Азық-түлікті ысырап етпеудің тәсілдері

Дастарханның молшылықта болғанын жақсы көретін халықпыз. Бірақ, ысырапқа жол беретіндер де аз емес. Азықтарды дұрыс сақтамағанда қоқысқа тастауға мәжбүр боламыз. Көп адам сақтау амалын тоңазытқыштан іздейтіні анық.

Бірақ, онда сақтаудың өз ережелері бар. Айталық, ағарғанды жоғарғы бөліне сақтайды, ал мұздатқышқа жақын бөлігіне балықта қояды. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жылжымалы сөресіне салады. Есігіндегі сөрелер ең жылы аумағы болғандықтан тез бұзылатындарды қоймайды. Сары май, жұмыртқа, кесілген лимонды сол жерге орналастырыңыз.

Пияз, алма мен алмұрт, кофе, кәді мен асқабақ, қауынды тоңазытқышта сақтамайды. Олар босап, көгеріп, жеуге жарамайды. Мысалы, алма мен алмұрт төмен температурада сақталса, этил газын бөліп шығарады. Шіріп қана қоймай, жанындағы азық-түлікті де зақымдайды.

Шұжық пен ірімшікті полиэтилен пакетке ораса, аз-кем уақытта-ақ бұзылады. Дұрысы, фольга қағазына орап сақтау.

Еттің сүйектері, қатқан нан, піскен еттерді тастамай, өзге бір дәмді асқа айналдырыңыз. Бұл үй бикесінің шеберлігіне байланысты. Нанды сүт пен жұмыртқаға малып, қызып тұрған майға (гренки) аунатып алыңыз. Көкөністердің қалдығы мен сүйектен сорпа дайындаңыз. Піскен етті қуырып, күрішпен беріңіз.

Амалын тапқан адам ысырапқа жол бермейді.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *