«Бас» фантасмагориялық драмасына келіңіз

Құрметті Шымқалалық көрермен!

25-26-31 наурыз күндері сағат 19.00-де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Р.Отарбаевтың «Бас» — атты фантасмагориялық қойылымының ПРЕМЬЕРАСЫ болады.

Драманың негізгі оқиғасы – халқының азаттығы үшін бас көтерген қазақтың әйгілі ақыны Махамбеттің бас сүйегінің тағдыры жайында өрбиді. Ұзақ жылдар бойы ақынның бас сүйегіне зерттеме жасаған антропотолог, басқа елге көшуіне байланысты, «қажеті жоқ» деп санаған бас сүйекті бастыққа әкеліп, тапсырғысы келеді. Рухани құндылықты аяққа таптап — «қалта кұндылығы» алға түскен қоғам өкілі, ақынның басынан қарадай шошып, өзінен аластатып тастайды. Күндердің-күнінде, «ақынның бас сүйегін тапқан адамға көлемді сыйлық тағайындалған» естіген кезде есін жинап, бірінші боп қолға түсіруге жанын салады. «Құн» сөзін құнсыздандарып – «төлем ақыға» айналдырған бүгінгі қоғам басындағы «кейбір басшылар», кешегі ұлт үшін ары мен қанын садақа қылған аталарымыз қалдырған аманатқа адал ма?! Қаны «қазақ» деп соғатын адал жүректі ұрпақты сақтай алдық па?! Міне, осы төңіректе ой қозғайтын қойылымның жас ұрпаққа берері мол болмақ.

 

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *