шаруашылығын өркендетуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытамын дегендерге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен, алдағы уақытта дағдарысқа байланысты мемлекеттен берілетін көмектің қысқаратындығы жайлы жиі айтылып жүр. Ары қарай оқыңыз

Ең үлкен сауда-ойын сауық кешені салынбақ

Ең үлкен сауда-ойын сауық кешені салынбақ

Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38 га жер телімінде еліміздегі ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды.

Ары қарай оқыңыз