Бал аштыру дұрыс па?

maxresdefaultБүгінде көгілдір жәшіктегі жүгіртпе жолдың денін «жолыңды ашып беремін», «үйіңді бәле-жаладан тазалаймын», «дуаны қайтарамын» деген жарнамалар жайлаған. Дін өкілдері тәуіптердің ісін алаяқтыққа балап, мұны ақша табудың  жолы екендігін айтумен келеді.  Ақша табудың жолы демекші, жақында бір танысымның: Мүлдем жолым болмай жүр. Тәуіпке барсам, енең дуалаған. Сондықтан, ісің жүрмей, жұмыстан жолың болмайды екен. Жолың жабылған. Ашып беремін. Бірақ, 100 мың теңге бересің. Саған «магияны» қолданған. Оны қайтару өте қиын. Ертерек құтылмасаң өміріңе қауіп төндіреді, деп айтқаны бар.  Нан-пұлын әрең ажыратып отырған танысым ол тәуіптің «ставкасын» қалай да табамын деді… Енесіне деген ашу-ызасы бір бөлек, ұйып отырған шаңырағы да шайқалу алдында тұрды. Бұл бір ғана оқиға.

Балгерлердің «ставкасы»
Бүгінде адамдар ауырып-сырқаса немесе басына әлдеқайда іс түскенде бірінші балгерлерге жүгінетіні жасырын емес. Олардың жарнамасының да «күйіп» тұрған уақыты. Іздесеңіз қиналмай-ақ табасыз. Біз де солардың «жарнамасы» мықты біреуінің үйіне бас сұқтық.

Есіктен кіргеннен жылы сөздерімен айналып-толғанып, бөлмесіне кіргізді.
— Сізді, тұрмысқа шықпаған қыздардың жолын ашады екенсіз?
— Иә, алдымен келген қыздардың барлығы отбасын құрып, балалы-шағалы болып кетті. Осы күнге дейін алғысын айтып келіп тұрады.
— Маған да көмектесе аласыз ба?
— Бәрі де Құдайдың қолындағы іс. Мен тек себепшімін. Бірінші саған шаймен бал ашайын. Сосын не болатынын көреміз,- деді.

0000Абдулкарим
Абдулкамал,
Арыс қаласының бас имамы
Әлбетте, біз барлық емші, сынықшыларды даттаудан аулақпыз. Емші — ол дәрігер, араб тілінде тәбиеб дейді. Емші, сынықшылардың да арасында емшілікті терең зерттеп, неше алуан шөптердің тамырлары мен жапырақтарынан тұнбалар жасап, шыққан ағзаны қолмен ұстап, орнына келтіріп, Аллаһтың қалауымен емдейтіндер бар. Құран аяттарынан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйретіп кеткендей, дем салып емдейтіндердің де тірлігі шариғатқа қайшы емес.

 

Шыныаяққа шайын демдеп, соңына дейін ішкізді де түбінде қалған сәмесіне қарап, болашағымды болжай бастады. Жуырда ақ көйлек киесің, тойыңды көріп тұрмын, 3 балаң болады, — деп керемет болжамдарымен қуантып тастады. Өміріңнің соңына дейін бақытты ғұмыр кешесің деп риза етті. «Ертерек қам жасап, оқытылмасаң болмайды. Мен бұл жұмыстарды шырақпен істеймін. Оны шіркеуден арнайы алдыртамын. Оның біреуі 1,5 мың теңге тұрады. Маған үш рет келесің. Жұмысың жақсы болсын десең оған да арнайы шырақ бар», — деді.
15572183_19043Әңгіменің қысқасы, шыраққа 9 мың, балгердің жұмысы бар, барлығы 20 мың теңгеге жуық шығындалуым керек екен. Алайда, бұл бастамасы ғана…
Бұдан кейінгі жолымыз «кітап ашады» деген молданың үйіне түсті. Бұл бірінші барған балгер секілді емес, кіргеннен арабша жазылған кітабын ашып, құмалақтарын шашып, қара аспанды төндірді.
— Отбасыңда қиын жағдайлар болып жатыр екен. Біраз жылдардан бері баланың даусы естілмегесін, шаңырақтарың шайқалғалы тұр. Жақын туысыңның бірі сені көре алмай, дуа жасаған. Дуаны кетіру үшін ұзақ оқытыласыз. Алдымен, бір қара қой алып келіңіз, — деді.
— Мен тұрмыс құрмағанмын ғой? Бала туралы айтқаныңыз қызық болды дегенімде, «құмалаққа солай түсіп тұр» демесі бар ма? Сонымен бал ашу ары қарай жалғаспады…

Тыйым салынған

— Әрбір мұсылман баласы өзінің сенімінің ара-жігін ажыратып, толыққанды танып-білуі — өте маңызды саналады. Қазіргі кезде түрлі қоғамдық орталарда адам баласын әртүрлі жолдармен адастырып, өз пайдаларын іске асыру мақсатында: «Сен тура жолды таптың, жолыңды ашып, болашағыңды болжап, бал ашып берем», — деп алып-ұшып жүретіндер аз емес. Әлбетте, ондайлар үшін бал ашу — кеше де, бүгін де бизнес көзі. Ал, бұл басқалар үшін қасірет, олардың өздері үшін ақырет азабы. Бал ашу да, аштыру да шариғатта харам.
Өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болғандар, рухани күйзеліске ұшырағандардың көп жағдайларда өзін тыныштандыратын, жанға жайлы, құлаққа жағымды сөздер айтатын адам баласын іздейтіні сөзсіз. Алайда, кейбір жағдайларда иманы әлсіз оларға бақсы-балгерлер ең жақын адамындай көрінеді. Осылайша көңілі жүдеу жандардың жарнамасы құлақ жарар емші, балгерлерге барып, алдағы өмірінде не күтіп тұрғанын болжатып, соған қарай әрекет еткісі келеді. Көп жағдайларда бағын аштырамын деп барып, барынан айырылып, жолымды аштырамын деп барып, жолын жаптырып жатқанын да сезбейді, — дейді имам Абдулкарим Абдулкамал.
Сондықтан имам шариғатта тыйым салынған емшілік топтар бар екендігін айтады. Яғни,
— Сиқыр, белгісіз тылсым күш арқылы;
— Әруақ, рух, әулие күші;
— Әулие, ата-баба молаларына, кесенелеріне түнету;
—Сиқыршылық, белгісіз тылсым күш, аластау, жын арқылы емдегісі келетіндерден аулақ болуға кеңес береді.

Балгерге барудың күнәсі

445666601111111111111111111111Шариғатта балгерлерге барудың күнә екендігі айтылады. Айталық:
— Кімде-кім балгерге келіп бір нәрсе сұраса, оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді.
— Кімде-кім балгерге барып, одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса, оның дұғасы, қырық күн бойы намазы қабыл етілмейді.
—Намаз ең үлкен ғибадат болғандықтан, ғибадаттың ең үлкені қабыл болмаса, кішісі де қабыл етілмейді. Яғни, ол адамның намазы, құлшылығы, тілегі қабыл болмайды деген сөз. Ол адамға Алла Тағалаға жақындайтын есіктердің бәрі жабылады. Демек, балшыға барып жолымды аштырамын деген адам, керісінше өз жолын жаптырып жатқанын білмейді. Балшыға бару, біріншіден, харам, екіншіден, ғибадаттың барлық түріне жол жабады.
— Кімде-кім балгерге барса, ол Мұхаммедке жіберілген нәрселерге қарсы келеді.

Тәуіптер қалай болжайды?
Кейбір балгерлерге барғанда адамдардың аты-жөні, өткенінің ұсақ-түйегіне дейін айтып береді. Мұның өзі адамдардың тәуіптерге деген сенімін одан сайын күшейтеді. Олай болса, балгерлер өткен-кеткенді қалай болжайтындығын Абдулкарим Абдулкамал былай түсіндірді.
— Кей кезде балгерлердің айтқанының дәл келетіні рас. Бұны олардың жындармен байланыста болғанымен түсіндіруге болады. Жындар көбінесе рухани төмен, тәні лас адамдарға кіреді, сондай-ақ кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдап-арбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Жындар Алланың қалауымен берілген аса зор жылдамдық, әрі құдірет иесі. Яғни, жындар үшін мыңдаған шақырым жерге барып қайту бір мезеттің ісі. Қазіргі кездегі кейбір көріпкелдердің өзіне келген адамдар жайында толық мәлімет білуі — осы жындардың көмегі арқылы жүзеге асады. Көріпкел өзінің бойында керемет қасиет пайда болғандай сезініп, бұл сыбырлаушы екінші жақты оның аталары, әулиелер т.б. деп пайымдайды. Сөйтіп, ол өзін көріпкел, балшымын деп жариялайды. Расында, олар ешқандай тылсым қасиетке ие емес, жай өтірікшілер ғана.

Сіз не дейсіз?

Айнұр Сейітханқызы,
қала тұрғыны:
Бал аштырудың соңы жақсылыққа апара бермейді. Олардың сөзі кейде кейбір отбасындағы адамдардың арасын арандатып, ұрыс-жанжалға дейін апаратын оқиғаларын естіп жатамыз. Өз басым емші-тәуіп жағалап, көмегіне мұқтаж болған емеспін. Осы жасыма дейін бал аштырмаппын да. Дұрысы, әркім рухани ой-санасы таза және ниеті түзу болса, мұндай жағдайларға жол бермейді.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *