Биылғы жәрдемақы мөлшері

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға өсті, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады.

1,2,3 балаға берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы – 71 270 теңге.

2017 жылы 1 шілдеден 86 222 теңгеге өседі.
Төртінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері — 118 мың теңге.

2017 жылдың 1 шілдесінен – 142 947 теңгені құрайды.

Бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшері:
* Бірінші балаға 13 070 теңге
* Екінші балаға 15 452 теңге
* Үшінші балаға 17 812 теңге
*Төртінші және одан кейінгі балаларға 20 195 теңге

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш – 2269 теңге

Ең төменгі зейнетақы – 28 148 теңге

Күнкөріс деңгейі мөлшері – 24 459 теңге

Базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге

Ең төменгі жалақының мөлшері – 24 459 теңге.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері — 4459 теңгені құрайды.

Мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақының 1,05 есебінен 25 682 теңге.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *