Балабақшаға да, 1 сыныпқа да онлайн тіркейді

14939996_1814885418757817_4986112754731608053_oШымкент тұрғындары енді перзенттерін балабақшаға немесе 1 сыныпқа қабылдауды электронды түрде тіркей алады. Қаладағы фронт-офисте білім реформасына қатысты үш түрлі жоба таныстырылды. Білім жүйесін автоматтандыруға қатысты жобалардың негізгісі – сәбиді балабақшаға, ал баланы 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жүйесі болып отыр. Аталмыш жүйе бойынша бүлдіршінді балабақшаға онлайн түрде тіркеуге болады. Осылайша ата-ана электронды кезек алып, бос орын шыққан жағдайда баласы сонда қабылданады. 1 сыныпқа қабылдау да онлайн тіркеумен жүзеге асырылады. Газетіміздің бүгінгі санында Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен КДС Азия компаниясы әзірлеген «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесі» жобасын кеңінен таныстырамыз.

Қазіргі таңда перзентіңізді балабақша немесе мектеп кезегіне қою үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Немесе электронды үкімет порталынан тіркейсіз. Өтінімдер білім бөліміне келіп түскеннен кейін ғана арнайы комиссия балабақшаға жолдама беруді қарастырады. Балабақшаға жолдама беруді әр тоқсанда арнайы комиссиямен шешім қабылдап, ата-аналардың өздері келіп арыздарын жазады. Арыздардың негізінде жолдама алатын болса, енді қалалық білім бөліміне келмей-ақ электронды түрде сәбиін балабақшаға орналастыра алады. Сондай-ақ әр мекеме өздерінде босаған орынды есеп арқылы түсіріп отырады. Бұрын ата-аналар тоқсанына бір рет болатын комиссияны күтетін болса, енді ондай болмайды.

14940040_1814885568757802_2210720125018814492_oБалабақшаға жолдама алу үшін кез келген ата-ана кез-келген жерде үйінде отырып-ақ электронды түрде білім бөлімінің немесе әкімшіліктің сайтына кіру арқылы кезекке қою, сол жерден баласын қай балабақшаға орналастыру қажеттілігін, балабақшадағы орын санының бөлінуі туралы бірден нақты мәліметті алады. Қажет деп тапқан балабақшасы туралы, оның ішіндегі қызметкерлері, мекенжайы, білім сапасы, тәрбиелеу сапасы деңгейіне дейін толық деректі ала отырып, өзінің қажет етіп отырған балабақшадан бөлек бос тұрған қаладағы кез-келген балабақшаға кезек күтпей-ақ бірден алып кету мүмкіндіктері бар. Бұл жағдайда адами фактор мүлдем жойылған.

КДС «Азия» компаниясының өкілі Евгений Щербаковтың айтуынша, сайттан барлық балабақшалар туралы жеке-жеке мәлімет, фотосуреттері мен ондағы кезек санын, өз кезегіңіздің нөмірі мен өтінімнің жағдайын көруге болады. Жобаның басты артықшылы — өтінімдер тоқсан сайын емес, күн сайын қаралып, реттеледі. Және хабарландырудың бәрі де телефон нөміріне смс түрінде келеді.
Ата-ана арнайы сайтқа ұялы телефон нөмірімен тіркеледі. Яғни тіркелу үшін телефон нөмірді және электронды поштаны енгізеді. Сізге арнайы растау коды бар хабарлама түседі. Кодтарды енгізгеннен кейін ата-ана және бала туралы мәлімет толтыру жолағы ашылып, аты-жөні мен ЖСН нөмірі сұралады. Содан кейін балабақшаны таңдап, бар болса жеңілдіктерді растайтын құжатты жүктеуді сұрайды. Өтінім осылайша жіберіледі. Ары қарай баланың ЖСН нөмірімен кезек туралы біліп отыруға не броньдалған орын нөмірін алып, балабақшаға баруға болады.

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның сөзінше, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа заман талабына сай ақпараттық деңгейде электронды жүйеде көмек алу мәселелері қарастырылуда.
Жобаның екінші бөлігі, ол — баланы бірінші сыныпқа қабылдау. – Балаларды мектепке қабылдауда әсіресе білім көрсеткіштері жоғары мектепке деген сұраныс күшейіп, «балаларды қабылдағанда ақша алады, ақша беріп тұрғызады» деген сияқты түрлі арыз шағымдар білім бөліміне келіп тіркелді. Анонимді түрде де, жазбаша түрде де құзырлы органдарға түскендері де болды. Оны жасырмаймыз. Дәл осы арыздарды негізге ала отырып, бірінші сыныпқа баланы қабылдауды да электронды жүйе арқылы қабылдау басшылыққа алынды,-дейді қаланың бас педагогі.

14991265_1814885462091146_7729926501521108013_o

«Баласын бірінші сыныпқа беремін» деген кез-келген ата-ана арнайы сайтқа кіріп, балаларының мәліметтерін тіркей отырып, өздеріне қажет деген мектептерге орналастырады. Электронды кезекте жүргізу бірінші кезекте өзінің шағынауданына байланысты жүреді. Егер шағынауданынан тыс жердегі тамаша, үлгілі мектептерге бергісі келсе, ол мектептерге бөлінген артық орындарға үлгерген жағдайда ғана балаларын орналастыра алады.

Мектептегі бала саны сыйымдылығынан асып кеткен жағдайда ол мектептер қабылдауды тоқтатады. Әрбір мектепке келген балалардың құжаттары тіркеледі. Кез-келген бала мектепке қабылданған жағдайда электронды түрде тіркелген құжаттары негіздеме болып табылады.

Айта кету керек, аталмыш пилоттық жоба желтоқсан айынан бастап 10 балабақша мен 10 мектепте іске қосылады. Егер сәтті жүзеге асып жатса, 2017 жылдың басынан барлық білім беру мекемелерінде ендіру жоспарланған. Жобаның пилотты сайтына www.garden.msa.kz және www.school.msa.kz арқылы кіруге болады. Алдағы уақытта екі сайт Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қалалық білім бөлімінің ресми интернет ресурстарында ашылады.

Жәнібек НҰРЫШ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *