Бағаны негізсіз қымбаттатқандар жазаланады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта бағамының төмендеуін пайдаланып, тауар, әсіресе, азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандар қатаң жазаланатынын ескертті.

Бағаны негізсіз қымбаттатқандар жазаланадыСонымен қатар, Елбасы Үкімет бағаның қымбаттамауын қатаң бақылауда ұстайтыныңда еске салған болатын. 20-тамыздан бас-тап еліміз теңге бағамының еркін айналымына көшті. Яғни, Ұлттық банк енді теңгенің бағасын қадағаламайды. Нарық валюта бағамын өзі белгілейді. Үкімет пен Ұлттық банк жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға кіріседі. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінде өткен шұғыл мәжілісте Оңтүстік Қазақстан базарлар ассоциациясының төрағасы Қайрат Балабиев мәлімдеді. Шұғыл мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе негізінен сауда қатарлары мен базарларда күнделікті тұтыну тауарларының бағасын өсірмеу жөнінде болды. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан базарлар қауымдастығына 40 базар мүше болып кірген. Жиын барысында 200 сауда мекемесімен жергілікті әкімдік тарапынан ұсынылған бағаны өсірмеу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Өз кезегінде Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғ.Әбдірахымов күніне базар бағасының мониторингін екі рет бағамдап, өзіне мәлімдеп отыруын тиісті сала мамандарына жүктеді. Сонымен қатар, «Айна», «Самал», «Евразия» базарларында сауда жасаушылар 3 ай бойына жалға алған орын үшін ақы төлемейтін болды.

Бағалардың күрт өсу фактілері бойынша ҚР ҰЭМ ТМР ж БҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 8(7252) 53-42-63 сенім телефоны арқылы хабарласуға және ресми өтініштермен шығуға болады.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *