Балабақшамен толық қамтылады

Бүгінгі таңда облыста 1452 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Олардың 340-ы мемлекеттік, 560-ы жекеменшік. Ал мектеп жанынан ашылған шағын орталықтардың саны – 466. Жыл соңына дейін тағы да 1200 орынға шақталған 95 бөбекжай пайдалануға берілмек. Өңірдегі бұл балабақшалар балаларды толығымен бөбекжаймен қамтуға қауқары жетеді ме?

30-003157 530. Бұл облыстағы балабақшамен қамтылған 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің саны. Ал, 77 мың бала балабақша кезегін күтуде. Күн сайын дүниеге жүздеген нәресте келіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш әлі де ұлғая берері сөзсіз. Одан бөлек мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орын алуға құқы бар тұлғалардың балалары тағы бар. Осыған қарап отырып-ақ, өңірде балабақша тапшы екенін аңғару қиынға соқпайды. Бірақ, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасындағылар өңірдегі балабақша тапшылығы мәселесін шешу үшін барлық жағдай жасалып жатыр дейді. Айтуларынша, 2010 жылы өңірде 1416 балабақша болса, 2014 жылы оның саны 36-ға көбейген. Биылғы жылдың соңына дейін тағы да 47 мемлекеттік, 48 жекеменшік балабақша ел игілігіне берілмек. Оған аудандардағы мектептердің жанынан ашылып жатқан шағын орталықтарды қосыңыз. Одан бөлек Арыс, Шымкент қалаларынан жекеменшік шағын орталықтар бой көтерді. Сонымен қатар, меншік иесіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша топ ашу қолға алынған. Бұған «Балапан» бағдарламасының тигізіп жатқан септігі зор екен.

30-001

 

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында 617 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда 61 507 бала тәрбиеленуде. Алдағы уақытта жаңадан ашылатын 48 жекеменшік балабақшада қосымша топтар ашылып, бірнеше мың балдырған бөбекжайға орналасуға мүмкіндік алады. Осылайша басқармадағылар 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды 80 пайызға, алдағы 5 жылда 100 пайызға балабақшамен қамтамасыз етеміз дейді. Бірақ, мамандар жаңа туған нәрестелердің саны күн сайын артып отырғандықтан, балабақша тапшылығы әрдайым да сезілетінін де жасырмайды.

Балаңызды балабақшаға кезекке қою үшін қалалық (жергілікті) білім бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсыру керек. 

— Белгіленген үлгідегі өтініш;
— Ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат;
— Баланың туу туралы куәлігі;
— Жеңілдікті растайтын құжат (бар болған кезде мектепке дейінгі балалар ұйымына бірінші кезекте жіберіледі).

Құжаттарды жергілікті ХҚКО тапсыруға болады.

30-002

Мектепке дейінгі мекемелерге бірінші кезекте орын алуға құқылы тұлғалар:

– Мүгедектердің балалары;
– Ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балалар;
– Жетім балалар;
– Көп балалы отбасынан шыққан балалар;
– Ауған соғысына қатысқан және әскери қызметшілердің балалары.

Айжан Ермекқызы

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *