Балалардың несібесі

7 пособие«Әр бала өзінің несібесімен туылады» деген түсінік баяғыдан келе жатыр. Оның үстіне, балалы үйдің қызығы мен шыжығы да таусылмайды. Перзенті үшін кез келген ата-ана аспандағы айды әперіп, тауды қопаруға дайын. Доллар аспандап, теңге құлдыраса да, нәресте сүйгісі келетіндер заманның ешқандай сылтауына қарамайды. Себебі, бала — ертеңің, болашағыңды жалғайтын ұрпағың.

Биыл да жүкті әйелдер мен балалардың несі­бесі қаншаға артты? Жұмыс істейтін әйел мен жұмыссыз отырған үй шаруасындағы әйелдердің алатын жәрдемақысы қанша болмақ? Бұл туралы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚОФ директорының орынбасары Несібелі Қаражанова былай дейді.
— Жұмыс істейтін әйелдерге әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Әрбір жұмыс істейтін әйелдің айлық көлеміне байланысты және сақтандыру қорына аударылған төлеміне сәйкес есептеу жүргізіледі. Бірақ, ол жұмыс істемейтін әйелдерге төленетін төлемнен кем емес болады, егер де табысы төмен болған жағдайда, — дейді Н.Төреханқызы.
Айта кетейік, ҚР «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны есептеуге белгіленген айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге болып бекітілді. Ал, ең төменгі күнкөріс деңгейі 22859 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері 22859 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері 25824 теңге, ал, базалық зейнетақы төлемі 11965 теңге болып белгіленді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан тағайындалатын ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 65221 теңге, оған базалық 11965 теңгені қосқанда 77186 теңге болады.
2015 жылы зейнетақы есептеуде, орташа айлық табысты шектеу 81262 теңге (41 АЕК х 1982) болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол көрсеткіш 86961 теңге (41 АЕК х 2121) болды. 1 қаңтар 2016 жылдан зейнеткерлікке шығатындарға орташа табысының мөлшері осыдан артық болса да шектелетін болады.

16 жасқа дейінгі балаларға – 29946 теңге
16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға:

  • І топ – 40690 теңге
  • ІІ топ – 33146 теңге
  • ІІІ топ – 26060 теңге

Асырауында мүгедек баласы болған жағдайда баланың шешесіне немесе әкесіне, баланы асырап алған жағдайда қамқоршысына 2016 жылдан бастап 24002 теңге бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады.
Ал, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы», «І және ІІ дәрежелі» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар – 13575 теңге, бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар (оның ішінде жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында оқитын балалар 23 жасқа дейін) — 8824 теңге жәрдемақы алады. Сонымен:

Балаларға арналған жәрдемақы:

  • Отбасында бірінші, екінші, үшінші бала туылған жағдайда:
    31,41 АЕК, яғни 66621 теңге
  • Төртінші және одан көп бала туған жағдайда:
    52,35 АЕК, яғни 111 035 теңге

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін әйелдерге Республикалық бюджеттен тағайындалатын жәрдемақы:

  •  бірінші балаға 5,76 АЕК – 12217 теңге
  • екінші балаға 6,81 АЕК – 14445 теңге
  •  үшінші балаға 7,85 АЕК – 16650 теңге
  •  төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 18877 теңге

Дайындаған — Жансая СЫДЫҚБАЙ

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы 99 — 89 — 00

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *