Балаларды бір күн қорғаймыз

9 (2)

ОҚО-да 570 мыңға жуық оқушы бар

9-бет1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балғындар жыл сайын осы мерекені асыға күтеді. Сыйлықтар мен тәттілердің түр-түрін алып, қыдырып, небір қызықты ойындарға қатысатынын жақсы біледі. Биылғы мереке де түрлі тосынсыйлармен бүлдіршіндерімізді қуантты.

Балалардың ұшаққа отырып, оның тыныс-тіршілігімен таныссам деген арманын «SCAT» әуекомпаниясы мен «Сбербанк» ұжымы орындады. Балалар «SCAT» әуекомпаниясының ұшағында ұшқыштың кабинетінде болды.
Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов №4 балалар үйінде өткен «Бар мейіріміз – балаларға» атты мерекелік шарасына қатысты. Бүгінде мұнда 94 бала тәрбиеленіп жатыр. Облыс әкімі балаларды мерекесімен құттықтап, кітап, киім-кешек пен велосипед сыйлады.
Қаламызда үш бірдей балабақша ашылды. Соның бірі — 320 орынға арналған №62 «Ботақан» балабақшасының ашылуына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келді. Осы жылы тағы бір балабақша пайдалануға берілмек. Сөйтіп, балабақша кезегінде тұрған бала саны 5000-ға дейін азаяды екен. Еске салсақ, Шымкентте 87 мемлекеттік, 208 жекеменшік балабақша бар.
Осы к

үні облыстық қуыршақ театрында С.Маршактың «Теремок» атты қойылымының тұсаукесері өтті. Балалар қойылымды тамашалап болған соң, «Асфальтқа салынған сурет» сайысы өткізілді. Балабақшалар мен мектеп жанындағы жазғы лагерлердің балаларына М.Малдыбаеваның «Алтын балық» атты қойылымы мен А.Малюченконың «Концерт для Цокотухи» атты мерекелік қойылымын ұсынды.
Бала – біздің болашағымыз. Мереке қарсаңында бүлдіршіндерге өмірдің жылуын сезіндіріп, бар жақсылықты жасауда аға буындар аянып қалмады. «Қиял әлемі», «Орталық» саябақтарында балалар ән салып, би билеп, сурет салып, спорттық жарыстарда бақтарын сынады. Бұл күні қайырымдылық іс-шаралар арқылы жомарт жандар балаларға бақыт сыйлауға тырысты.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *