Баланың өз үлесі бар

Бір кездері өз баласының тағдырына жауапсыз қараған әкесымақтарға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған. Алайда соңғы жылдары «Неке және отбасы» туралы заңына өзгерістер енгізіліп, алимент мәселесі шындап қолға алына бастады. Әрине, алимент балаға әке бола алмайды. Дегенмен мұның өзі ер адамның жауапкершілігін аз да болса сезіндіреді. Сонымен алимент төлеудің тәртібі қандай? Алимент түрлері және оны төлемеген жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл сауалдарға тиісті заңнамаға сәйкес жауап іздеп көрсек.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 20 тарауына сәйкес ата-ана кәмелет жасқа толмаған балаларын асырау туралы келісім-шарт (алименттер төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-баға алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Алимент төлеу туралы ата-анасының келісімі болмаған жағдайда, кәмелет жасқа толмаған балаларға қаражат берілмесе және сотқа талап-арыз жасалмаса, қамқоршылық және қорғаншылық органдары кәмелет жасына толмаған балалар үшін олардың ата-анасынан (екеуінің бірінен) алимент талап ету туралы арыз жасауға құқылы.

Баланың өз үлесі барАлиментті талап ету

Алиментті талап ету – бұл әр түрлі негізде өз еркімен төлем жасаудан жалтарған тұлғадан қаржыны еріксіз өндіріп алу процесі.

Ол сот бұйрығы немесе алимент талап ету туралы сот шешімі негізінде жүргізіледі. Яғни сот бұйрығы қарызгерді сотқа шақырмастан, жеңілдетілген тәртіпте жүргізіледі.

Сот бұйрығын беру туралы өтініш талап етушінің тұратын жері бойын-ша орналасқан сотқа беріледі.
Кәмелет жасқа толмаған балаға алимент талап ету туралы сот бұйрығы сотқа сот дауынсыз, қарызгер мен талап етушінің түсініктемелерін тыңдауға оларды шақырмайтын жағдайда, сот бұйрығын шығару туралы өтініш сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде сот төреші арқылы шешіледі.

Алимент талап ету туралы сот шешіміне шағым түсіру апелляциялық немесе кассациялық тәртіпте орындаушылық қағазын беруді тоқтатпайды.

Алимент алиментті талап ету туралы сот шешімі күшіне енген (сот бұйрығын шығару) сәттен емес, талап етушінің сотқа жүгінген күнінен бастап, яғни шағым арыз ұсынылған (сот бұйрығын беру туралы өтініш берілген күннен) күннен бастап тағайындалады.

Алимент – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты. Алимент төлеуге ұйғарылған төлем төлемшінің жалақысынан немесе басқа да кіріс көзінен алынады. Алимент талап ету процедурасы сот орындаушысының алимент төлеушінің қызмет ететін жұмыс берушіге орындаушылық қағаз немесе сот бұйрығын жолдау арқылы жүзеге асады.

Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.

Алимент кімдерге төленуі тиіс

Егер ата-анасы балаларын асырауға ақша ұсынбаса, бұл сотта келісіммен немесе ата-аналардың бірі алименттерді төлетуге сотқа талап бермесе, онда талапты қорғаншылық және қамқоршылық органына бере алады.  Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар, сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес, алимент төлеуге міндетті. Келісім негізінде алименттерді төлеу – алименттерді төлеудің ерікті тәсілі, ал сот бұйрығы бойынша, берілген талап-арыз негізінде – мәжбүрлі. Алименттен басқа ата-аналардан балаларды асырауға қосымша сомалар да шегерілуі мүмкін. Ерекше жағдайлар да бар  — ауыр аурулар, кәмелетке толмаған балалардың мертігуі немесе егер оларға бөгденің күтімі керек болса, кәмелетке толғандардың еңбекке жарамсыздығы.

Ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер

Кодекстің 147-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар бір-бірін материалды қолдауға міндетті. Баланы асырауға қаржыдан басқа ері, зайыбын немесе бұрынғы ері зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар. Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алимент төлетуге сотқа талап-арыз бере алады:

– еңбекке жарамсыз мұқтаж  ерлі-зайыптылардың бірі;

– жүктілік кезінде зайыбына және  ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;

– 18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын мұқтаж зайыбы, сондай-ақ ортақ балаға 18 жасқа толуы бойынша І-ІІ топты мүгедектік анықталған жағдайда.

Ал алимент мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды.

Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға да алимент төленеді

Кодекстің 143-бабына сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға міндетті. Бұл жағдайда келісім болмағанда алименттер мөлшерін сот отбасының материалдық жағдайына байланысты анықтайды және АЕК тең болады. Егер ата-аналарының арасында келісу немесе келісім болмаса, онда төлем тәртібі мен мөлшерлерін сот анықтайды, бұнда екі ата-анасының да материалдық жағдайы және өзге шарттары ескеріледі.

Баланың өз үлесі бар

Кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына алимент

Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз мұқтаж өз ата-аналарын асырауға және оларға қамқор болуға міндетті. Егер балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын келісім бойынша ерікті асырай алмаса, онда ата-аналар сотқа алимент төлеуді талап ете алады. Сондай-ақ барлық балаларға беруге болады, алайда өз міндеттемелерін орындамаған ата-аналар соттың оң шешімін алуы екіталай, ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар осындай алиментке мүлде үміткер бола алмайды. Жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа немерелері мен апалар, аталарының, тәрбиленуші-лер мен тәрбиелеушілердің және басқа отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері бар.

Алимент қандай мөлшерде төленуі тиіс?

Егер ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында алимент төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек. Егер алиментті төлеу туралы келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.

Алимент ай сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс:

– бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының (1/4) төрттен бірі;

– екі балаға – ата-анасының еңбекақысының немесе өзге табысының үштен бірі (1/3);

– үш және одан да көп балаларға – ата-анасының еңбекақысының немесе өзге табысының жартысы (1/2).

Кейбір жағдайларда осы үлес мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
Алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуші «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»  Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының  немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.

Сотта алиментті қалай өндіріп алуға болады?

Егер келісімге келу мүмкін болмаса немесе тараптардың бірі алиментті төлеуден бас тартса, онда сотқа өтініш беріп, алиментті мәжбүрлі төлеткізуге болады. Ол үшін жауапкер — ері немесе зайыбының тіркелу орны бойын-ша міндетті түрде сотқа талап арызбен жүгіну қажет  (ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 32-бабына сәйкес). Кодекстің 75-бабына сәйкес, егер ата-анасы өз міндеттерін орындаудан бас тартса, соның ішінде алиментті төлеуден қасақана бас тартса, онда олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

Алимент сотқа жүгінген сәттен бас-тап тағайындалады, ал өткен кезең үшін алдыңғы 3 жылдан артық емес уақытқа егер осы кезеңге дейін асырауға ақша берілмегені анықталса, талап етіле алады.

Айнұр Ақбаева

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *